62.Тест әдісінің жүргізілу тәсілдерін талдау Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. «Тест» — ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Тестілеу — белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі — қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы.
Тест — жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетінің салыстырмалы көрсеткіште, сонымен қатар білімін, дағдысы мен шеберлігін өлшеуге арналған қалыптасқан стандартты тапсырмалар. Тест үлгілі түрдегі жағдайларды көрсетеді, олардың көмегімен жеке тұлғаның ерекшеленген белгілері анықталады.
Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдісі. Бір жағынан тест әдісін оқу процессінің радикалды жағдайының оның технолизация сына еңбек әрекетін төмендеуіне апарады десе, екінші жағдайынан педагогтардың ролін төмендеуіне, үшіншіден тесттер кейбір педагогика этикасын бұзуға әкелетініне айтып отыр.
Тест әдісі сонымен қатар балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүрізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмалары тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу» тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланьң ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тестер дейді. Мұнда әртүрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін, зерттелінушіге бүрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.