1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Психология ғылымының философия ғылымынан бөлінуін дәлелдеу



бет15/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

18.Психология ғылымының философия ғылымынан бөлінуін дәлелдеу
Психология ғылымы -өмірдің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып келе жатқан практикалық мәні бар ерекше ғылым. Г..Эббингауздың айтуы бойынша психологияның ұзақ жылдар бойы жалғасқан өткен шағы бар, бірақта ол қысқаша тарихқа ие. Психология тарихы екі үлкен кезеңге бөлінеді: бірінші -философия, сонымен қатар өзге де ғылымдар негізінде, ең алдымен жаратылыстану негіздерінде психологиялық білімнің даму кезеңі; екінші-психология жекелеген ғылым ретінде дами бастаған уақыт.Олар уақыт бойынша өлшенбейді:бірінші кезеңде(б.ғ.д.6 ғасыр-19 ғасыр ортасы) 2,5 мыңға жуық уақыт аралығын қамтиды; екінші кезең-100 жылдан астам(19 ғасыр ортасы мен-қазіргі уақытқа дейін)
Ғылымдар жүйесінде психология ғылымына қандай орын беріледі. Психологиялық білім мұғалімге шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескере білуге, уақыттында оларда таным қызметінің жағымды дағдыларын қалыптастыруға,жаңа сезімдерді, ерік қайрат қасиеттері мен мінез-бітісін уақтында аңғаруға көмектеседі. Сонымен қатар психологиялық білім мұғалімге өзіне -өзі талап қою үшін және оқушыларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге қажетті сапаларды дамыту үшін қажет. Психикалық құбылыстарды ғылыми түсіну әрбір адамға өзінің жеке басындағы қасиеттерінің күшті және әлсіз жақтарын дұрыс айыруына бағыт береді. Жеке басындағы жағымды қаситеттерді ілгері дамыту, ал кемшілік жақтарын болдырмау үшін көмектеседі.
Осы айтылғандардың барлығы қазіргі психология ғылымдардың түйіскен жерінде екендігін дәлелдейді. Психология бір жағынан, философия ғылымдарымен, екінші жағынан, жаратылыстану ғылымдарымен, үшіншіден, әлеуметтік ғылымдармен байланысты аралық жағдайда орналасқан ғылым екенін дәлелдейді.
19.Педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін ашу
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес.
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ», -деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарамақарсылықтарын зерттеген. Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — исихология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл-ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологаялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет