1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулуды қарастыру



бет68/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

81.Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулуды қарастыру
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтан да әлемдік қауымдастықты айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Кәсіби білім беретін колледждердегі пәнді оқытуда оқушыларға көп жағдайда дайын білім ұсынылады. О
қыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттар іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды. Колледждегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - баланың білім игеруі кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу. Қоғамның денгейі қандай болса, колледждердегі білім беру сапасы да соған лайық болмақ.
Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың мақсаты анықталатыны, соған лайықты білім беру жүйесі құрылатыны, мақсат өзгерсе білім беру жүйесінің де өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Өйткені, қоғам - тапсырыс беруші, ал мектеп - осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Олай болса, еліміздегі нарықтық қатынастардың орнығуы жүріп жатқан жағдайда мектептегі оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсаттарының өзгеруі де заңды құбылыс.
Оқушы өсіп, дамып отыратын өзіндік тұлға. Оны оқыту субъектісі ретінде қарай отырып қана бейнелеу өнері, дүниетану, еңбек, математика оқытудың мақсаты мен міндетін нәтижелі іске асыруға болады. Сол себептен де Л.М.Фридман: оқыту мен тәрбиелеудің барлық күрделі міндеттерінің жүзеге асырылуы, оқушының қаншалықты мөлшерде өзінін оқу-тәрбиелік қызметінің субъектісі болуына байланысты - деп көрсеткен болатын. Сондықтан да, педагогикалық үрдіс барысында мұғалім-тәрбиеші басты ролге ие бола отырып, барлық уақытта оқушының қызмет субъектісі болуына ықпал жасауы тиіс
A.Е.Өбілқасымованың пікірінше, жеке адамның белсенділігі дегеніміз серпімді ізденімпаздық, ал ізденімпаздық - тұрақты белсенділік. Танымдық белсенділік пен ізденімпаздық әлеуметтік белсенділік пен ізденімпаздықтың түрлері болып табылады. Танымдык қажетсіну - белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі.
Демек, шығармашылық іс-әрекет жоғары дәрежеде белсенділік пен ізденімпаздықты талап етеді.
Шығармашыл тұлға әрқашан ізденісте, барлық жаңалықтардан хабардар жүру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет