52. Сын тұрғысынан ойлау сипатталған Ойлау туралы ойлану
53. Сын тұрғысынан ойлаудың тамыры Сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды
54. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді: 1.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру.
2. Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.
3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
55. Соңғы отыз жылда «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр.Бұл өзгерістерге қай жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларына ұсынылған Marland есебі түрткі болды.
1972
56. Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады: қабілеттері ортадан жоғары;
• тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
• жоғары деңгейлі шығармашылық.
57. Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы: 1) Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.
2)Заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды.
3) Ақпараттарды шұғыл өңдейді.
4)Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
5)Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
6) Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
7) Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
8) Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.
9) Проблемаларды анықтайды және шешеді.
10) Барлығына талдау жасайды.
11) Идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.
12) Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
13) Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға ұмтылады.
58. Бағалау деген не? Оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау).