1. Пән жөнінде ақпарат



бет11/36
Дата01.02.2023
өлшемі105,4 Kb.
#64381
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
нов. Қазақстан тарихы қазақша Sillabus-2022

Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы, 2010
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б..– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
4. Алан Барнард Антропология тарихы мен теориясы [оқулық] / А. Барнард; ауд. Ж. Жұмашова, 2018. - 240б.
5. Шваб К. Төртінші индустриялық революция [монография] / К. Шваб ; ауд.: Н. Б. Ақыш, Л. Ә. Бимендиева, К. І.Матыжанов, 2018. - 198 б.
6. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра,1999
7. Кан Г.В. История Казахстана: Учебное пособие для вузов. – Алматы,2005.
8. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328стр.
9. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы,2010
10. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344с.
Тақырып 4: Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері.
Тапсырмалар:
1. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы.
2. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы.Тайпалардың көші-қон және олардың этникалық процестерге әсері. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы.Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштері. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).
3. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Көшпелілер («қала-дала» жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі. Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
4. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды емес діндер. Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
Әдістемелік нұсқаулар: Практикалық жұмыстың жоспарымен танысқан білім алушыларға сұрақтарды талқылау үшін дайындалу ұсынылады. Тапсырма толық орындалуы керек, білім алушыларға толық көлемде әдебиеттер ұсынылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет