1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Үйрену типтерінің классификациясы. Үйрену түрлері, деңгейлері



бет21/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

34. Үйрену типтерінің классификациясы. Үйрену түрлері, деңгейлері.
Үйрену— адамның белгілі бір білім жүйелерін, тиісті қимыл-қозғалыстар мен амалдарды меңгере алуы. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі — білім. Үйренудің адам және жануарларға ортақ негізгі үш түрі бар: сенсорлық, моторлық, сенсо-моторлық. Адамға тән үйренудің түрін когнитивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық үйрену арқылы — білім, моторлық үйренумен — дағды қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Үйренулер — адамның білімді, үйренулер мен дағдыны меңгеру үрдісі және нәтижесі.
Үйрену түрлері: Импринтинг (ағылш. Imprint – жадта
сақтау) – туғаннан дайын мінез-құлық формаларын пайдалана отырып организмнің нақты жағдайға тез, автоматты түрде, бір мезгілде (оқу процесінің ұзақтығымен салыстырғанда) бейімделуі.
Шартты рефлекторлық үйрену – жаңа мінез-құлық формаларының пайда болуы.
Операнттық үйрену – байқап көру және қателесу әдісі бойынша білімнің, іскерліктің, дағдының қалыптасуы.
Викарлық үйрену – басқалардың мінез-құлқын тура бақылау арқылы нәтижесінде бақыланған мінез-құлық формаларын өзіне алып, меңгеру.
Вербальдық үйрену – тіл арқылы тәжірибе жинақтау.
Үйрену түрлерінің әртүрлі жас кезеңдерінде байқалуы:
• Байқап көру және қателесу жолымен үйрену, реакция және еліктеу бала өмірінің
алғашқы күндерінде қалыптасуы мүмкін.
• Викарлы үйрену, еліктеу – 2-3 жаста қалыптасуы мүмкін.
• Когнитивті үйрену тәсілдері 5 жастан бастап қалыптасуы мүмкін.
• Инсайт жолымен үйрену 1,5-2 жастан бастап қалыптасуы мүмкін.
• Өз ана тілін меңгеру кезеңі 1,5 жастан – 3 жасқа дейінгі кезеңде.
• Шет тілін үйренуге қолайлы кезең 3 жастан 5-6 жасқа дейін.
•Ой жүгірту жолымен үйрену 12 жаста тиімді (нәтижелі), ол кезде адам
проблемаларға абстрактілі түрде олардың ішіндегі болжам мен қорытындыларды тексере келеді.
• Кәсіби ойлауды қалыптастырудағы сензитивті кезең – 20-25 аралығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет