41.Педагогикалық қарым-қатынастың түрлерін қарастыру Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады
Вербальды қарым-қатынас- бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөйлеу барысында, әсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде,тілінің мәдениеттілігі үлкен роль атқарады.
Мүғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да маңызды. Мысалы А.С. Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, әр- түрлі көңіл күй жағдайына сәйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс
- адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырьн дауыс - жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынасарқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушы- лардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Интерактивті қарым-қатынасадамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады.
Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы
жағдай жасалуы көзделеді.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады.