1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушылары


ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет4/27
Дата27.03.2023
өлшемі465,25 Kb.
#76651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
1. П н туралы жалпы м ліметтер П н о ытушылары

7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
дәріс, практикалық сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер: интербелсенді әдістер: сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, эссе, инсерт, джигсо, ой қозғау, кластер, Т-кестесі, т.б. және ZOOM платформасы, Univer жүйесі


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:





ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

ОСӨЖ тапсырмалары

1

Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын талдау

Баяндама дайындау

1-апта



3-апта



2

Білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауға арналған нормативтік құқықтық құжаттар

Презентация дайындау

4-апта



6-апта



3

Инклюзивті білім берудің базалық қағидаттары мен құндылықтары

Кестені толтыру

7-апта



8-апта



4

Ақыл-ой бұзылысы бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Мәнжазба дайындау

9-апта



10-апта



5

Эмоционалды дамуы бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Конспект жазу

11-апта



12-апта



6

"Инклюзивті білім беру" курсы бойынша глоссарий

Глоссарий дайындау

13-апта



14-апта



СӨЖ тапсырмалары

1

Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу

Кесте толтыру

1-апта



2-апта



2

Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Конспект жазу

3-апта



5-апта



3

Инклюзивті білім беру жағдайындағы жеке білім беру бағдарламасы және жеке білім беру жоспары

Мәнжазба дайындау

6-апта



7-апта



4

Оқу қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Мәнжазба дайындау

8-апта



9-апта



5

Инклюзивті білім беру практикасының таралуына әсер ететін факторлар

Эссе

10-апта



11-апта



6

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білімді қажет ететін балалардың оқу жетістіктерін бағалау

Презентация әзірлеу

12-апта



13-апта



9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі қағидалары
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. "Инклюзивті білім беру"курсының мақсаты мен міндеттері, пәні, объектісі.
2. Инклюзивті білім берудің құндылықтары
3. Инклюзивті білім беру қағидалары


Дәріс тезисі
Қазіргі Қaзaқстaн жaғдaйындa мемлекеттік сaясaттың мaңызды бaсымдықтaрының қaтaрынa бaрлық aдaмдaрдың білім aлу құқықтaрының теңдігі жaтaды. Білімнің қолжетімді болуын қaмтaмaсыз ететін aлғышaрт – инклюзивті ортa. Инклюзивті білім берудің зaмaнaуи міндеті интеллектуaлды дaмуды, психофизиологиялық жəне жеке-дaрa ерекшеліктерді ескере отырып, хaлықтың бaрлық деңгейі үшін білім aлуғa тең қолжетімділікті қaмтaмaсыз етуді қaрaстырaды. Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық қолдау, бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстарымен жеке ерекшеліктерімен ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда. (Д.Митчелл – профессор. Жаңа Зеландия. 1997 ж).
"Инклюзивті білім беру"курсының мақсаты - инклюзивті білім беру және инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтардың жұмысына дайындығы туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру.
"Инклюзивті білім беру"курсының міндеттері:
– инклюзивті білім берудің ғaлaмдық бетaлысы турaлы aқпaрaт беру;
– жaлпы білім беретін мектептерде инклюзивті үдерісті реттейтін нормaтивтік құқықтық aктілерді тaлдaу;
– инклюзивті білім беруді теориялық-әдіснaмaлық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдa қaмтaмaсыз ету;
– инклюзивті білім берудің қaғидaлaры, ерекше білім қaжеттіліктері бaр бaлaлaрдың дaмуы және тәрбиесі, олaрды оқытуды ұйымдaстырудың педaгогикaлық және психологиялық негіздерін сипaттaу;
– педaгогтaрдың ерекше білім қaжеттілігі бaр оқушылaрды психологиялық-педaгогикaлық қолдaу технологиялaрын меңгеру дaғдылaрын қaлыптaстыру.
Инклюзивті білім берудің құндылықтары: білім берудің кемсітпеушілігі, барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігі, білім берудің икемділігі, жеке мүмкіндіктерді есепке алу.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттарының негіздері:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;
- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады.
Бекіту сұрақтары
1. «Include» ағылшын сөзінің қазақша аудармасын табыңыз:
A) Қосу
B) Білім беру
C) Өз құрамына енгізу
D) Көмек беру
E) Қамқорлық көрсету
2. Инклюзивті білім беру дегеніміз:
А) Балалардың жынысына, жас ерекшелігіне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстың және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-эканомикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу;
В) Әртүрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің сайма сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық дене дамуын кешенді аралық бағалау мүмкіндігіне ие болу;
С) Көру қабілті бұзылған балаларды оқыту, білім беру;
Д) Белгілі бір мінез құлықтың айқын белгілерінің жиынтығы;
Е) Дұрыс жауап жоқ
3. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктерге ие:
А) Білім алушылардың тең құқылығын орнатуға және олардың ұжымның барлық іс-әрекеттеріне қатысуына бағытталған ресурстарға ие;
В) Барлық оқушылардың қабілетерін дамыту мүмкіндігіне;
С) Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынастарына әсер ету мүмкіндігіне
Д) Балалардың физикалық дамуына әсер ететін ресурстарға;
Е) Интелл деңгейін арттыру мүмкіндіктеріне
4. Инклюзивті (қосылған) білім беру неге бағытталған:
А) Қарым-қатынасқа түсуге қажетті қабілеттерді барлық адамдарда дамытуға;
В) Интеллектуалдық қабілеттерді дамытуға;
С) Арнайы қабілеттерді қалыптастыруға;
Д) Патриоттық сезімді тәрбиелеуге;
Е) Өзіндік ой-пікірді қалыптастыруға
5. Инклюзивті білім беру – бұл ...
А) Жалпыға білім беру мекеме жағдайында іске асырылатын білім беру қызметтерінің жүйесі;
В) Арнайы мекемелерде білім беру жүйесі;
С) Ерекше балаларды үйде оқыту;
Д) Оқу бағдарламасын меңгере алатындарға арналған білім беру қызметтерінің жүйесі;
Е) Балаларды жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқыту
Әдебиеттер:
1. Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс: Учебное пособие, Алматы, 2014. – 236 с.
2.Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: Учебное пособие. – Алматы: L-Pride, 2013. – 280 c.
3.Педагогика инклюзивного образования. Под ред. Н.М. Назаровой. Учебник. – Москва. Инфра-М 2019.
4. Оспанбаева М.П.. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы. -Алматы, 2019. – 232 бет.
5.Бахтиярова, Г. Р., Кеншілікова К. М. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері: оқу құралы. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.
6.Жубакова С.С. Теория и практика инклюзивного образования: Учебное пособие. Алматы: CyberSmith, 2017. – 153 c.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет