1 Пән туралы мәліметтер



бет16/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Әдебиеттер:
1. Волкова В.Н., Денисов А.А Основы теории систем и системного анализа: Учебник для студентов вузов, обучающихся по специальности «Системный анализ и управление». – СПб. 1997. – 447 с.
2. Дулепов В.И., Лесова О.А., Майоров И.С. Системная экология. – Владивосток, 2004.
10 дәріс: Жүйелерді жіктеу.

Әдістері: дәріс.


Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Жүйелерді жіктеу принциптері.
2. Жүйелердің түрлері.

Егер жүйелер көптеген материалдық объектіден тұрса, физикалық жүйе деп аталады. Мысалы Күн жүйесі, трактор, ғимарат, суару жүйесі т.б.


І. Құрандас элементтердің бейнеленуі мен ерекшеліктеріне қарай:
- таңбалы элементтер (сандық теңдеулер жүйесі. Морзе әліппесі)
- түсініктер жүйесі (саяси экономия категориялары)
- көзқарастар жүйесі (философиялық көзқарастар)
- ережелер жүйесі (жолда жүру ережесі)
ІІ. Жүйелердің пайда болуына қарай:
- табиғи (адам қатысуынсыз)
- жасанды (адам қолымен).
ІІІ. Сыртқы ортамен әсер ету сипатына қарай:
- ашық
- тұйық.
ІҮ. Элементтердің өзара байланысы процесінде құбылыстардың себептілігіне қарай:
- детерминденген жүйе. Байланыстар қатаң, функциональды сипатта болады. Мұндай жүйелердің кез келген уақыттағы жай күйін болжауға болады. Басқару тұрғысынан мұндай жүйелер қызығушылық тудырмайды. Мысалы күн тұтылу құбылыстарын. Дегенмен атап өтетін жағдай қатаң тәртіпті детерминденген жүйе табиғатта болмайды. Әр уақытта кездейсоқтық факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы пистолеттің барлық уақытта да атылуы мүмкін емес. Сондықтан да детерминденген жүйе дегеніміз шартты болып саналады.
- кездейсоқ жүйе. Кең таралған. Жағдайлардың реттілігін кез келген уақытта дәл болжауға болмайды. Белгілі бір дәлдікпен ғана болжауға болады. Сондықтан да дәлдік деңгейі ретінде 0,95 немесе 0,99 алынады. Мысалы 0,95 дәлдікпен белгілі бір шаруашылықта нақты жылы 1 ц минералды тыңайтқыш қолданғанда өнімділік мөлшері 1,5±0,4 ц мөлшеріне артады деп тұжырымдауға болады. Бұл тұжырымда осы шаруашылықтағы нақты жылы 100 жағдайдың 5-уінде өнімділік мөлшері 1,1-1,9 ц шегінен ауытқуы мүмкін деген сөз.
Ү. Күрделілік деңгейіне қарай:
- қарапайым. Элементтер саны аз, байланысы өте қарапайым, ішкі құрылымы тармақталмаған және элементарлы функцияны атқаруға бейімделген. Мұндай жүйелерді зерттеу және сипаттау өте оңай. Мысалы ауыспалы егістердегі дақылдар ауысу, екі абонент арасындағы селекторлық байланыс т.б.
- күрделі. Жүйе элементтері көп, сондай ақ олардың арасындағы байланыс тармақталған сипатта және атқаратын функциялары әртүрлі күрделі болғанмен оларды сипаттауға болады. Мысалы ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен өндіріс мекемелері.
-өте күрделі. Мұндай жүйелердің өзара байланысы толық зерттелмеген, сондықтан қазіргі білім деңгейінде олардың құрылымын және болашағын сипаттауға болмайды. Өте күрделі жүйелерге қоғам, экономика, адам миы, әлем жатады.
Кибернетикада зерттеу объектісі ретінде басқару процесі болғанда жүйе классификациясының барлық белгілерін қарастыру қажет емес. Негізгі классификация екі белгінің комбинациясына байланысты, күрделілік және жүйе мінезінің себептілігі сипаты.
Атап өтетін мәселе жүйелерді жіктеудің қатаң критерийлері болмағандықтан олардың шарттылығы және салыстырмалығы. Кейде күрделі жүйелер оларды құраушы элементтерді емес, көп мақсатты міндеттерді шешуде жүйені зерттеу белгілері ескеріледі. Мысалы қалдықтарды көметін полигондарды орналастыруда бір мезгілде бірнеше өзара салыстыруға келмейтін аспектілер тұрғысынан қарастырылады: жер ресурстарының жайы, жұмыс күші, метеорологиялық факторлар, геологиялық факторлар, гидрогеологиялық факторлар, қаржы мөлшері, технологиялар, қалдықтар мөлшері, халық санының өсімі, су, қоршаған ортаны қорғау, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет