3. Зерттеутақырыбы, өзектілігін дәлелдеу Мәселедегі қайшылықтар тақырыпта көрініс табады, оның тұжырымдамасы бір уақытта мәселені нақтылайды. Мәселеден туындайтын тақырыптар нақты болуы қажет. Тақырыпты тұжырымдай отырып, автор ғылыми жұмыстың атауын қояды. Оның өзектілігі артықшылығымен, ғылыми мәнділігімен, болашаққа қажеттілігімен және бұрын соңды зерттелмегендігімен анықталады.
Тақырыпты сәтті тұжырымдау, мәселені зерттеудің негізгі шекарасын және түпкі ниетін нақтылайтынын атап көрсету керек. Сондықтан зерттеу тақырыбы,мүмкіндігінше, нақты әрі педагогикалық үрдіс құралдары мен шарттарына жақын болуы қажет. Ғылыми еңбектің тақырыбы зерттеушінің мәселеге қызығушылығынан, мәселенің өзектілігінен, болашақта нақты тәжірибелік мәліметтер алу мүмкіндігінен және арнайы ғылыми әдебиеттің болуынан туындайды. Тақырып, көп жағдайда, алдағы жұмыстың мазмұнын айқындайды. Ол зерттелетін саланың қысқа және нақты аспектісін ұсыну қажет. Басқаша айтқанда, тақырып бір сөйлемнен қорытылған жұмыстың мазмұны. Мысалы:
- «Төменгі сынып оқушыларының төмен үлгерімін түзетудегі ойын технологиясы»;
- «Төменгі сынып оқушыларының өзін-өзі тануында педагогикалық қолдау көрсету»;
- «Балалардың физикалық дамуын жұптық би арқылы жетілдіру».
Тақырып тұжырымдамасы өте ұзақ болмауы керек. Нақты тұжырымдалған тақырып зерттеу шекарасын белгілеп, негізгі ойды айқындайды. Тақырып таңдауда зерттеуші мемлекеттік және уәкілеттік нормативті құжаттардың талаптарына сүйенеді. Аталмыш талаптарда ғылымның маңызды салалары, бүгінгі және ертеңгі күнгі сұраныстары көрсетіледі.
Педагогикалық зерттеуге байланысты тақырып таңдауда жас ғалымға қандай жалпы кеңес беруге болады.
1. Зерттеу тақырыбы көкейтесті және қазіргі ғылымның қажеттіліктерін бейнелеуі қажет. Кейде көкейтесті тақырып іздеу сәнді тақырып іздеуге ұласып кетеді. Сәнді тақырып іздеп жүргенде, зерттеушінің қолынан келетін, теориямен тәжірибеде өте қолайлы тақырыптар, еленбей қалады. Мысалы, қазіргі уақытта оқушылар ұжымын тәрбиелеу мәселелелеріне, мектеп оқушыларын отансүйгіштікке, сұлулыққа, адамгершілікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге жеткілікті көңіл аударылмай келеді. Бұл мәселелер жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда өзге жолдармен шешілуде және терең әрі жан-жақты ұғынуды талап етеді.
2. Барлық педагогикалық зерттеулер, қарастырылатын мәселенің теориясымен тәжірибесіне ғылыми жаңалық әкелуі тиіс.
3. Педагогикалық зерттеудің тақырыбы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық үрдісімен тығыз байланысты болуы қажет.
Жоғарыда қарастырылған ғылыми зерттеудің сипаттамалары бірбірімен тығыз байланысты. Олар бірін-бірі түзеп, толықтырып отырады. Мәселені көтеру және тақырыпты тұжырымдау зерттеу көкейтестілігін түсіндіріп, мынадай сұраққа жауап береді: Неліктен бұл мәселені дәл осы уақытта зерттеу қажет? Бір жағынан тұтас ғылыми бағыттың көкейтестілігін, екіншіден белгілі бағыт бойынша тақырып көкейтестілігін айыра білген жөн.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні- оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Бұрын соңды зерттелген тақырыптардың ішінде бұл тақырыптың ең мәнді, маңызды екенін дәлелдеу қажет. Теориялық - қолданбалы сипаттағы жұмыстарда тәжірибелік және ғылыми өзектілікті айыру маңызды. Бұл жағдайда мәселе тәжірибе үшін өзекті болса, ғылым үшін өзекті болмауы мүмкін. Сәйкесінше, зерттелген жұмысты қайталайтын екінші зерттеуді жүргізбей, қолда бар нәрсені пайдалануға арналған шараларды жүзеге асырған жөн. Ғылыми тақырып екі жағдайда: біріншіден оның ғылыми нәтижесі тәжірибенің қажеттілігін қанағаттандырса, екіншіден, өзекті мәселелерді шеше алмайтын ғылым құралдардың орнын толтырған жағдайда, ғылыми бағытты және тұтастай зерттеу жұмысын өзекті деген қорытынды жасауға болады. Көкейтестілік белгілері жылжымалы, уақытқа, нақты, ерекше жағдайларға тәуелді.
Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Жалпы жағдайда көкейтестілік ғылыми ойлар және тәжірибелік ұсыныстар арасындағы қайшылық денгейін сипаттайды. Зерттеу көкейтестілігінің бұлтартпас дәлелі - шешімін кейінге қалдыруға болмайтын қоғамдық маңызды мәселелерді, яғни әлеуметтік тапсырыстар болып табылады.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Зерттеу проблемасы дегеніміз не?
2. Зерттеу тақырыбы ненің негізінде жасалады?
3. Қазіргі бастауыш білім беруде қандай проблемалар зерттеуді қажет етеді?