1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Үлгермейтін оқушылармен психологиялық жұмыс ерекшеліктері



бет22/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

35. Үлгермейтін оқушылармен психологиялық жұмыс ерекшеліктері
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес.
Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда мектептегі басты мәселенің бірі болып табылады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптаспауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т.б.
Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруымыз қажет.
Ғалымдар үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуді зерттеп, өз тұжырымдарын айқындап көрсеткен. Солардың бірі, психолог ғалым А.М.Гельмонт үлгермеушілікті 3 түрге және категорияларға бөліп көрсеткен:
1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.
2. Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.
3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.
I категория - оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата - ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.
II категория - алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының
қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;
III категория - дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы
зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.
Осы мәселелерге байланысты белгілі психолог Ю.К.Бабанский мен В.С.Цетлинг өздерінің еңбектерінде үлгермеуші оқушылардың оқу мүмкіндіктерін зерттеп, үлгермеушіліктің екі себебін анықтады:
1. Сыртқы себепке білім берудің қоғамдағы әлеуметтік құнын жоғалтуы, ағымдағы білім беру жүйесінің тұрақсыздығын жатқызуға болады.
2. Ішкі себепке білім беруді ұйымдастырудағы ақаулықтар, балалардың денсаулығында байқалатын кемшіліктер және бала түйсігінің өте баяу дамуын жатқызуға болады.
Оқушының үлгермеу себептері келесі бағыттар бойынша анықтауға болады:
1. Педагогикалық (білім беру үрдісінде белсенділіктің төмендігі; білім берудің нәтижесінің төмендігі; сабақты жиі босатуы, оқытушы тарапынан көмектің аз берілуі; ата – аналар тарапынан балаға көмектің көрсетілмеуі);
2. Психологиялық (білімді жүйелі түрде меңгермеуі; тәртіпсіздігі; эмоциялық тұрғыдан байқалатын әлсіздіктері; оқыту үрдісіне ілесе алмаушылық (теория); танымдық қабылетінің төмендігі);
3. Физиологиялық (жалпы ағзаның әлсіздігі (аурушаң); жүйке жүйесінің әлсіздігі; көру, есту қабілеттерінің төмендігі; жүйке жүйесінен зақым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет