32.Санадан тыс процестер теориясын түсіндіру Санадан тыс - саналық еріктік бақылау мен формальді логикалық ойлауға бағынбайтын тұлғаның шығармашылық міндеттерді, проблемаларды, жағдайларды шешудегі психикалық белсенділігінің деңгейі. К.С.Станиславский бұндай психикалық белсенділікті, саналық, санадан тыс бос шығармашылық процесті айта отырып, санадан жоғары белсенділік деп атаған. Бұдан әрі П.В.Симонов санадан тысты шығармашылық интуицияның механизмі ретінде қолданған. Сөйтіп, санадан тыс түсінігі ойламай жасалатын психикалық белсенділіктің екі формасын бөліп көрсетеді: сананың көмегінсіз - психикада көрінгенді түсінбеу, санадан тыс - жаңа білімді жасаудың түсінуге бағынбайтын шығармашылық, алгоритмделмейтін процесі.
Бейсана – санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы, бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Бейсаналық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бейсаналықты динамикалық ығыстыру» терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады