1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Зоо және салыстырмалы психология саласын түсіндіру



бет60/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

69.Зоо және салыстырмалы психология саласын түсіндіру
Зоопсихология – бұл жануарлар психикасы, жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым.
Зоопсихология мазмұнындағы басты назар эволюция барысында жануарлар психикасының даму мәселелерін бөліп көрсетуге, сондай-ақ эволюциялық дамудың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, жануарлар мен адамдарда психиканың жеке даму ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған.
Зоопсихологияның объектісі: жануарлардың жүріс-тұрысы.
Зоопсихологиядан басқа да ғылымдар жануарлардың жүріс-тұрысын зерттейді, мысалы, этология, нейрофизиология, физиология және бионика. Зоопсихология психикалық рефлексия процесін оның сыртқы әрекетінің өнімі ретінде қарастыра отырып, жануардың мінез-құлқы мен ақыл-ой әрекетінің барлық көріністер кешенін зерттейді. Яғни, жүріс-тұрыстың пайда болуы мен дамуының бүкіл психикалық аспектісін қарастыруға тырысады. Зоопсихология жүріс-тұрысты зерттеу арқылы жануардың субъективті әлемінің бейнесін «толықтыра» алады. Дәл осы аспект бойынша зоопсихология тірі организмдердің жүріс-тұрысын зерттеуге байланысты барлық басқа ғылымдардан ерекшеленеді, мысалы этология, салыстырмалы психология, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және т.б.
Салыстырмалы психология – адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының биопсихологиялық алғышарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық пен айырмашылықты, (адамның мінез-кұлқындағы әлеуметтік пен биологиялық мәселесі) зерттейтін психология саласы. Бұл мәселелерді зерттеу адам психологиясы мен зоопсихологияның (жануарлардың психикасы, шығу тегі, эволюция барысында дамуы және психикалық процестерінің онтогенезде қалыптасуы туралы ғылым) мәліметтерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орайда, жануарлар мен адамның психикалық қарекетінің гомологиялық және аналогиялық (ақиқат ұқсас және сырттай ғана ұқсас) компоненттері мен детерминанттары анықталады; бұлар олардың шығу тегінің ортақтығын және адамның арғы жануар тегінен алынғанын, сондай-ақ адамның мінез-құлқы мен психикасының әлеуметтік-тарихи факторлардың әрекеті нәтижесінде пайда болып, дамыған түбегейлі сапалық айырмашылықтарын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі уақыттағы маймылдардың амалдау, құралдармен әрекет жасау, табындық іс-әрекеті және т.б. психикалық функцияларын зерделеу негізінле адамның еңбек қарекетінің, адамзат қоғамынын, сөйлеуінің шығуының биопсихологиялық алғышарттарын анықтауға ерекше назар аударылады.
Салыстырмалы психология мәліметтерінің психология, философия, антропология және басқа ғылымдар проблемаларын шешу үшін елеулі мәні бар. Бала психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика үшін адамның, балалар мен жоғары сатыдағы сүтқоректілер балаларының мінез-құлықтарының салыстырмалы – онтогенетикалық зерттеу, баланың психикалық дамуының биологиялық негіздері мен факторларын талдау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет