1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Эксперимент әдісін және оның түрлерін дәлелдеу



бет50/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

58.Эксперимент әдісін және оның түрлерін дәлелдеу
Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияның эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879).
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады: 1. Байқалатын объекті жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс; 2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); 3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай жүргізу; 4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау; 5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, эксперимент жүргізуде ашылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқутәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.
Табиғи эксперимент. Эксперименттің екінші бір түрі – табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологі А.Ф.Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда эксперимент жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады. Бір экспериментте III-IV класс оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Эксперимент жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, суреттер бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет