68.Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты Оқушы қазіргіуақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.
69. Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар: • Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық бағалауды
оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.
• Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады, ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.
70. Коучинг деген не
Сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және
жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.
71. Рефлексия деген не Субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда,оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
72. Рефлексиялаушы практик (мұғалім) деген кім Өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру
әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
73. Сын тұрғысынан ойлау Қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын
тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын
көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы
мүмкін.
74. Талант деген не Ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзініңсонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәніменерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.