1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Кәсіби педагогикалық этиканың ерекшелігін айқындау



бет13/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

16.Кәсіби педагогикалық этиканың ерекшелігін айқындау
Педагогикалық этика /әдеп/ этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принциптері өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез-құлық т.б. зерттейді
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлқына, іс қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдык адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады. Педагогикалық қызметте моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық қызмет пен қарым-қатынас тәрізді түсініктер этиканың жеке дара тарауына қатысты педагогикалық түйсіну тәрізді жекелеген түсініктерді бөле - жара көрсетеді.
Осындай санаттың ішінде кәсіби педагогикалық борыш, педагогикалық әділдік, педагогикалық ар-намыс және педагогикалық бедел бар.
Педагогиканық әділдік өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың іс қимылды бағалау және оған қатысты жауап рекциясының әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында; педагог обьективтілігінің өлшемін анықтау көбінесе педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе жалпы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдарламаланған педагогикалық қажеттіліктерді балалардың түсінбеуінде;
Педагогикалық әдеп құрамына адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі адамгершілік шығармашылық элементі енеді. Мұғалімнің адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың қоғамға қатысты нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі оқиғалар орын алған жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну; адамгершілік-педагогиналық нормаларға сәйкес ең үлгілі әрекетті таңдау қажеттілігі;
Педагогикалық тәртіп - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп - іс- қимылдын барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп - үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз.
Әдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді; өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған заттарын уақтылы кайтарады; айналасындағы адамдарға залал келтіретін , алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап қайталамайды; Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет