1 Пән туралы мәліметтер



бет14/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Әдебиеттер:
1. Аюпов Е.Е. Восстановление нарушенных экосистем: учебное пособие. – Уральск: Зап. – Каз.аграр. – техн. ун-т им.Жангирхана, 2016. – 102 с.
8 дәріс: Биосфера - ең үлкен экожүйе.
Әдістері: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Биосфера шекарасы.
2. Биосферадағы белсенді тіршілік аймағы.

Биосфера – организмдер орналасқан, Жердің күрделі сыртқы қабаты. Биосфера Жердің басқа да барлық қабаттарынан сапалы ажыратылады, себебі оның шегін.де тірі тіршілік иелерінің геологиялық әрекеті көрсетіледі.


Қазіргі биосфера 12 км шамасындағы тереңдіктегі барлық гидросферадан, атмосфераның төменгі қабаты – Жер бетінен 12-15 км дейінгі биіктіктегі тропосфераны және литосфераның жоғары бөлігін, атап айтқанда бірнеше ондаған метрдегі тереңдікке дейінгі ең жоғарғы жер қыртысынан құралады. Дегенмен терең бұрғыланған мұнай скаважиналарында мұнай және мұнайлы қабаттан микроорганизмдер табылуда.
Тірі организмдердің сыртқы ортамен өзара байланысы атмосфера, гидросфера және топырақ заттарының алмасуы арқылы болады және Жер биосферасының көптеген химиялық элементтерінің құбылысын анықтайды.
Жер биосферасы үшін атмосфераның ролі жоғары, себебі ол өзінің физико-химиялық қасиеттерімен өсімдіктер және жануарлардың маңызды тіршілік процесстерін қамтамасыз етеді.
Тірі организмдер тіршілік ететін ортада көлемі бойынша үлкенін гидросфера құрайды. су тіршілік үшінсу және құрлық организмдерінің маңызды компоненті болып табылады. Табиғи су массасының басым бөлігін (94 пайыз) Әлемдік мұхит құрайды. теңіз суы әртүрлі элементтен тұратын ерітінді. Олардың басым бөлігі бірнеше химиялық эдементтерден құралған. Кейбір элементтер концентрациясы мардымсыз екеніне қарамастан теңіз организмдері мен теңіздік процесстер үшін маңызды орын алады. Мүнда жетекші рольді тірі организмдермен сіңірілетін кремний, фосфор және азотқа тиесілі және теңіз суында олардың концентрациясы теңіз жануарлары мен өсімдіктердің көбеюі және өсуімен бақыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет