1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Педагогика ғылымындағы «кәсіби құзыреттілік» ұғымына сипаттама беру



бет38/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

44.Педагогика ғылымындағы «кәсіби құзыреттілік» ұғымына сипаттама беру
Кәсіби құзыреттілік – оқытушының педагогикалық әрекеті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне оқытушының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни білім алушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, оқытушының білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б. жатқызамыз.
«Кәсіби құзыреттілік» адамның өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық анықталады. Педагогтің кәсіптік құзыреттілігі ол жалпыланған білімнің, дағдының және қабілеттіліктің, біліктілік пен іс–әрекет біртұтас және жүйеленген жиынтығы ретінде қарастыруға болады, өйткені ол педагогтің білімі мен дағдыларын іс жүзінде, кез–келген ортада, кәсіби міндеттерді шешу немесе күнделікті өмірде қандай да бір үрдістерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығы.
Педагогикалық əдебиеттерде құзыреттіліктің төмендегідей түрлері көрсетіледі:
 түрлі ақпарат көздерінен білімдер алу тəсілдерін меңгеруге негізделген өзіндік танымдық ісəрекет саласындағы құзыреттілік;
 азаматтық-қоғамдық іс-əрекет саласындағы құзыреттілік (азамат, сайлаушы, тұтынушы ролін орындау);
 əлеуметтік-еңбек іс-əрекеті саласындағы құзыреттілік (өзінің кəсіби мүмкіндіктерін бағалай алу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары т.б.);
 тұрмыстық саладағы құзыреттілік;
 мəдени-демалыс саласындағы құзыреттілік (бос уақытты тұлғалық сұраныстарға жауап беретін талаптарға сай ұйымдастыра алу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет