13 АПТА.
№25-26 дәріс: Экожүйелерде биологиялық айналымды зерттеу үшін жүйелік талдау қолданудың негізгі принциптері.
Әдістері: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).
1. Экожүйелерде биологиялық айналымды зерттеу үшін жүйелік талдау қолданудың негізгі принциптері.
2. Өсімдіктер, топырақ және атмосфераның арасындағы биологиялық зат айналымның сандық көрсеткіштері.
Экожүйелерде биологиялық айналымды зерттеу үшін жүйелік талдау қолданудың негізгі принциптері:
а) Зерттелетін ландшафтың дербес бірлігі ретінде экожүйені бөліп көрсету;
б) Экожүйені әртүрлі деңгейдегі компоненттерге жіктеу (өсімдік, жануар, микроағзалар, топырақ т.б.)
в) Экожүйе компоненттері арасындағы ішкі байланысты, басқа экожүйемен, сондай-ақ сыртқы атмосфера, геологиялық және гидрологиялық объектілермен байланысын анықтау.
Экожүйеге сипаттама бергенде граф-схема сызады. Экожүйе компоненттері және онымен байланысты объектілер түрлі геометриялық форма түрінде бейнелейді, зат және энергия ағыны барып және сыртқы ортаға байланысты иеленеді. Негіздеме прерийдің байланыстары схемасын және Заммерхаус және Элтон, 1923 ж арктикалық тундра модельдері. Бұл модельдер де сандық сипаттамалар берілмеген. Мұндай граф-схеманы концептуальды модуль деп атайды. Ең алдымен концептуальдық модуль ретінде Шельфорд 1913 ж.
Р.Линдеман, 1942 және Одумның 1957 жылғы моделдерінде тұщы су жүйесінде энергия ағымының сандық көрсеткіштері келтірілді. Мұндай модельдерді концентральдық баланс деп атайды. Белгілі бір жүйеде балансын және экожүйе компоненттері мен онымен байланысты объектілердің зат және энергия мөлшерін көрсетеді.
Құрлық экожүйелері үшін мұндай модельдер тек ХХ.ғ. 60 жылдарында жасалды. Сандық көрсеткіштер дегенмен экожүйенің барлық компоненттері мен онымен байланысты ағымдар үшін көрсетілген жоқ.
Өсімдіктер, топырақ және атмосфераның арасындағы биологиялық зат айналымның сандық көрсеткіштерін Л.Е. Родина және Н.Н. Базилевич монографиясында көрсетілді.
Экосистеманың түрлі типтерінде комплексті зерттеу халықаралық биологиялық бағдарлама аясында жинақталды. Арктикалық тундра, орманды тундрасы, қылқан жапырақты орман, Европаның жалпақ жапырақты ормандары, АҚШ-ң жалпақ жапырақты ормандары, Африка саваннасы, мөлдір, тропикалық ормандар және т.б. экожүйелер.
Бұл экожүйелерде материалдар неғұрлым толық талданды. Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер үлесі есептелді. Сонымен қатар құрамындағы компоненттері толық болмаса да, жекелеген процестер жан жақты талданып сипаттау жүргізілген модельдер де болды. Сондай-ақ биотикалық процестермен қатар маңызды абиотикалық сипаттамалар да есептелді.