1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Педагогтың құзыреттілік іс-әрекетін дәлелдеу



бет44/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

50.Педагогтың құзыреттілік іс-әрекетін дәлелдеу
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түсінігі педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындықты және оның кәсіби сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың дайындығының мазмұны қандай да бір мамандық бойынша –педагог құзыреттілігінің нормативті моделі, кәсіби білім, шеберліктер мен дағдылар құрамын бейнелейді. Құзыреттілік сипаттамасы- бұл теоретикалық және тәжірибелік деңгейде талаптарды жалпылау.
Психологиялық-педагогикалық білім оқу бағдарламасымен анықталады. Психологиялық-педагогикалық дайындық әдіснамалық негіз жайлы білім және педагогика категорияларынан тұрады, тұлға дамуы мен әлеуметтану заңдылықтарын; тәрбие мен оқытудың технологиялары, мақсаттары, мәні; балалар, жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму заңдарын да көрсетеді. Ол мұғалім –тәрбиелеуші ойлауына негізделген. Психологиялық-педагогикалық және арнайы (пән бойынша) білім-қажетті, алайда кәсіби құзыреттіліктің жеткілікті жағдайы емес. Теоретикалық-практикалық және әдіснамалық білім, интеллектуалдық және практикалық шеберліктер мен дағдылардың алдын-алу болып табылады.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түрлері. Маман кәсібилігі нақты бір кәсіпке байланысты, кәсіби құзыреттілік түсінігі арқылы сипатталады. Құзыреттілік – адам қабілеттілігі мен шеберліктері арқылы белгілі бір еңбек функцияларына ие болады. Кәсіби еңбекті орындау жайлы айтқанда, оның жоғарғы деңгейде жүзеге асуы жайлы айтылады.Құзыреттілік- кәсіп талаптарына сәйкес дара сипаттама. Құзыреттілік жайлы адам еңбегінің нәтижелері жайлы айтуға болады. Кәсіби құзыреттілік педагогтың субъективті факторы болып табылады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі түсінігі мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін көрсетеді. Осылайша, педагог құзыреттілігі педагогикалық қызметтің теоретикалық және практикалық дайындығын жүзеге асырады.


51.Психологиядағы сана мәселесін түсіндіру
Сана мәселесі психологиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да психология тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. 
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: 
1) материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну; 
2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. 
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді
.Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары: 
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі). 
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі.
3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет