Суым, суым, суым-ай Бетімді менің жудың-ай Алмадай бетім қызарды Таза болдым шіркін-ай.
№13
№14 1. Ояну Балапандар тұрайық Көзімізді ашайық Жан-жаққа біз қарайық Бір күлімдеп алайық. Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут) Созылу.
Б.қ. арқада жатып қолымызды жоғары көтеріп басымыздан асырап төсекке түсіреміз, көзімізді ашып жұмамыз ( 2- 4 рет) 2. Гимнастикалық жолдан жүру Алашадан жүрейік Жүрісті біз түзейік Шымыр болып шынығып Тез-тез басып өсейік 3. Тыныс алу жаттығулары Қолға шарды аламыз, Қатты, қатты үрлейміз. Уф-ф-ф, Уф-ф-ф... Қатты үрленген шарларды Кейде жарып аламыз «Шар жарылды»
4. Жуыну жолдары Сылдырлайды мөлдір су Мөлдір суға қолың жу Жуынсаң сен әрдайым Аппақ бетің маңдайың
1.Ояну Ұйқымызды ашайық Қолымызды созайық Енді қане бәріміз, Жаттығуды жасайық. -Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жанға созу, сермеу) -аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). - күннің көзі күлімдеп шыға бастады, гүлдер , құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар қолдарын жоғары созып бұлғау)
2. Гимнастикалық жолдан жүру Әдемі журеміз Шынықсын өкшеміз