1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Мұсылмандардың Испанияны жаулап алуы



бет20/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
джт билет

Мұсылмандардың Испанияны жаулап алуы. VІІ ғасырдың соңында араб- тар Солтүстік Африкадағы Византия иеліктерін бағындырып, 709 жылы олардың алғашқы отрядтары Вестгот корольдігінің территориясына келіп түсті. Араб- тардан басқа жаулап алушылыққа Солтүстік Африканың жергілікті тұрғындары – берберлер де қатысты. 711 жылы олардың Испанияны жаулап алуы басталды. Вестгот əскері саны жағынан жауынан басым болғанымен, бірінші ұрыста-ақ жеңіліп қалды. 714 жылы корольдіктің барлық бекіністері берілді. Арабтар мен берберлер Пиренейден солтүстікке қарай барлық вестгот иеліктерін жаулап алды. Арабтардың франк патшалығына қарай ішкерелеп енуін Карл Мартелл тоқтатты.Вестгот корольдігінің əлсіздігі оның ішкі жəне сыртқы қайшылықтырына байланысты болды. Шаруалар ауыр мемлекеттік салықтардан бас көтере алма- ды, ақсүйектер болса үнемі таққа таласумен болды, тақты иеленудің дəстүрі əлі қаланбаған еді. Елдегі католик шіркеуінің ықпалы иудейлер мен ариандардың наразылықтарын тудырып отырды. Сондықтан тұрғындардың басым көпшілігі арабтардың жаулап алушылығына бейтараптылық көрсетті. Ақсүйектердің басым бөлігі арабтарға көмектесті. Арабтарға қарсылық тек жартыаралдың солтүстігін- дегі таулы аймақтарда ғана көрсетілді. Мұнда испандық-христиан мемлекеттері- нің негізі қаланды.755 жылға дейін мұсылмандық Испания Дамаск халифатының құрамына кір- ді. Билік Абассидтердің қолына өткен кезде биліктен аластатылған Омейядтар династиясының өкілі ІІІ Абд ар-Рахман ал-Андалусқа келіп бекініп, өзін «Əмір» деп жариялады. Оның астанасы Кордова қаласы болды. 929 жылы Абд ар-Рахман араб испаниясының өзге мұсылман мемлекеттерінен тəуелсіздігін бекітті. Өзі ха- лиф титулын алды. Х ғасырда ал-Андалустың саяси беделінің шарықтаған кезеңі болды. Дегенмен 1008-1031 жылдар аралығындағы феодалдық бытыраңқылыққа деген ұмтылыстар халифаттың бірнеше тəуелсіз князьдықтар-тайфтерге бөлініп кетуіне алып келді. Олардың арасындағы ірілері Кордова, Толедо, Севиль, Вален- сия, Сарагос тайфтары болды.Экономикалық тұрғыдан алғанда мұсылмандық Испания ортағасырлық Еуропаның гүлденген аймақтарының бірі еді. Оңтүстікте ирригациалық жүйелер жұмыс істеді, мəдени дақылдардың дəстүрлі түрлерімен қатар жаңа мəдени да- қылдар өсіріле бастады. Елдің орталық бөлігінде малшаруашылығы жақсы да- мыды. Басып алушылардың басым бөлігі қалаларға тұрақтанды, қолөнер-сауда орталықтары пайда болды. Ал-Андалус өзінің маталарымен, керамикасымен, тері мен темірден жасалған мүліктерімен танымал болды. Өзге мұсылман елдерімен қарым-қатынастың күрделілігіне қарамастан арабтық Испания Жерорта теңізінде белсенді сауда жасады. Мұсылмандық Испанияның ақшасы Үндістаннан Ирлан- дияға дейін танымал болды. Ал-Андалустың экономикалық гүлденуі ХV ғасырға дейін қаланы əскери жорықтардың орталығына айналдырып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет