1. Пән туралы ақпарат


Тақырып 11 Вирустардың құрылысы және систематикасы



бет4/19
Дата15.11.2022
өлшемі129,9 Kb.
#50344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
микроағзалар және қоршаған орта253

Тақырып 11 Вирустардың құрылысы және систематикасы
Ашылу тарихы жөнінде қысқаша мәліметтер. Д.И. Ивановский және М.Бейеринк еңбектері. Вирустардың облигатты клетка ішілік паразитизмі. Тыныш күйдегі вирус (вирион) пен клетка ішілік вирустарға (вирус - клетка комплексі) жалпы сипаттама. Вирустардың құрылымдық ұйымдасуы. Вирус бөлшектерінің морфологаялық түрлері. Қарапайым және күрделі вирустар. Фагтар. Вирустардың химиялық құрамының ерекшеліктері. Вирус белоктары, олардың функциялары. Вирустардың нуклеин қышқылдары (қос жіпшелі, сақиналы, бір жіпшелі, фрагменттелген т.б.). Гликопротеидтер, минорлы компоненттер, олардың функциясы.
Вирустардың негіздері. Классификациялау үшін вирустардың морфологиялық, қүрылымдық және генетикалық сипаттамаларын қолдану.
Өсімдік, жануарлар жөне адамның вирус инфекциялары. Вириодтар. Приондар.


Зертханалық сабақтар
Тақырып: Қоректік орта және оны құю жолдары
Қажетті құрал - жабдықтар: шыны побирка, колба, Петри табақшасы, вентилі ашық автоклав, қоректік орта.
Жұмыс барысы:
1. Қоректік ортаның түрлерімен танысу:
1)Ет-пептон сорпасын даярлау (ЕПС)
2)Ет-пептонды агар (ЕПА) дайындау
3)Ет-пептонды желатин (ЕПЖ)
4)Қоректік орта ретінде сүтті даярлау
5)Сыра суслосын дайындау
6) Бұршақ агарын дайындау
7)Жалаңаш агарды дайындау
2. Қоректік ортаны құю әдісімен танысу
3. Қоректік орта даярлау және оны ыдыстарға құю

  1. Қағазға оралған табақшаны үстелдің үстіне қойып, қағазын ашады. Бактериялогиялық табақшаның қасына жанған спиртовканы қояды;

  2. Оң қолына еріген агары бар пробирканы еңкейтіп ұстайды, тығынды және пробирканың аузын бұрай отырып спиртовканың жалынына ұстайды. Жалынға ұстаған кезде тығындағы және пробирка аузындағы микробтар жойылады. Егер мақтадан жасалған тығын жанатын болса, оны жалыннан 3 рет өткізілген шыны таяқшаның ұшы арқылы өшіреді.

  3. Осылайша, заласыздандырылған пробиркадан сол қолымен мақта тығынды алады, сол қолымен бактериялогиялық табақшаны ашып, пробирканың аузын табақшаға енгізіп агарды құяды.

  4. Табақшаны жауып, абайлап қисайтып агарды табақшаға тегістейді.

  5. Табақшадағы агардағы қатырады да агар пластинкасын алады.

Әдебиеттер: 1-5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет