1. Паразиттердің бейімделуі. Бейімделу. Паразиттердің морфофизиологиялық бейімделуінің жіктелуі



бет2/2
Дата24.11.2022
өлшемі31,68 Kb.
#52322
түріСабақ
1   2
Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімі.
Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды. Табиғи ошақтық аурулардың бірнеше ерекше белгілері болады:
1) олардың паразиттері адамның катынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;
2) олардың таратушылары болып жабайы жануарлар саналады;
3) олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде — ошақтарда кездеседі.
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) - табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері — иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.
Лейшманиоздың табиғи ошағы - лейшманиямен зақымданған тышқандар мен олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт жерлер саналады.
Табиғи ошақтар адамдар үшін өте қауіпті. Егер кездейсоқ адамдар сол ошақтарға бара қалса (экспедиция, аң аулау, орманшылар т.б.) онда таратушылар сол паразиттерді адамдарға жұқтыруы әбден мүмкін.
Трансмиссивтік аурулар деп қоздырушылары әртүрлі буынаяқты-лардың көмегімен (кенелер, қан сорғыш жәндіктер) берілетін ауруларды атайды.
Облигатты-трансмиссивтік ауруларда – қоздырушылар тек қана арнайы тасымалдаушы буынаяқтылардың көмегімен таралады.
Факультативті-трансмиссивтік аурулар – тасымалдаушылармен және азық, су, тікелей жанасқанда беріледі. Сондықтан, тасымал механикалық және арнайы болуы мүмкін.
Табиғи ошақтылық трансмиссивтік аурулар болғандықтан, табиғатта адамның қатысуынсыз үздіксіз тасымалдаушы буынаяқтылар арқылы ұзақ уақыт (ұрпақтан ұрпаққа) беріліп отырылады.
Жануар (адам) табиғи ошақтылық ауруларға келесі жағдайларда шалдығады:
А) жануар өлексесімен тікелей жанасқанда немесе кәсіпшілік ауру аңдардың (оба, туляремия, лейшманиоз, токсоплазмоз) терісін сыпырғанда, ластанған су, азық, тағам, жайылымда қалған сұйықтықтар (Ку-қызбасы) ішке түскенде.
Б) жабайы аңдардан үй малдары жұқтырып адам олармен жанасқанда.
В) қан сорғыш буынаяқтылар арқылы (орман энцефалит, пироплазмидоздар, спирохетоз, боррелиоз) таралады.
Паразиттік өкілдердің өмірлік циклі ұғымы.
XVII ғасырда, яғни ғылымдардың дамуына байланысты, ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, паразиттердің және еркін тіршілік ететін жануарлардың ортақтық және айырмашылық белгілері байқалды. Оған дейін паразиттерді жеке топқа бөліп және олардың пайда болуына кейде жұмбақ мәні берілген, яғни паразиттер иесінің денесінде өздігінен пайда болды делінді. Алайда, паразиттерді жануарлар патшалығы жүйесіне қосуына байланысты пиаразит түсінігінің дәл анықтауын қайта құрастыру қажет болды.
Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (Leuckart, 1879). Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз – бұл бір организм басқа организмде қорек және баспана табатын тірі организмдер.
Лейкарттың анықтамасына сүйенетін болсақ, паразиттің негізгі ерекшеленетін басты белгісі - оның қоректену тәсілінде, кез - келген организм (паразит) екінші бір организмде тіршілік ете отырып, (жыртқыштық қоректену емес) оны өлімге ұшыратпай сол организм есебінен қоректенеді. Паразит иесін (құрбанын) өлтірмей онымен бір тұтас тіршілік етеді, жыртқыш жануарлардан басты айырмашылығы осы белгісінде. Лейкарттың - анықтамасы бойынша паразиттердің кейбір түрлерінде ғана паразитизм шекарасы бұзылады, егер мысалы паразиттік тіршілік ететін сүліктер, қорек көзін өзінен ірі әрі күшті организмдерден алса, алайда өзінен кіші немесе әлсіз организмдермен тең келген жағдайда сүлік нағыз жыртқыш ретінде саналады. Паразиттер өз иесінен кіші әрі әлсіз болады.
Келтірілген мысалда паразитизм бұл - жыртқыштың бір формасы ретінде қарастырылса, жыртқыш пен оның құрбаны (жертва) денесінің мөлшеріне негізделген қарым – қатынас болады.
Ал паразиттердің басқа организмнің денесінде тіршілік етуі Лейкарт үшін екінші ретті сипатта болды.
Аса үлкен биолог және паразитологияның негізін салушы Лейкарттың «паразит» анықтамасы биологияда мықты орын алып және оны біраз уақыт бойы паразитологтар ұстанып жүрді. Мысалы Коллери, (Caullery, 1922) паразитизм ұғымын былайша сипаттайды «организм тіршілігіне қажетті және қалыпты жағдай яғни басқа организмнің – (иесі) есебінен қоректеніп, жыртқыш пен олжасы тәрізді емес, сол организмді бүлдірмей тіршілік етуі».
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы).
Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін.
Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет