1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Шығармашылық – оқушылардың дербестігін дамыту негізін қарастыру



бет78/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

94.Шығармашылық – оқушылардың дербестігін дамыту негізін қарастыру
Шығармашылық – адамға тән әрекет болғандықтан осы мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекетке тән белгілерді мына төмендегідей топтастырады: шығармашылық тапсырма мен проблемалық мәселе арасындағы қарама-қайшылықтың болуы, әрекеттің әлеуметтік және жеке адам үшін мәнділігі, прогрессивтілігі, шығармашылық үшін объективті алғы шарттар болуы (материалдық, әлеуметтік), шығармашылық үшін субъективті алғышарттардың болуы (тұлғаның жекелік қасиеттері, білімі, білігі, мотиві, қабілеттері), үрдістің және нәтиженің жаңалығы.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында екені айқын.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі – бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет