Тақырыбы: Ауа микрофлорасының сараптамасы Сабақтың мақсаты: Ауа микрофлорасына сандық және сапалық сараптама жүргізе отырып, микроағзалардың ауада таралуымен танысу
Қажетті құрал-жабдықтар: 1. Заласыздандырылған ет-пептонды агары бар пробирка. 2. Қағазға орап, құрғақ ыстықта заласызданған бактериялогиялық табақша. 3. Су моншасы. 4. Спиртовка. 5. Шыны таяқша. 6. Заласызданды рылған бактериялы табақшаға арналған құрғатқыш шкаф. 7. Термометр (3000С-қа дейін). 8. Есептегіш пластинка. 9. Қорғасын ине. 10. Микроскоп. 11. Заттық шыны. 12. Фуксин немесе Леффлер көгі. 13. Су құйылған ыдыс. 14. Сүзгі қағаз. 15. Сіріңке. 16. Термостат.
Жұмыс барысы:
Ауадағы микроағзалардың қонуы үшін стирильді агар табақшасын даярлау.
Белгілі бір кеңістіктегі ауаға сараптама жасау үшін табақшаны 10-15 минутқа ашып қой
Қонған микроағза жасушалары «колония» түзуі үшін 220С температурадағы термостатқа қояды
Сандық сараптама жүргізу үшін екінші күні табақшадағы өскен колонияларды есептейді.
Микроағзалардың сапалық сараптамасы жүргіз
Әдебиеттер:1-5
Тақырыбы: Бактерияның таза дақылын алу Сабақтың мақсаты: Бактериялардың таза культурасын алу және қисық, түзу агар алу әдістерімен танысу
Қажетті құрал-жабдықтар: Ауа микрофлорасының сараптамасы үшін қолданылған колониялары бар Петри табақшасы, стерильді қиғаш және тік ет-пептонды агарлы пробирка, микробиологиялық ілмек, ине, спиртовка.
Жұмыс барысы:
. Петри табақшасындағы ауа сараптамасынан қалған бөлек тұрған кез келген колонияны таңдап төмендегідей үлгіде сипаттайды.
1)Колонияның көлемі: нүктелі (D-кем дегенде 1мм), ұсақ (D-1-2мм), орташа (D-2-14мм) және ірі (D-4-6мм және жоғары)
2)Колонияның пішіні домалақ, амеба тәрізді, ризоид тәрізді.
3)Оптикалық қасиеті: мөлдір, күлгін жылтырамайтын, құбылмалы, түссіз, жылтыр, мөлдір емес.
4)Түс – колонияның түсін және пигменттің ортаға бөлініп шығуы.
5)Колонияның беті майда, түйіршікті, төмпешікті.
6)Профиль – жалпақ, ойыс, крест тәрізді, агарда өсуі және т.с.с.
7)Колонияның шеті – тегіс, толқынды, ойыс, ризоидты және т.б.
8)Колония құрылымы – ұсақ және ірі түйіршікті.
9)Консистенция – май тәрізді, қамыр тәрізді, жылпылдақ, қабырғалы.
2. Түзу және қисық агарға егу әдістерімен танысып, таңдап алған колониядан қисық және түзу агар даярла.