3- тақырып. Оқыту формалары, əдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде Оқыту құралдары туралы түсінік. ТПҮ-тің оқыту құралдары – іс-əрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Дидактикадағы дəстүрлі оқыту құралдары жəне оларға сипаттама. Мұғалім мен оқушының өзара əрекеттестігінің тəсілі ретінде оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы, əдістері мен құралдары арасындағы арақатынас. Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар жəне т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пəндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар жəне т.б. Педагогикалық шығармашылықтың нəтижесі ретінде оқытудың инновациялық формаларын қолдану. Оқушылардың оқу жəне оқудан тыс танымдық іс-əрекеттерін үйлестіру.
Негізгі ұғымдар: оқытудың формалары, сабақ жəне сабақтан тыс формалар, оқытуды ұйымдастырудың фронтальды, топтық, дербес формалары.
4-тақырып. Сабақ – оқытудың негізгі формасы Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ – педагогикалық үдерістің уақыт бойынша шектелген, логикалық аяқталған бөлігі. Сабақ – тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері (білімділік, дамытушылық, тəрбиелік). Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың типологиясы жəне құрылымы. Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық жəне əдістемелік құрылымының арақатынасы. Сабақта оқушылардың оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары. Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-əрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері. Сабақты ұйымдастырудың дəстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семинарсабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы жəне т.б. Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. Тақырып жəне сабақ бойынша жоспарлау. Сабақты талдау жəне өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу əдісі. Сабақты талдаудың типологиясы мен түрлері (толық, дидактикалық, психологиялық, тəрбиелік, жүйелі, қысқа, құрылымдық, аспектілі, кешенді, ұйымдастырушылық, біріктірілген жəне т.б.). Оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формаларын шығармашылықпен қолдану мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің көрінісі ретінде.
Негізгі ұғымдар: сабақа, оқытудың топтық, дербес, фронтальды формалары формалары, сабақ талдау жəне өзіндік талдау.