1. Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері Зерттеу проблемасын анықтау – ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі


Зерттеу проблемасын анықтау – ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі25,6 Kb.
#39727
1   2   3
Байланысты:
Педагогикалық зерттеу №3, №4

2. Зерттеу проблемасын анықтау – ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі
Педагогика саласында жүргізіліп жатқан зерттеулердің ауқымдылығына қарамастан, басым бағыттар бойынша жаңа зерттеулер ұйымдастыру ең негізгі қажеттілік болып қала береді. Мәселелердің негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт, адамды қоғам дамуында техника мен технологияны меңгерген, жалпы өндіруші күш ретінде, яғни ғылымның барлық жетістіктерін игере отырып, өз қызметінде көздеген мақсатына қол жеткізуі, оны әлеуметтенуді жүзеге асырушы және мәдениетті қалыптастырушы ретінде танумен байланысты. Осыдан қазіргі тұрақсыз қоғамда адам туралы ілім-білімді тереңдету мен оны тұрақтандыру шарттары маңызды міндет болып отыр.
Екінші бағыт, қазіргі балаларда айқын байқалатын психологиялық, әлеуметтік-психологиялық өзгерістерді терең зерттеу қажеттілігімен байланысты.
Үшінші бағыт, өсіп келе жатқан ұрпақтың тұлғалық дамуына байланысты жаңа пайымдауларды қарқынды іздеу, іс-әрекетінің сипатын, деңгейін анықтау. Бұндай ер жетуге әкелетін бірнеше себептерді білу қажет:
1. адамның тұлға ретінде қалыптасуының табиғи алғышартын ашу.
2. әлеуметтік ортаның және тәрбиелеу жүйесінің баланың тұлғалық дамуына тигізетін әсерінің сипаты мен ерекшеліктерін анықтау;
3. іс-әрекет субъектісі ретінде адамның тұлғалық даму үрдісінің мазмұны мен заңдылықтарын сараптау;
4. қазіргі әлеуметтік қоғамда жекешеленуді жүзеге асыру ерекшеліктерін, құралдарын, шарттарын айқындау.
Төртінші бағыт, оқытудың қолайлы мерзімін айқындай отырып, балаларға нені және қалай оқыту керек екендігін анықтау. Оқыту үрдісінің мазмұны мен мәні, құрылымы қандай болу керек, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісінің айырмашылықтарын білу қажет. Бұл ретте, білім беру, оны игерудің жаңа әдістерін ашу мен қатар, есею кезінде жасөспірім, біліммен іскерліктен басқа тұлғалық сапаға ие болуы маңызды. Бұнда өсіп келе жатқан ұрпақтың бойынан нақты ұлт, қазақ халқына тән жалпы тұлғалық құндылықтарды ашу мен тәрбиелеудің маңыздылығымен байланысты.
Бесінші бағыт, «ақпараттық жарылыспен» сипатталатын, қоғам дамуындағы шапшаң ілгерлеушіктермен байланысты түбегейлі өзгерген өмір кеңістігінде қазіргі баланың қалыптасуы және білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы мәселесімен байланысты: Бұнда бірінші орынға қойылатын міндеттер:
1. Қуатты ақпараттық ағынның, бұқаралық ақпарат құралдарының, бейне нарықтың және ғаламтордың балаларға әсерін айқындау;
2. Қазіргі жағдайда білім алуға деген қызығушылықты арттырып қоймай, білім алу үрдісінде қажетті ақпаратты дербес таңдай білуді қалыптастыратын білім беру үрдісінің педагогикалық-психологиялық негіздемесін іздеу.
Алтыншы бағыт, субмәдениеттің жастарға әсерін, баланың жаңа әлеуметтік байланыстарының құрылымы мен рухани дамуының белсенділігін анықтау, соның ішінде, өзін-өзі дамытуда педагогикалықпсихологиялық демеу көрсетуден тұрады.
Жетінші бағыт, бір жағынан жастардың ерік-жігерін тұрақтандыру мүмкіндіктерін қарастыру, екінші жағынан балалар қауымдастығында адамгершілік құндылықтарды қалпына келтірумен байланысты.
Сегізінші бағыт, қазіргі жағдайда әлемдегі болып жатқан өзгерістердің көп қырлылығы мен қиындығы, сонымен қатар, ұлтаралық қатынастағы педогогикалық-психологиялық өзгерісті зерттеу және адам бойындағы төзімділікті тәрбиелеумен байланысты.
Тоғызыншы бағыт, балалармен үлкендерге психологиялықпедогогикалық көмек көрсетудің теориялық негізін құрылымдауды кең көлемде анықтау қажеттілігімен байланысты. Психологиялық және әлеуметтік педогогикалық бейімдеу қызметінің жүйесін құру мәселесін қарастырумен байланысты.
Оныншы бағыт, болашақ ұрпаққа арналған психологиялық, психологиялық-әдіснамалық ғылыми-психологиялық оқу құралдарымен кітаптарды шығарудың негізін қалау және олардың жаңа ақпараттық технологиялармен, соның ішінде ғаламтормен байланысын анықтау болып табылады. Әрине, психологиялық-педагогикалық өзекті мәселелер шеңбері айтарлықтай кең. Қазіргі күні терең теориялық ұғынуды және тәжірибелік жұмыстың ауқымын кеңейтуді талап ететін педагогикалықпсихологиялық міндеттер мен тақырыптар көп.
Ғылыми ізденудің алғашқы кезеңі зерттеу саласын таңдаудан басталады. Таңдау объективті (өзектілігі, жаңашылдығы, болашаққа қажеттілігі) және субъективті (тәжірибе, ғылыми және кәсіби қызығушылықтар, зерттеушінің қабілеті мен ойлау деңгейі) себептерге байланысты болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, педагогикалық ізденудің саласы мен себебі жанжақты. Бұлар:нәтижені қамтамасыз ететін табысқа жету шарттары, немесе, керісінше, педогогикалық қызметтегі кемшіліктер, оқыту мен тәрбиелеудегі «тар мүмкіндіктер» болуы мүмкін. Зерттеудің өзектілігі зерттеушінің алдында тұрған міндеттер мен мәселелерді шешудің маңыздылығын көрсетеді.
Ғылыми жұмыстың бағытын таңдай отырып, зерттеуші зерттеу жұмысының келелі мәселесін анықтайды. Проблема және тақырып бір емес, бұлар мүлде әр түрлі ұғымдар. Проблема (грек сөзі problema - міндет, тапсырма) -шешімді талап ететін теориялық немесе тәжірибелік сұрақтар.
Тақырып (грек сөзі thema - ұсыну, зерттеу, талқылау пәні) - мәселенің қысқа-нұсқа тұжырымдамасы. Проблема - ғылыми теорияның бір элементі ретінде қабылданады. Бірақ ғылыми еңбектің тақырыбы мәселенің мазмұнын білдіруі қажет. Сәйкесінше, қорытынды біреу. Тақырыпты тұжырымдау үшін зерттеу жұмысының келелі мәселесін анықтау қажет.
Зерттеу проблемасы - ғылымда белгісіз жаңалықты ашуды, дәлелдеуді қажет ететін категория деп түсіндіріледі. Кейде, мәселе өзектілігі педогогикалық-психолгиялық міндеттің шешімі болады.
Ғылыми келелі мәселе - шешімді талап ететін қарама-қайшылықты жағдай. Ол еркін ұсынылмайды. Ол қарама-қайшылықты анықтау, ғылыми және тәжірибелік әдебиетті оқудың нәтижесі болып табылады. Сондықтан зерттеу мәселесін нақты анықтау маңызды. Бұл үшін: «Нені дәлелдеу қажет? Қандай білім, ғылым керек? Қазіргі ғылымда бұған қажетті білім бар ма? Болса, қаншалықты толық әрі жеткілікті?» деген сұрақтарға жауап беру керек. Басқаша айтқанда, зерттеуші ғылыми ізденістің бұрын соңды зерттеліп көрмеген саласында зерттеу жұмысын бастайтынына көз жеткізуі қажет. Осылайша, біріншіден, ғылыми мәселе еркін ұсынылмайтынын, оның ғылыми және тәжірибелік әдебиетті терең меңгерудің нәтижесі екенін; екіншіден, ол белгілі тарихи кезеңде қарамақайшылықты танып-білуді бейнелейтінін түсіну қажет. Тәжірибе мен теорияның арасындағы қайшылықтар - ғылыми келелі мәселенің мәні болып табылады.
Проблеманы тұжырымдау - бұл басты мен қосымшаны айыра білу, зерттеу пәні туралы ғылымда осыған дейін белгілі және белгісіз жайттарды анықтау. Профессор В.И. Загвязинскиидің пайымдауынша: «проблема - белгілі мен белгісіздік арасындағы көпір, нақты «белгісіздік туралы білім». Ғалымның зерттеу проблемасын дұрыс анықтауы - ғылыми жұмыстың жемістілігінің кепілі. «Біз мәселені нақты, толық тұжырымдай білгенде, ақиқатқа жақын боламыз». (У.Р. Эшби)
Сонымен, зерттеу проблемасын таңдау - қандайда бір ғылыми жұмыстың өте маңызды және қиын сатысы. Бұл қарқынды ойлану, салмақты зияткерлік қызметті талап ететін үрдіс.
Дегенмен, нақты тақырыпты тұжырымдау барысында өз көзқарасымызбен іздену аймағын таңдап алу маңызды. Бұл ғылымның даму қисыны болуы мүмкін. Мысалы, «педагогика және мектепке дейінгі білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша оқып жатқан шәкірттердің ғылыми жұмысының өзекті мәселесі келесідей тұжырымдалады: Ғылыми педагогикалық әдебиетті талдай отырып, салауатты өмір салтына байланысты мәселеге арналған зерттеулердің санына қарамастан, әлі де төменгі сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін педагогикалық улгілер жеткілікті емес. Жеке тұлғаның денсаулығына байланысты қоғамдық қажеттіліктермен қоғамның СӚС-ті ұстанатын әрбір мүшесі үшін қажетті жағдайдың жоқтығы арасында қайшылықтарды есепке алсақ, бұл зерттеу өте өзекті деген қорытынды жасауға болады. Бұнда мәселенің өзектілігі зерттеу тақырыбын анықтады: «Төменгі сынып оқушыларында салауатты өмір салтына қажеттіліктерін қалыптасытыру».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет