1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?



бет5/5
Дата17.10.2023
өлшемі24,91 Kb.
#117294
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 лекция

Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу – бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі – мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу.
Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мүғалімнің өзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.
Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады:
1. Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді.
2. Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады.
3. Шығармадағы көңіл-күй көтеріледі.
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.
Әр адамның өз дауысы болады, өйткені әр адамның өзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.
Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр.
Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: «Құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр. Кұмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді.» - деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер – оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер – құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі.
Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.
Ал дауыстың тембрі /құбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана құбылта оқу іске асады.
Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы – интонацияның орны бөлек.Интонация дегеніміз – сөйлеу сазы.Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден тұрады.Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні – фразалық екпін,ал ой екпіні – логикалық екпін. Сонымен, көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жан-дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.
Олар: дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.
Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер /пауза/ логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет