цепт (жалпы өзек ұғым) жекеленіп немесе жеке бір тілдегі концепт екінші тілге
де ауысып отыру үдерісі байқалады. Нәтижесінде бір тілде жоқ ұғым екінші тілге
кірме концепт арқылы қалыптасып, тілдік кірме жасалым туындайды. Басқаша
түсіндірсек, синхрониялық тілдік жасалымдар үнемі даму үстінде болатындығын,
одан біртіндеп диахрониялық жасалымдар қалыптасатындығын көрсетеді. Ен-
деше, синхрония өзінің тұрақтылығымен дамулық үдерісте болса, диахрония
дамымалылығымен өзінің тұрақтылығын түсіндіреді.
Тілдік өзгерісте, тілдік жасалымда синхрониялық сипат беруде диахрониялық
талдау қажетілігі туындаса, диахрониялық сипаттама жасауда синхрониялық тал-
дауды негізге алу мәселесі ескеріледі. Осындай тілдік талдау беруде ғана, яғни
синхрондық талдауда диахронияны қолдану қағидасында ғана (немесе керісінше)
ішкі тілдік өзгерістерді, тілдік сыртқы әсерлерді, т.б. айқындауға болады. Кез кел-
ген тілдік өзгеріс алғашқы тілдік синхронға тәуелді.
Қазақ тілі ғылымына қатысты танымдық лингвистикада концепт мәселесі ту-
ралы сөз қозғауда осы екі жақты талдау негізге алынғанда ғана тілдік жасалымның
өзегін тануға мүмкіндік туады.
Қазақ тілі жеке дара ұлт тілі болып өмір сүрумен бірге ғасыр бойы орыс тілін
қатар қолдануға мәжбүр. Бұған тарихи жағдайлар мен халықаралық қатынастың,
геоландшафттық шарттылықтарды, саяси өзгерістерді, басқа да тәуелділік
әсерлерді айтып жату артық болар. Мәселе – сол жағдайлардың әсерінен бо-
лып жататын, қазақ тіліндегі концептілердің негізінде қалыптасып жасалған
тілдің лингвистикалық тұрғыдан да өзгеріске ұшырауын дәлелдеп ашуда; тілдегі
концептілердің де өзгеріске түсуін айқындауда; тұрақты концептіден аралас
концептінің пайда болуын, одан тілдік өзгеріс болатынын белгілеуде.
Тіл ғылымында қандай кезеңде болсын тілдік өзгерістің болуы мәселесі
түрлі бағытта зерттеліп қаралды. Дегенмен, дәуірлік тілдік өзгерістің, дәуірлік
тілдік жаңа жасалымның болуында назарға алынатын мынадай мәселелер алда бо-
луы тиіс:
1) Тілдік өзгерістің жалпы шарттылық мәселесі; яғни тілдік өзгерістің болу-
ында шарттылықтың орын алуы;
2) тілдік өзгерістің қисындылығы (логикалық мәселе);
3) тілдік өзгерістің тарихилық мәселесі.
1) 1-мәселедегі тілдік өзгерістегі шарттылық дегеніміз – тіл өзінің
қолданыс барысында, сөйлеу әрекетінде-ақ заман ағымына қарай өзгеріп
отыратындығы. өйткені сөйлеу тілі, сөйлеу барысының өзі – шығармашылық
үдеріс. Тілдегі бардың қайта қопарылып жасалуы тілдің дамымалылығын
түсіндіретін диахронияның синхрониямен байланыстылығын көрсетеді. Жалпы
тілдік өзгеріс деген ұғымды қолдануда оның уақытқа қатыстылығы сөз етіледі, ал
уақыт қатыстылығына қарай тілде жаңа жасалымдардың болуы тілдік өзгеріс бо-
лып табылады. Мұндай жағдайда бір бірліктің орнына жаңа пайда болған бірлік
қолданыс табады. Мысалы, тілімізде нысана – нысан бірліктері қазіргі дәуірлік
тілімізде қатар қолданыс тауып жүр, бірақ осы екі сөздің алғашқы нысана сөзі син-
хронды түрде қолданылып келе жатқан сөз, әуелден бергі мағынасы – қандай да бір
атылуға арналған заттың жалпылық ұғымдағы атауы; мергендердің қолданылатын
сөзі, орыс тілінде сәйкесетін сөзі – «мишень». Қазір бұл сөз (нысана) дәуірлік
өзгеріске (диахрониялық даму нәтижесінде) түсуіне қарай және кірме концепт
(ұғым) арқылы тілдік өзгеріске, оның ішінде тұлғалық өзгеруге ұшырап, «нысан»
болып қолданылады. Сондай-ақ бұл сөздің ұғымдық мағынасы да кеңейді, басқа
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 3, 2012
3, 2012 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
156
157
тілмен айтсақ, полисемяланды, олай болса, мағыналық өзгеріске де түсті. Соны-
мен Нысана – көзделетін зат – сөзінен үш түсінік пайда болды:
ату нысаны (нысанасы – объектісі)
Нысан
құрылыс нысаны (объектісі)
зерттеу нысаны (объектісі)
Сондай-ақ бұл сөздің омонимдік қызметке де ауысуы бар:
түр (форма);
Нысан
нұсқа (вариант)
Нысана сөзінің қолданыстық ерекшелігінен оның сыртқы тұлғасы мен
ұғымдық, мағыналық өзгерісі синхронды сөздердің тұрақтылығымен қатар
дамымалылығын танытады. Бұл сөздің мағынасы кеңейді де, тарылды да, қала
берді, фонетикалық өзгеріске ұшырады; сөз соңындағы дыбыс (а) түсірілді,
бұл, тілдік ғылыммен түсіндірсек, ықшамдалу құбылысы немесе апокопа бо-
лып табылады. Дыбыс туралы ілімде апокопа мәселесі кірме сөздерге қатысты
болатындығы айтылады. Мысалы, араб тілінен енген сөздер тахт – тақ; араб
тілінен енген бахт – бақ болып қолданылып жүргені аян. Нысана сөзі бол-
са, өзінің пайда болған кезінен бергі дыбыстық қолданысында бола тұра, екінші
тілдің (орыс тілінің) бірге қолдануынан, ондағы обьект, вариант сөздерінің
ұғымдық әсерінен, яғни басқа ұлттық концепт арқылы тілдік құбылысқа түсіп,
жаңа концептіге, ұғымға сай апокопа жолымен туынды сөз болып жасалды.
Қолданыстық әсерден дыбыстық ықшамдалу үдерісі жүріп, бұл сөздің мағынасы
да өзгерді. Мағынасының кеңеюінен көпмағыналылық туындаса, тарылуынан
омоним сөздер жасалды: Нысан. Сонымен, бұл дәуірлік өзгерістің, бір жағынан,
шетел концептісінің (Объект концептісі) әсерінен туындаған жаңа жасалым бо-
лып табылады.
Алайда нысана сөзі тілдік айтылымнан біржола шығып қалған жоқ, нысан
сөзімен нұсқалас болып қолданыла береді. Орыс тіліндегі мишень сөзі өзінің тура
мағынасын сақтаған, ол обьект сөзімен деңгейлес болып қолданылмайды. Ендеше
нысана сөзін мишень сөзінің аудармасы деп алғашқы ұғымымен, мағынасымен
қабылдап, қолданамыз. Осылайша тілдік өзгеріс үдерісі тілдік орын басу үдерісін
көрсетеді. Бұл – бір бірліктің орнын екінші басқа бірліктің басуы деген сөз. Алай-
да мұндайда бірлік жай сырт тұлғасымен ғана емес, толыққанды қызметімен
де алдыңғы бірліктің орнын алып, ығыстырып шығарады. Нақтылай келгенде,
Нысана – Мишень; Нысан – объект; Нысан (түр) – форма, Нысан (нұсқа) – Ва-
риант.
Талданған мәселеде дәуірлік өзгеріс, кірме концептілікті ғана емес, тілдік
шектесімді де (интеграция) тануға болады. Тілдік шектесім аталған екі сөздің
орыс тілінің концептілік тұрғысындағы қатысынан ғана емес, орыс тілі сөздерін
қолданудан көрініс табады. Объект, вариант, форма сөздерінің қазақ тілінде
қолданыс табуынан бұл сөздердің аудармасын жасау қажеттілігі туындады, ныса-
на сөзі бірде осы тұлғасында, бірде нысан тұлғасында айтылып, ақыры соңғы тұлға
тұрақталды. Ендеше интеграциялық әсерден сөздердің тұлғалық, мағыналық,
әдебилік, ғылымилық белгілері жинақталып, синхрониялық-диахрониялық бай-
ланыста жаңа тілдік жасалымдар пайда болатынына көз жеткізуге болады. Сөйтіп,
Нысана сөзі 1) тұлғалық өзгеріс, 2) интеграциялық, 3) жаңа жасалымдық бағытта
дамып, өзгерді. Белгілі бір жағдайда екі сөз қатар қолданылуы да әбден мүмкін. Қазақ
тілі ұғымы сөздері бір жағынан, орыс тілі арқылы, екінші жағынан орыс тілімен
енген басқа шетел сөздер арқылы әуелгі ұлттық сөздерін «омонимдендіруге»,
«полисемияландыруға», тіпті орынсыз сөз қорын «молайтуға» мәжбүр болып
отырады. Әйтпесе, мәселен, Нұсқа сөзі ешқандай да Нысан сөзімен қатар айтыл-
май-ақ, бірден Вариант сөзін ауыстыруға (аударуға) мүмкіндігі бар, ұғымдық
қызметі толық сәйкеседі.
Сонымен, тілдегі өзгеріс экстрлингвистикалық шарттарға, себептерге
байланысты, оның ішінде тілдің өмір сүріп отырған қоғамдық шарттарына,
кез келген қарым-қатынастық сипатқа, белгілі бір жағдайда жеке тұлғалық
әлемге (психолгиялық сипатқа), әлеуметтік-экономикалық, саяси сипатқа
тәуелді болып келеді.
2) Тілдік өзгерістің қисындылығы (логикалылығы) тілде тарихилық
әсердің, шарттылықтардың мәжбүрлеуінен, тілдік қажеттіліктен туындайтын
жаңа жасалымдардың орындылығын түсіндіреді. Жоғарыда талданған мәселеде
белгілі бір аяда логикаға лайық жасалым туындады деп айтуға болады. Адам
өзінің тілдік қажеттілігін өтеу үшін ғасыр бойы қолданған сөзін халықаралық
байланыс, мәдени қатынас нәтижесінен (шарттылық) синхронияның дамулық
өзгерісіне түсіріп, сөздік құрамға жаңа бірлік әкелді. Мұндай құбылыс тілдік
тұрғыдан қисынды болса да, адам еркінен тыс жүреді, яғни ырықсыз болып оты-
рады. Бұдан тілдегі қарама-қайшылық теориясы жаңа сөз жасау негізі болады
деген қорытынды туады.
3) Тілдік өзгерістің тарихилық мәселесі. Тілдік әлемдегі бірліктердің
қолданыстық өзгерісін, табиғатын білуде синхрониялық сипатты танудан баста-
лады. Жоғарыдағы мәселеден тарихилық дамудың синхрондық және диахрондық
даму түрлерінің өзара байланысы көрінеді. Бұл тілдік өзгерістің тарихилық
мәселесін түсіндіреді.
Тіл ғылымында тілдің дамуын, өзгеруін тарихилық негізден тыс екі түрлі
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 3, 2012
3, 2012 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
158
159
себептің әсер етуінен деп түсіндіру бар. Ол – тілдік өзгерістің сыртқы әсері мен
ішкі әсері.
Әлемнің тілдік бейнесінде ішкі әсерден тілдік өзгерістің болуы. Тілдік
өзгерістің болуы ең алдымен адами қоғамдық ортаға, адамның мәдени, руха-
ни өміріне, ғылым мен өндірістің, техниканың дамулық жетістігіне, адамның
танымдық өмір сүру қабілетіне байланысты болатыны сөзсіз. ішкі әсерден бо-
латын тілдік өзгеріс елдің, халықтың тарихилық дамуына тәуелсіз жүріп отыра-
ды. өйткені ішкі өзгеріс ешқандай шектеуге түспейді. Бұл танымдық тіл ғылымы
үшін тілдік ішкі өзгерістің «панхроникалық» сипаты деп аталады. Қазақшаласақ,
адами дамулық сипат деп түсіндіріледі. Мұндай сипат тілде үнемі болады.
Адами ішкі әсердің тілдік өзгеріске қатысты болуы түрліше келеді де,
жіктеуге түсе алады:
1. Адамның физиологиялық ерекшелігіне байланысты тілдік әрекет
бейімділігінен болатын тілдік өзгеріс. Адам денесі құрылымының, ағзасының
биологиялық мүмкіндігі шексіз. Сондықтан адам ағзасы тілдік әрекет жасауға да
бейімделіп негізделген. Адам ағзасы тілдік әрекетпен болып жататын физиологиялық
барлық ерекшеліктерді таныта алады. Адам ағзасының ерекшелігіне қарай тілдік
әрекет арқылы болатын бірнеше тілдік үрдісті (тенденцияны) түсіндіруге болады.
Соның бірі – дыбыстық айтылымды жеңілдету үрдісі. Бұл үрдіс жер
бетіндегі, әлемдегі барлық тілде тілдік әрекет нәтижесінен болатын қиын /жеңіл
дыбыстық айтылымның болатынын сипаттайды. Бір тілдегі дыбыстық айтылым
келесі бір тілде белгілі бір дыбыстың қайталануынан немесе дауысты дыбыстардың
қатар келуінен, не қысыңқы дыбыстың басым келуінен айтылуға қиын соқса, енді
біреуіне оңай болады. Мәселен, қазақ тіліндегі ұ/ү, қ/ғ дыбысының айтылымы үнді-
еуропа тілдеріне қиын тисе, неміс тілділер үшін осындай ұқсас дыбыстарының бо-
луынан (қазақ тілінде – ұ/ү, а/ә, неміс тілінде – ǻ/ö, ÿ. ǽ), айту жеңілірек тиеді.
Француз тілділер ғ дыбысын оңай айта алады. Міне, осындай халықтық, ұлттық
ерекшелік адам ағзасының дыбыстық айтылым қабілетінің мүмкіндік мөлшерін
көрсетеді.
Сондай-ақ дыбыстық айтылымда қатар келген дауыссыз, не дауысты
дыбыстың белгілі бір кезеңдік қолданыстан кейін дыбыстық өзгеріске түсері
аян. Мұндайда екі дыбыс жымдасып бір дыбысқа айналады, не бірі екіншісін
ығыстырады. Қазақ тілінде дыбыстық өзгерістің болуы өз ұлттық тіл ішінде сирек
болып жатады. Мысалы: қазақ тілінің н, г дыбыстарының қатар қолданысынан ң
дыбысы пайда болды. Бұл – дыбыстық айтылымды жеңілдетудің адам физиологи-
ясы қызметінің бір ғана көрінісі. Әңгіме сөзінің бастапқы жазылуы Әнгіме болуы
тиіс. Мұндағы г дыбысы н дыбысымен әсерлесіп, н дыбысын ң дыбысына айнал-
дырды және г дыбысы естілуіне қарай жазылуда сақталды.
Осы сияқты дыбысты ығыстыру, не дыбыстардың жымдасуы түрлі
фонетикалық құрылымды кез келген тілде кездеседі. Бұның бәрі тілдегі
дыбыстардың айтылуындағы артикуляциялық қиындықты болдырмауды, жою-
ды, дыбыстық айтылымды жеңілдетуді дәлелдейді. Айтылымды жеңілдету
мақсатынан тілдік әрекеттен ассимиляция, диссимиляция, буын үндестігі
құбылысы туындайды. ғылымда тіл ғылымы, физиология, биология, нейрофизи-
ология тоғысында дыбыстық өзгерістік құбылыстардың болуы адам ағзасының
тілдік әрекет әсерінен болатын ерекшелігі деп түсіндіріледі.
Айтылғаннан тыс ішкі әсерден болатын тілдік өзгерістің басқа да үрдіс
түрі бар: тілдік өзгерістегі түрлі мәннің түрлі тұлғамен айтылу үрдісі (тілдегі
омонимдік ерекшеліктен алшақтауды сипаттайды; омонимдік құбылыстан
алшақтау үрдісі тілдің грамматикалық құрылысында да, сөздердің тұлғалық
бейнесінде де ұшырасады); тілдік өзгерістегі бірдей мәндегі, не мәндес сөздердің
бір тұлғамен айтылу үрдісі (бұл да – әлемдегі бар тілде болатын ерекшелік;
мұнда мағыналары бірдей, сырт тұлғасы өзгеше бірліктерді бірыңғайлау және
тұлғалары түрліше, қызметі мен мәні аздап ұқсас келетін бірліктерді бірыңғайлау
үдерісі жүреді); тілдік өзгеріс арқылы болған морфемаларды нақты ажыра-
ту үрдісі (негіз бен қосымшаның дыбыстық өзгеріс әсерінен тұтасуын ажырату
сипаты назарға алынады; мысалы: сосын – со-дан соң//со-нан соң – сол-дан соң –
сонсоң – сосын).
Тілдік бірліктерді (құралдарды) үнемдеу үрдісі. Бұл үрдіс тілдік өзгеріс
жасайтын ең қарымды үрдіс болып табылады, кез келген тілде кездесіп, қағида
түрі болып қалыптасты.
Тілдегі әрбір қолданылатын бірлік (құрал) өзінің нақты қызметін өтейді.
Тіпті қандай да бір тіл бірлігі өзінің нақты қызметін ғана емес, грамматикалық
құрылымның ішінде қосымша да қызметін көрсете алады. Мұндай мүмкіндік
қай тілде болсын бар. Бірнеше мағынаның немесе бірнеше қызметтің бір ғана
тұлғамен берілуі – тілде белгілі бір тәртіппен, жүйемен әуелден қалыптасқан
үдеріс, құбылыс. Егер бірнеше мағына, бірнеше грамматикалық қызмет түрліше
әрі бірнеше тұлғамен берілсе, тіл құрылымының жүйесін түсіндіру мүмкін болмас
еді әрі шым-шытырық күйге түсер еді.
Адамның физиологиялық тілдік бейімділігі сөйлеудің құралдарын,
бірліктерін, бөлшектерін қолданыста шектен асырмауды көздейді. Сондықтан тіл
де орынсыз қолданыстық тілдік құралдарды пайдалануға қарсы тұрады. Осыдан
тілде қарым-қатынас үшін, байланыс үшін тілдік бірліктерді, құралдарды нақты
жүйелі әрі үнемді пайдалану сөйлеу еркінен тыс, ырықсыз, өзінен өзі жүзеге асып
отырады.
Тілдегі сөздер, сөздік құрам ешқашан тілдік дыбыс санымен сәйкеспейді.
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 3, 2012
3, 2012 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
160
161
Тілдік дыбыстың сөз жасаудағы қолданыстық қызметін зерттеп қарастыру
мәселесі ешқашан қолға алынған емес, сондай-ақ ол мүмкін де емес болар. Себебі
тілдік дыбысты зерттеушілер, фонологтар, тілдік дыбыстың өзін қарастырғанмен,
оның дыбысталуын, қолданыстық қызметін, оның пайда болу тарихын, шығу тегін
қарастырған емес деп түсіндіреді ғалымдар.
Тілдік дыбыстың жалпы қолданыстық ерекшелігін, сөз жасаудағы қызметі
мен қолданыс жиілігін зерттеп қарастыру сөздердің жасалу негізін, себебін,
уәжін, сөздің мағынасы мен қолданысын, әлемнің тілдік бейнесі мен жалпы сөз
әлемінің бейнесін ашуға, тануға мүмкіндік береді. Бұл орайда үнем қағидасының
маңызын да білуге болады. Кейбір тілдерде үнем қағидасы негізінде бір тұлғадағы
(бір дыбыстық айтылымдағы) сөздердің жасалуы екпін қызметімен шешіледі.
Бұл жағдайдағы үнем қағидасының қызметі бір дыбыстың екі түрлі айтылымдық
қолданысы арқылы екі ұғым беру қызметімен көрінеді: орыс тілінде – зàмок –
замóк; қазақ тілінде – бөлме –бөлмế.
Қазақ тілінде дыбыстық тұрғыдан үнем қағидасының қызметін, көрінісін
жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың қолданысымен де тануға болады. Тілімізде
жіңішкелік белгісін – жіңішке дауыстылар, айыру белгісін жуан дыбыстар
атқарады. Сондықтан кірме сөздердегі «ъ» (айыру белгісі), «ь» (жіңішкелік белгісі)
таңбалары қазақ тілінің төл сөздерінде қолданылмай, бұлардың орнын, қызметін
жуан дауысты дыбыс пен жіңішке дауысты дыбыс атқарады: роль – рөл, ноль –
нөл, т. б. Қазақ тілінде жуан/жіңішке дауыстылар жоғарыдағы екі белгінің орнына
жүреді, сондықтан кірме сөздер де соған икемделіп айтылып, жазылады.
Тілдегі сөйлеу бірлігінің артық қолданысын шектеу үрдісі. Сөйлеуде
ойды жеткізуде шамадан тыс грамматикалық бірліктерді қолдану жиі кездеседі.
Бұл жағдай қай тілде болсын бар. Мысалы: мен үйге қайтамын деген қолданыста
жаққа қатыстылық қызметі екі түрлі бірлікпен жеткізілген: 1-жақты жекеше
түрдегі жіктеу есімдігі (мен), 1-жақты жекеше түрдегі жіктік жалғау (-мын). «Мен»
де, «-мын» да бір қызметті атқарады. Бұл – олардың тарихи негізінің бір екенін
түсіндіреді.
Жапон, қытай, монғол, манчжур, авар, лезгин, бирма, индонезия, т. б. тілдерде
жіктік жалғауын қолданбай сөйлейді, бұл грамматикалық бірлік уақыт өте келе
өзінен өзі қолданыста шектелген.
Тілдегі ішкі-сыртқы әсерлер (факторлар) ежелден келе жатқан сөздің неме-
се жаңа жасалған сөздің мазмұнына, қала берді, ұғымына да аса басым ықпалын
беруі мүмкін. Бұдан заман ағымына қарай белгілі бір ұлттың тілдік әлемі өз ішінде
қозғалыста болып, бір сөздер уақытша жойылып не ұғымы ауысып, тілдік өзгеріс
жүріп отырады. Заман ағымында тілдік ішкі әсер емес, сыртқы әсер басым ықпал
жасайды.
УДК 371.132
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГі
ЫРЫМ –ТЫЙЫМДАРДЫң ТӘРБИЕЛіК МӘНі
З.Ш. Шавалиева
Цель данной статьи в том, чтобы объединить школьное
экологическое образование и воспитание с народным воспитани-
ем, в том числе воспитать в ребенке хорошие качества через на-
родные поверья.
Актуальная проблема в развитии человека в нашем веке
зависит от экологической среды. Потому что человек и приро-
да – неразделимый натуральный организм. С этой точки зре-
ния, обеспечить развитие человека может биологический фак-
тор «природа» или экологическая среда. Экологическое образо-
вание влияет на детей в педагогическом плане.
Коррекция цели эколого-педагогической подготовки буду-
щего учителя требует нового содержания образования. Эколо-
гизация содержания преобразования предусматривает не только обогащение учебного
материала фактами, понятиями экологической направленности, но, прежде всего, позна-
ния учителем картины целостного процесса экологического образования, включающего и
знания о целях, процессе формирования экологической культуры, умения диагностики, кор-
рекции, управления процессом экологического обучения и воспитания. Таким образом, си-
стема экологического образования в целом должна быть направлена, во-первых, на подго-
товку профессиональных экологов, во-вторых, на овладение специалистами самых различ-
ных областей общей экологической культуры.
The purpose of this article is to combine the school environmental awareness and education
to public education, including a foster child through the folk beliefs of good quality.
Current problems is the development of man in this century addicted to ecological
environment. Because, man and nature are inseparable natural things. From this point of view,
to ensure the development of the human may be biological factor named «nature» or ecological
environment.
Correction purposes of ecological and pedagogical preparing of future teachers requires
a new curriculum. Greening content of organization not only the enrichment of educational
material facts, the concept of environmental focus, but most of all is understanding the whole
process of forming of teacher to environmental education, including knowledge of purposes and
the process of formation of ecological culture, diagnostic skills, correction, process control and
environmental education. From that, the system of ecological education must be directed at first
for preparing professional ecologists, the second is having specialists in different systems of
ecological culture.
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 3, 2012
3, 2012 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
162
163
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей,
жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында
негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мек-
теп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан,
табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Табиғатты қорғауға бағытталған
тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруда балалардың жас шамасын және олардың
психологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні зор. Жас ұрпаққа экологиялық
тәрбие беруді барлық тәрбие саласы бойынша кешенді жүргізіп, әрбір жұмыстың
нақты мазмұнына сүйене отырып, іске асыру қажет. Бүгінгі таңда табиғат – анаға
тіземізді батырып, көкірегін қарумен тілгілеп, қопарыс жасап, ойран салудан
табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айырылды, экологиялық дағдарыс жекелеген
ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік қасіретке, проблемаға айналып отыр. Табиғат –
ананы қорғау – адамзаттың парызы [1].
Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі бағыттары
Экологиялық тәрбиенің мақсат міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи
ортаның әсемдігін, мөлдірлігін көре, түсіне, сезіне, сүйе білуге үйрету, тұнық
ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен,
мейрімділікпен, сезімталдықпен, қатынас жасауға тәрбиелеу. Табиғат қазынасын
ұқыпты пайдаланып, аялауға, үнемдеп жұмсауға үйрету. Жас ұрпаққа табиғатты
қорғау мен байлығын ысырап етпеудің ғылыми негіздерін, басты заңдылықтарын
үйрету.
Ол төмендегідей экологиялық міндеттерді жүзеге асырады:
1. Табиғи ортаны сақтау: жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жа-
сау, қоректендіру, ұялар жасап, оны орнату.
2. Табиғи ортаны жақсарту: алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу,
айналасына ағаш егу, көшелерді, аулаларды, айналаны көгалдандыру.
3. Эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау.
4. Экологиямен айналысқан ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену.
5. Экология тақырыбына кештер, кездесулер, кітап оқушылар конференция-
ларын өткізу.
6. Экологиялық тақырыпқа дәрістер, әңгімелер, баяндамалар, сұрақ-жауап
кештерін өткізу.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы
қарым-қатынасын, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-
құлқын қалыптастыру. Қазіргі қоғамның саяси және экономикалық жағдайының
өзгеру кезінде, әлеуметтік үлкен өзгерістер байқалуда. Оның өзі қоғамда үлкен
проблемаларды тудырады [2]. Мысалы:
1. Қоғамда әлеуметтік жағынан адамдар бай, кедей болып бөлінгені анық
байқалуда;
2. Көпшілік жанұялық бірлігінің, түсінушілігінің бұзылуы;
3. Жасөспірімдер арасында қылмыстың, нашақорлықтың өсуі;
4. Жұмыссыздықтың әлі де белең алуы;
5. Діни ұйымдардың көбеюі;
6. Халықаралық экстремизм мен терроризмнің өрлеуі;
7. өз ана тілін, ұлтының салт-дәстүрін үйренуге ынта-жігердің аздығы.
Қоғамның осы кездегі қалыптасқан келеңсіз жағдайлары тәрбиенің мектеп-
те, жанұяда, қоғамда бүгінгі таңда ерекше орын алатындығын көрсетеді. Осы
мәселелерді ескере отырып болашақ егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде мына-
дай мақсат қою керек: дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі
биік, мәдениетті, парасатты, ар – ұжданы мол, еңбекқор, іскер, өзін-өзі сын көзбен
қарап дамыта алатын, саяси экономикалық жағынан жетілген, өмірде кездескен
қиыншылықтарды шеше білетін бойында игі қасиеттері бар адамдарды тәрбиелеп
шығару. Осыған орай оқушыны жан-жақты мәдениетті тұлға етіп қалыптастыру
үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жүйелі құрылуына ерекше
көңіл бөлген жөн.
Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Сыныптан тыс экологиялық жұмысының түрлері көп. Қандай формада
жүргізуді сынып жетекшісі таңдап алады. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие
жұмыстарының мектеп баспасөз кғонференциясы, мектеп радиогазеті, конкурстар
тақырыбы, ауызша журналдар, белгілі тақырыпқа әңгіме өткізу сияқты мәселелер
жатады. Бұлардың әрқайсысын тақырыбына қарай түрлендіріп отыру жетекшінің
шеберлігіне байланысты. Шамамен осындай тақырыптарға үлгі материалдар
беріледі және тақырыптық тізімдер көрсетіледі. Материалды тауып, оны жоспар-
лап алу- әр жетекшінің міндеті.
Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:
1. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру
ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстардың қандай түріне қатысқысы келеді,
қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс
түрлері мен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту
үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы, т. б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды
зерттеп білу қажет.
2. Оқушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да, оның қоғамдық
бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін,
адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білу керек.
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 3, 2012
3, 2012 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
Достарыңызбен бөлісу: |