&1 Орталық Азия ұғымының саяси-географиялық мәні. Тапсырма #1


&4. Орталық Азияда өркениеттің пайда болу факторлары



бет3/18
Дата03.11.2023
өлшемі85,45 Kb.
#121642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
&4. Орталық Азияда өркениеттің пайда болу факторлары.
Тапсырма #1
Еуразия даласында б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңында не пайда болды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) қолөнер
B) суармалы егіншілік
C) дөңгелекті көлік
D) малшаруашылығының жаңа түрі
E) киіз үй
Тапсырма #2
Ежелгі замандағы егіншілердің негізгі құралдарының бірін ата:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) балға
B) кетпен
C) күрек
D) ожау
E) балта
Тапсырма #3
Энеолит дәуірінде (Б.з.б. IV мыңжылдықта) Орталық Азияның оңтүстігіндегі егіншілер қандай шаруашылықты меңгерді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) омарта шаруашылығы
B) суармалы егіншілік
C) малшаруашылығы
D) тауарлы шаруашылық
E) жүзім өсіру
Тапсырма #4
Кетпенді егіншілік сөзінің мағынасы:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Кетпенді пайдаланбай егін егу
B) соқаны пайдаланып егін егу
C) күректі пайдаланып егін егу
D) Барлық құралдармен егін егу
E) соқаны пайдаланбай кетпенмен егін егу
Тапсырма #5
Еуразия даласындағы климат қашан өзгере бастады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Б.з.б. IV мыңжылдықта
B) Б.з.б. IV мыңжылдықтың бірінші жартысында
C) Б.з.б. IV мыңжылдықтың екінші жартысында
D) Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысында
E) Б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында
Тапсырма #6
Орталық Азия-
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) мезолиттік жайылымды өркениет
B) көшпелілер өркениетінің бесігі
C) этнографиялық материалдар қазығы
D) археологиялық деректерге негізделген өркениет
E) ауқымды аймақ
Тапсырма #7
Б.з.б. IV және ІІІ мыңжылдықтың алғашқы жартысында қандай климат болды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) атмосфералық қысымның жоғарылауы
B) жылы және құрғақ ауа
C) жылы климат
D) Батыс ауа массалары ауыспалы
E) салқын ылғалды климат
Тапсырма #8
Отырықшылық пен егіншілікке жерді суаруға арналған өзен жағалаулары:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Жайық, Есіл
B) Ертіс
C) Тобыл, Шу
D) Каспий
E) Әмудария, Сырдария
Тапсырма #9
Қуаңшылықтың әсерінен малдың қай түрін ұстау тиімді болды?
5 нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты тандаңыз:
A) түйе
B) сиыр
C) ешкі
D) қой
E) жылқы
Тапсырма #10
Орталық Азия бойынша алғаш рет дәнді дақылдарды өсіру қай мыңжылдықта меңгерілді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Б.з.б. VI мыңжылдықта
B) Б.з.б. IV мыңжылдықта
C) Б.з.б. V мыңжылдықта
D) Б.з.б. I мыңжылдықта
E) Б.з.б. VIІ мыңжылдықта
Тапсырма #11
Неолиттік төңкерістің маңызды қадамдарын ата:
5 нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты тандаңыз:
A) отырықшылыққа көшу
B) рухани мәдениеттің келісімділігі
C) егіншіліктің пайда болуы
D) зерттеулердің пайда болуы
E) номадистика саласындағы зерттеулер
Тапсырма #12
Орталық Азияда пайда болған ең алғаш өркениет:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) қолөнер
B) көшпелі өркениет
C) отырықшы - егіншілік
D) малшылық
E) көшпелі қоғам
Тапсырма #13
Малшаруашылығы мен егіншілік қандай экономика саласының пайда болуына әкелді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) өндіруші
B) пайдаланушы
C) кәсіпкерлік
D) дамытушы
E) шағын
Тапсырма #14
Алыс жерлерге көшіп-қону үшін аса маңызды рөл атқарған екі себепті ата:
5 нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты тандаңыз:
A) жертөлелер салу
B) атқа салт міну
C) малды қолға үйрету
D) дөңгелекті көлік ойлап табу
E) егіншілікпен айналысу
Тапсырма #15
Көшпелі малшаруашылығына көшудің басты себебі не болды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Егіншіліктің дамуы
B) Еуразия даласындағы құрғақшылық
C) Еуразия даласындағы ыстық климат
D) климаттық өзгерістердің тұрақсыздығы
E) өзен аңғарындағы судың қолайлығы
Тапсырма #16
Неолиттік төңкерістің себептерін ата:
5 нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты тандаңыз:
A) тұрғындар санының азаюы
B) археологиялық ескерткіштердің пайда болуы
C) тұрғындар санының артуы
D) көшпелілер өркениетінің пайда болуы
E) өндірістік дағдарыстың орын алуы
Тапсырма #17
Қуаңшылық неге әкеп соқтырды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) даланың шөбі қурап, жылқының азаюы
B) өзендерде балықтың көбеюіне
C) басқа да малдардың көбеюіне
D) салқын климаттық белдеуге
E) көгорай шалғынға
Тапсырма #18
Аймақтағы климаттың әсерінен көбейген мал түрі:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) жылқы
B) ешкі
C) сиыр
D) қой
E) шошқа
Тапсырма #19
Атқа салт міну үшін арналған құралдарды көрсет:
5 нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты тандаңыз:
A) қылыш
B) ер-тоқым
C) қамшы
D) таяқ
E) ат-әбзел


Тапсырма #20
Киіз үй қайда орнатылды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) жертөле үстіне
B) арба үстіне
C) тау бөктерінің баурайына
D) ағаш үстіне
E) тау баурайына
Тапсырма #21
Ірі өзендер маңы мен тау баурайларында пайда болған өркениет түрі:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) бау - бақша шаруашылығы
B) атқа салт міну
C) малшаруашылығы
D) омарта шаруашылығы
E) отырықшы - егіншілік
Тапсырма #22
Егіншілік алғаш қандай шаруашылықпен қатар жүрді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) жүзім өсіру
B) малшаруашылығы
C) тауарлы шаруашылық
D) ұлттық шаруашылық
E) омарта шаруашылығы
Тапсырма #23
Жиналмалы киіз түрі қай мыңжылдықта пайда болды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) б.з.б. V мыңжылдықтың соңында
B) б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңында
C) б.з.б. І мыңжылдықтың соңында
D) б.з.б. ІV мыңжылдықтың соңында
E) б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңында
Тапсырма #24
Дәнді дақылдарды өсіруге меңгерген:
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) арийлер
B) алтай - маньчжур
C) батыстар
D) жейтундықтар
E) шығыстар
Тапсырма #25
Жауын-шашын азайғандықтан шаруашылықтың қай түріне басымдылық берілді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) қолөнер
B) омарта шаруашылығы
C) малшаруашылығы
D) егін шаруашылығы
E) бау-бақша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет