1. Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстыру



Дата20.02.2023
өлшемі22,25 Kb.
#69527

Тәрбие сағаты
Күні: 20.02.2023
Тақырып: «Қазақтың қаhарман қызы – Мәншүк Мәметова»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстыру.
2.Оқушылардың қазақтың батыр қыздарының ерлігіне қызығушылығын тудыру,өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.
3.Оқушыларды,елді жаудан қорғаған,елі үшін ерлік көрсеткен азаматтардв құрмттеуге,туған жерін сүюге,Отан үшін отқа түсетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: әр түрлі тақырыпқа байланысты суреттер, нақыл сөздер, А4 қағаз, маркерлер, қаламдар.
Сабағымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.Топ аттары “19 полкі” “72 полкі”.Бүгін біз Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы көбірек білетін боламыз. Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталғанын білеміз.Енді осы соғыстың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмірі туралы айтқым келеді.
Мәншүк 1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келген.Ерте ата-анасынан айырылып Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленген. Шын аты Мәнсия.Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған екен. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк медецина иститутында оқып жүрген.
1942 жылдың жаз айында Алматыдан аттанған бригаданың құрамында 4890 жауыңгер болса, оның арасында 2 қазақ қызы болды. Ол дәрігер Мәриәм Сарлыбаева мен Мәншүк Мәметова еді. Осы күні майданға аттанғандарды шығарып салуға қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев та келген болатын. Мәншүкпен бірге майданға оның құрдастары Әзілхан Нұршайықов, Райымбек Байсейітов, Нұржан Құсайынов, Сұлтан Жиенбаев, Тахауи Ахтанов аттанды. 100-бригаданың командалық құрамында командир қызметінде Сақтаған Бәйішев, Асқар Закарин, Мәлік Ғабдуллин, Ыбырайым Сүлеменов, Әбілқайыр Баймолдин болды.
Осы орайда Мәншүк Мәметованың майданан «әпкесіне» жазған хатына тамашаласақ. Видеоролик
Тапсырма: «Батыр» сөзінің мағынасын ашып,кластерге топпен орындайды. Өз ойларын тақтада қорғайды. Кластер құрылады.
1942 жылдың жаз айында Алматыдан аттанған бригаданың құрамында 4890 жауыңгер болса, оның арасында 2 қазақ қызы болды. Ол дәрігер Мәриәм Сарлыбаева мен Мәншүк Мәметова еді. Осы күні майданға аттанғандарды шығарып салуға қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев та келген болатын. Мәншүкпен бірге майданға оның құрдастары Әзілхан Нұршайықов, Райымбек Байсейітов, Нұржан Құсайынов, Сұлтан Жиенбаев, Тахауи Ахтанов аттанды. 100-бригаданың командалық құрамында командир қызметінде Сақтаған Бәйішев, Асқар Закарин, Мәлік Ғабдуллин, Ыбырайым Сүлеменов, Әбілқайыр Баймолдин болды.
Тапсырма:Барлық сөздері М әріпінен басталатын бір-неше сөйлем құрау.
Мысалы:Мәншүк мемлекет мақтанышы.
Сабақты қорытындылау.
1943 жылдың қазанында Мәншүктің батальоны Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысатын болды. Бұл қатал ұрыста адам шығыны көп болып, кеңес әскері артқа шегінуге мәжбүр болады. Бірақ, кері шегініп бара жатқан жауынгерлер ұрыс алаңында жазғыз өзі қайтыс болған солдаттардың пулеметін түзеп жүрген қазақ қызын көреді. Кері шегінген жауынгерлер Мәншүкті өздерімен алып кеткісі келді. Бірақ, бойын батылдық пен ашу кернеген пулеметші қыз олардың дегеніне көнбей: «Өздерің бара беріңдер, егер мен кетсем, сендерді кім қорғап қалады» деп қарсылық білдірі. Ақыры, Мәншүк көнбеген соң, олар өздері кетуге мәжбүр болады. Міне, Мәншүк Мәметова майдандастарын жалғыз өзі осылай қорғап қалады. Даңқты батыр қаза тапқаннан кейін 6 ай өткен соң оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 100-бригаданың командалық құрамында командир болған Мәлік Ғабдуллин Батыр Мәншүктің майдандағы өшпес ерлігін дәлелдейтін құжаттарды қайта рәсімдеуге қол жеткізіп, КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
Рефлексия:Қолымыздағы стикерге сабақта алған әсәерімізді жазып онымен бөлісеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет