1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Бақылау сұрақтары:


13 
1. Когнитивтік лингвистиканың терминология саласымен байланысы қандай? 
2. Терминология саласының әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері қандай? 
 
 
6-дәрістің тақырыбы: Когнитивизм және когнитология. 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Когнитология ғылымының лингвистикадағы ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын айқындау. 
Қарастырылатын мәселелер:  
1.Концепт және ұлттық менталды стереотип
2.Концепті мен лексикалық мағынаның байланысы
Концептінің табиғатын зерттеуге когнитивті лингвистика бірінші кезекте назар аударады. 
Қандай да бір концептіні талдау барысында бір-біріне ұқсас түсініктер мен ұғымдар бар екені 
анықталып отырады. Алдымен, бұл – концепт, түсінік және мағына.
Оларды ажырату мәселесі бүгінгі күні теоретикалық тіл білімінде оңай шешімі 
табылмайтын және көп талқыға түсетін мәселе болып жүр. Өйткені, концептіні зерттеу кезінде 
біз мазмұнның жоспарымен тікелей жұмыс жасаймыз, біз аталған концептінің табиғаты мен 
қасиеттерін тек жанама белгілерден ғана тани аламыз. Сонымен қатар, когнитивті лингвистика 
жаңа ғылым, ал бұл мәселені шешуде әлі талай еңбектену керек. 
Берілген терминдерді (концепт, түсінік және мағына) ажырата отырып, «мағына» 
терминінің лингвистикалық бағытқа жататындығын ескеруіміз тиіс, ал оның «концепт» 
терминімен байланысын анықтау қиын. 
Өзіндік сыртқы формаларына қарай орыс тілінде концепт және түсінік сөздері ұқсас келеді: 
латын тілінен аударғанда концепт сөзі «түсінік» дегенді білдіреді. Алайда, қазір «түсінік» және 
«концепт» терминдерін нақты ажырату үдерісі белең алып келеді, өйткені, олар бір саптағы 
сөздер болып табылса да, мағыналары жағынан олар әр түрлі. Егер түсінік – нысанның өзіндік 
танылған белгілерінің жиынтығы болып табылса, ал концепт – менталды ұлттық-ерекше білім, 
оның мазмұн жоспары аталмыш нысан туралы білімдер жиынтығы болып саналады, ал көріну 
жоспары тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық) жиынтығы болып 
табылады. Концептілер – кез-келген түсініктер емес, ол сол түсініктердің ішіндегі қиыны, әрі 
маңыздысы, яғни оларсыз белгілі бір мәдениетті елестету мүмкін емес (орыстардың «авось», 
немістердің «тәртіп» түсініктері және т.б.).
Сонымен қатар, концепт деп саналатын лексикалық бірліктердің саны да шектеулі, себебі,
кез-келген атау-белгі концепт болып есептелмейді. Концепт деп тек белгілі бір халықтың 
мәдениетіне маңызды әрі құнды болып саналатын, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің, поэзия 
және проза тақырыптары болып табылатын құбылыстарды атауға болады. Олар белгілі бір 
символ немесе эмблема ретінде саналады. Оларды халықтың мәдени мұрасының 
тасымалдаушысы деп те есептесек болады.
Ю. С. Степановтың пайымдауынша, концепт және түсінік терминдері әр түрлі ғылым 
салаларына жатады; түсінік, ең алдымен, логика мен философияда қолданылса, концепт 
математикалық логиканың термині болып саналады, ал соңғы уақытта мәдениеттану және 
лингвистика ғылымдарына да енгізілді [Степанов, 1997: 40]. Бұл жерден амалсыз интерференция 
құбылысы туындайды.
Концепті мен түсінік ұғымдарының арасында шекара жоқ: белгілі бір жағдайларда түсінік 
концептіге өтуі әбден мүмкін. М. Цветаевада «лестница» концептісі бар, ал бұл орыс тілі 
иеленушілерінің санасында түсінік ретінде қалыптасқан. Ю. С. Степанов келесідей мысал 
келтіреді: Орыс тілінде «петух» сөзінің «мағынасы» және «мәні» бар. Оның «мағынасы» - белгілі 
бір сыртқы келбеті бар барлық құстар: жүретін (ұшпайтын), қызыл айдары мен артқы тырнағы 
бар еркек құс. Бұл сөздің «мәні» тек зоологиялық сипатта емес, ол басқа да сипатта болып келеді 
(алайда, «мағынада» көрсетілген сөздер қолданылады): 
А) үй құсы 
Б) еркек құс 


14 
В) белгілі бір образда ән салатын және өз әнімен уақытты белгілейтін құс 
Г) ән салғанына қатысты есімге ие болған: «петух» («петь» етістігінен) 
Д) өзімен көптеген ырым, жоралғылар байланысты көреген құс [Степанов, 1997: 41–42]. 
Жаңа заманғы лингвистикада, тілдің семантикасын сипаттауда «концепт» ұғымы кең 
таралған, тілдегі сөздердің мағыналары концепті құрылымындағы концептіге теңдестіріледі: 
мұндай көзқарас когнитивтік тәсілдің ерекше тұсы болып келеді [Гачев, 1992: 147]. 
Көптеген лингвисттер концептіні лексикалық мағынадан гөрі кең ауқымды ұғым ретінде 
қабылдайды (В.И. Карасик, С.А. Аскольдов). Басқа зерттеушілер концептіні оның 
мағыналарының біріндегі бір сөзбен байланыстырады (Д.С. Лихачев, В.П. Москвин). Алайда, 
соңғы уақытта ғалымдар мағына, концепт және түсінік – әр түрлі терминдер деп санайды. 
Сөйтіп, концепт және түсінік – екі қатар тұрған ұғымдар: олар әр түрлі ғылым салаларына 
жатады: түсінік логика мен философия термині, ал концепт – математикалық логиканың, 
мәдениеттанудың, лингвомәдениеттанудың, когнитивті лингвистиканың термині, алайда, екі 
термин де сыртқы формаларына қарай ұқсас келеді. Концепт және түсінік бір мағыналас ұғымдар 
емес. Концепт тұрақты және нақты ұғым, өйткені, ол мағынаға қарағанда қоршаған ортамен 
тығыз байланыста. Сөз өз мағынасы арқылы тек концептінің бір бөлшегін ғана көрсетеді. Бірақ, 
концептіні талдау үшін сөз, сөйлем, дискурс сияқты тілдік бірліктерді пайдаланған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет