49.Психологияның дербес ғылым ретінде дамуын анықтау Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы – интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады.
19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық қыбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т.б.) эксперимент жүзінде әр-түрлі құрал-жабдықтың кӛмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады.
Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мәніні байланысты көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның өзекті мәселесі – материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған. Осы мәселе тӛңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика – тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді..