1. Пән жөнінде ақпарат


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



бет2/36
Дата29.01.2023
өлшемі105,67 Kb.
#63529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
нов. Қазақстан тарихы қазақша Sillabus-2022-1

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.





Пәннің тақырыптарының аталуы

апталар

Сабақтың
түрлері бойынша
аудиториялық
сағаттар саны

Сабақтың түрле
Бойынша Аудиториялық
емес сағаттар саны

Барлығы(с.)

Дәріс
тер (с.)

Пр/
сем.

БО
ӨЖ (с)

БӨЖ
(с)




1

Адамның тарихқа дейінгі
эволюциясы.

1

1

2

2

5

10

2

Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.

2

1

2

2

5

10

3

Атқа міну мәдениетінің генезисі

3

1

2

2

5

10

4

Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері.

4

2

2

2

5

11

5

Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде
(XIII-XV ғғ.). Қазақ халқының
қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.
Қазақ жүздері.

5

2

2

2

5

11

6

XV – XVIII ғғ. қазақ хандығының құрылуы мен кезенделуі.

6

1

2

2

5

10

7

Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті.

7

1

2

2

5

10

8

XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.

8

2

2

2

5

11

9

Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.

9

2

2

2

5

11

10

«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.

10

1

2

2

5

10

11

Азаматтық–саяси қарсыласу жылдарындағы Қазақстан.

11

1

2

1

5

9

12

ҰОС жылдарындағы Қазақстан

12

1

2

1

5

9

13

20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.

13

2

2

1

5

10

14

Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы

14

1

2

1

5

9

15

Қоғамдық-саяси даму және рухани даму.

15

1

2

1

5

9




Барлығы

15

30

20

25

75

150

6. Дәрістік сабақтардың мазмұны


Тақырып 1. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
Дәріс тезистері. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
Тақырып 2: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.
Дәріс тезистері. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы атқа міну мәдениетінің тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижелері.
Кремний индустриясының сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.
Тақырып 3: Атқа міну мәдениетінің генезисі.
Дәріс тезистері. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону, және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу рәсімі, қару-жарақ, қалыңдық, аң стилі өнері. Ежелгі антик қалалар. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийді жаулап алуына қарсы күресі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет