1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Педагогикалық шеберліктің ерекшелігін анықтау



бет16/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

20.Педагогикалық шеберліктің ерекшелігін анықтау
Педагогикалық шеберлік – болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара,психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің деңгейі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге сырылады. Ал, кәсіби шеберлік – мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлға қасиеттерінің жиынтығы. Педагогикалық шеберлікті көптеген ғалымдар ғылыми заңдылықтар мен озат педагогикалық іс-тәжірибенің, жалпы кәсіби мәдениеттің, тұлғаның жеке және шығармашылық қабілеттерінің даму және жетілу нәтижелерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Н.Ф.Маслова Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің дамуы және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолы жеткен жетістіктерінің жоғары сапасы
А.К.Маркова Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің жеке тұлғасы, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық іс-әрекеттің өзара үйлесімділігі
Педагогикалық шеберліктің ерекшеліктері: бағдарлық қабілеттілігі, педагогтік әдептілік, айқын сөйлеу, педагогтік техника, педагогтік тәуекелділік және т.б. сапалар болып табылады
Мұғалімнің кәсіби өсуінің келесі деңгейі педагогикалық шеберлік болып табылады. Шеберлік – бұл өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін әрбір мұғалімге қолайлы болатын оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары және үнемі жетілдірілетін өнер. Педагог өз ісінің шебері – бұл өз пәнін терең білетін, ғылым мен өнерге сәйкес салаларды жақсы меңгерген, жалпы және балалар психологиясына қатысты мәселелерді шеше алатын, оқыту мен тәрбиелеу әдісін жеткілікті түрде меңгерген білікті маман
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды,
моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың
бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре
білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін
қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен
талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер. Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет