1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитологияның салалары мен тармақтары қандай? 
2. Когнитологияның лингвистика саласымен байланысының мәні неде? 
 
8-дәрістің тақырыбы: Тіл мен таным бірлестігі. 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Таным теориясының ерекшеліктерін түсіндіру. 
Қарастырылатын мәселелер:  
1. 
Концептуалды құрылымдар 
2. 
Әмбебап пәндік код бірліктері 
3. 
Концепт түрлері 
Концептінің құрылымы күрделі болып табылады. Бір жағынан, оның құрамына түсінікке 
қатысты заттың барлығы жатады, екінші жағынан, концептінің құрамына оның мәдениеттің 
фактісі болуы жатады: бастапқы форма (этимология), тарих; заманауи көзқарастар; бағалар, 
коннотациялар.
Р.И. Павлиенистің ойынша, кез-келген бір мәнді (концепт) меңгеріп түсіну – түсінік 
беретін концептілерден тұратын немесе сыртқы көзқарастан, яғни жүйе сыртындағы бір 


16 
бақылаушының көзімен концептілер жүйесін құрастыратын белгілі бір құрылымды жасақтау. 
З.Д. Попова және И. А. Стернин, концептінің көптеген анықтамаларын талдап алып, когнитивті 
концепт адам санасында мынадай заттардан қалыптасады деген тұжырымға келді: 
А) сезім тәжірибесі – сезім мүшелерінің көмегімен қоршаған ортаны қабылдау; 
Б) пәндік әрекет; 
В) санада бар концептілермен ойлау операциялары
Г) тілдік қарым-қатынас (концепт тіл арқылы хабарлануы, түсіндірілуі мүмкін) 
Д) тілдік бірліктерді саналы таным арқылы игеру [Попова, Стернин, 2001: 40]. 
Концептілер мінсіз болып табылады және санада әмбебап пәндік кодтың бірліктері 
арқылы кодталады (ӘПК, Н.И. Жинкин бойынша). 
ӘПК бірліктері – жеке сезім тәжірибесінің негізінде қалыптасатын жеке сезім образдары. 
Концепт образ ретінде туындайды, бірақ ол абстракция сатыларымен жүріп, жаймен сезім 
образынан ой образына еніп кетуі мүмкін. Салқындық образы «қорқыныш» концептісінің 
негізінде жатыр, сондықтан қорқынышты білдіруге арналған формалар да бар: қорыққанан 
дірілдеу, тістің тіске тимеуі, аяздың денеге өтуі және т.б.
Концепт компоненттерден (концептуалды сипаттан), яғни, санада белгіленген және 
абстракция деңгейі бойынша ажыратылған нысанды және субъективті қоршаған ортаның бөлек 
белгілерінен тұрады. Когнитивті-лингвистикалық зерттеулердің нәтижесіне қосымша нәтиже 
ретінде ұлттық концептосфераның элементі ретіндегі сәйкес концептіні сипаттау үдерісі 
ұсынылады. Концептілер жеке (құбыжық-мұбыжық – қатты қорқынышты нәрсе туралы), жас 
аралық (бақыт, қуаныш) және жалпыұлттық (жан, сағыныш, қайғы, отан) болуы мүмкін.
Концепт «қатпарлы» құрылымға ие, оның қатпарлары әр түрлі кезеңдердегі мәдени 
өмірдің «нәтижесі» болып табылады. Ол әр түрлі тарихи қатпарлардан құралады, ал қатпарлар 
қалыптасу уақытына, шығу тегіне, семантикасына байланысты ажыратылып отырады. 
Концептінің ерекше құрылымына төмендегілер кіреді: 
• Негізгі (өзекті) белгі; 
• Қосымша (әлсіз, тарихи) белгі; 
• Ішкі форма [Степанов, 997: 21].
Ішкі форма, этимологиялық белгі, немесе этимология тек зерттеушілермен талданады, ал 
қалғандары үшін бұлар басқа мағына қатпарларының пайда болу негізі ретінде саналады.
Лингвомәдени концепт көп салалы, сондықтан оның құрылымын анықтауға әр түрлі 
тәсілдерді қолдануға мүмкіндік бар. Әр концепт, күрделі менталды кешен ретінде, мағыналық 
мазмұннан басқа баға, адамның белгілі бір нысанға көзқарасынан және т.б. тұрады: 
• Жалпыадамзаттық немесе әмбебап; 
• Ұлттық-мәдени, белгілі бір мәдени ортадағы адамның өмірімен байланысты; 
• Әлеуметтік, адамның белгілі бір әлеуметтік қатпарға жатуымен байланысты; 
• Топтық, тілдік тұлғаның қандай да бір жас аралық және жыныстық топқа жатуымен 
байланысты; 
• Жеке тұлғалық, жеке ерекшеліктердің әсерінен жасақталады – білім, тәрбие, жеке 
тәжірибе, психофизиологиялық ерекшеліктер. 
Когнитивистиканың дәстүрлі бірліктері (фрейм, сценарий, скрипт және т.б.) нақты 
құрылымға ие, оларды зерттеушілер концептіні жасақтауда қолдана алады.
Концептінің құрылымын дөңгелек ретінде елестетуге болады, оның ортасында негізгі 
түсінік – концептінің ядросы жатыр, ал оның сыртында мәдениет, дәстүрлер, халықтық және 
жеке тәжірибе жатыр.
Бірдей сөзбен белгілі бір концептуалды жүйенің әр түрлі концептілері білдіріле алады, бұл 
сөздердің көпмағыналылығын көрсетеді. Адамның басы, таудың басы, бұлақтың басы, 
жиналыстың басы сияқты мысалдардан сөздердің белгілі бір концептілермен (немесе олардың 
құрылымымен) байланысты екенін аңғаруға болады. Сол себепті, Р. Павлиенис сөздерді 
(сөздерді тіл арқылы белгілеу) түсіну үдерісін көптеген семантикалық нысандардағы 
терминдерде емес, оның белгілі бір концептуалды жүйедегі өзгерісі ретінде қарастырады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет