83.Педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрыс формасы және оның компонентін қарастыру Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп, өзөзімен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айрылады. Сондықтан, педагогикалық техника, әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет. Педагогикалық техниканың өзі мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен байланысты және ол мұғалімнің сырт келбетінен білінетін құрылым. Педагог шеберлігі-мұғалім жан дүниесінің мәдениеті мен сыртқы келбетінің көркемдігін көрсетеді.
Сонымен, техника - қабылдау болып табылады. Оның құрамына сөйлеу және вербальды емес қарым-қатынас жатады. A. П. Черняевская бойынша, педагогикалық техника - мұғалім іс- әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.Педагогикалық техника, педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гармониялық себеп болады.Педагогикалық шеберлік - педагогтың ішкі мақсатының бейнелі, мәнерлілігі мен рухани мәдениетінің синтезі.
“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:
Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:
-өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
-көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);
-әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);
-сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:
-дидактикалық;
-ұйымдастырушылық;
-конструктивтік;
-коммуникативтік біліктілік;
-талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;
-педагогикалық қарым-қатынасты басқару;
-ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б. ұйымдастыру.