Суым, суым, суым-ай Бетімді менің жудың-ай Алмадай бетім қызарды Таза болдым шіркін-ай.
№ 21 1.Ояну Көздеріңді ашыңдар, Кірпіктеріңді көтеріңдер. Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар, Бір - біріңе жымиыңдар, Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар, Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер, Іштеріңді тартыңдар, Көңіл күй көтерілді, 2. Гимнастикалық жолдан жүру Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. Массаж жасау білеміз. Арнайы жолдармен жүреміз. 3. Тыныс алу жаттығулары Қолға шарды аламыз, Қатты, қатты үрлейміз. Уф-ф-ф, Уф-ф-ф... Қатты үрленген шарларды Кейде жарып аламыз «Шар жарылды» 4. Жуыну жолдары Сылдырлайды мөлдір су Мөлдір суға қолың жу Жуынсаң сен әрдайым Аппақ бетің маңдайың