38. Білім түрлерінің өзара байланысы. Білім параметрлері. • Білім түрлері
• Ұғым және терминдер
• Фактілер туралы білім
• Заңдар туралы білім
• Теориялар туралы білім
• Таным әдістарі мен іс-әрекет амалдары туралы білім
Білім түрлерінің өзара байланысы
Ұғым – заттар мен құбылыстар туралы санадағы бейне.
Пікір – бір зат туралы не мақұлдау, не теріске шығаруда көрінетін ой.
Ой қорытындысы – бірнеше пікірден жаңа бір пікір туындату тәсілі.
Дәлелдеу – ақиқаттағы дәлелденген басқа пікірлерді негізге ала отырып өз көзқарасыныңақиқаттығын дәлелдейтін ой.
Түсіндіру – зат, құбылысқа тән қасиеттер, құрылым, функцияларды негізге ала отырып, олардың байланыстарын заңды факторлар негізінде негіздеу.
Гипотеза – құбылыс немесе топты құбылыс жөнінде алдын ала шартты түрде ұсынатын ой; кейбір құбылыстардың бар екендігі туралы болжам.
Теория – белгілі ақиқат аймағы жөнінде мәнді байланыс пен заңдылықтар жөнінде тұтастай көзқарас қалыптастыратын білімді ұйымдастырудың дамыған формасы.
• Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары):
• Тану:
• Қайта жаңғырту;
• Түсіну;
• Таныс жағдаяттарда қолдану;
• Таныс емес жағдаяттарда қолдану;
• Бағалау.
• Меңгеру деңгейлері:
• Репродуктивті
• Родуктивті
Білім өлшемдері
• Білімнің кеңдігі –ұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату қабілеттілігі;
• Білімнің жеделдігі – әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық көрсету қабілеттілігі;
• Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу қабілеттілігі;
• Білімнің икемділігі – бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу;
• Білімнің нақтылығы және жалпылығы – жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға жақындату, жекені жалпыға ығыстыру;
• Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу;
• Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын, оның жүйелілігі мен өзара байланысын анықтау іскерлігі;
• Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б. туралы деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі.