1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивизм және когнитология салаларының айырмашылығы неде? 
2. Концепт және ұлттық менталды стереотип дегеніміз не? 
 
7-дәрістің тақырыбы: Когнитологияның жеке тармақтары. 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Когнитологияның салалары мен тармақтарын айқындау. 
Қарастырылатын мәселелер:  
1. 
Концепт әлемді ерекше тану жолы ретінде 
2. 
Концептінің үш анықтамалық тәсілдері 
3. 
«Концепт» - бұл «мәдениетке кіріккен түсінік» 
Адам баласының барлық танымдық әрекетін қоршаған ортада бейімделу қабілеті ретінде 
қарастыруға болады, ал бұл әрекет нысандарды теңестіру және ажырату қажеттіліктерімен 
байланысты болып келеді: концептілер осындай әрекеттерді қамтамасыз етуде туындайды. 
Осыған орай, концептінің қалыптасуы қоршаған ортаны танумен, ол туралы көзқарасқа ие 
болумен тығыз байланысты. 
Танымдық тіл біліміндегі негізгі ұғымдық-концептуалдық жүйеге кіретін бірліктердің бірі 
концепт болып табылады. Осы орайда С.Аскольдов: “Концепті лексикалық мағынаға қарағанда 
анағұрлым кең” – деп тұжырымдайды.
Келесі бір ғалым Ю.Г.Степанов 1990 ж. өз еңбегінде концепт ұғымына төмендегідей 
анықтама берген: “Концепті - сөздің мағынасына сәйкес құбылыс, бірақ басқа байланыс 
жүйесінде қарастырылады; мағына – тіл жүйесінде, ұғым – тіл білімінде, сондай-ақ логикада 
зерттелетін логикалық қатынастар мен формалар жүйесінде қарастырылады”.
Дейтұрғанмен, соңғы онжылдықта дәл осы мәселе жөніндегі тұжырым мүлдем өзгерді, 
сөздер мен объективті ақиқаттың арасындағы негізгі тін концептілер деп есептеледі, бұл - сөздің 
мағынасы мен оны жасайтын бөлшектер концептіде қамтылмайды деген сөз.
Таным жүйесінде қарастырылатын концепт ұғымы Д.Лихачевтің пікірінше сөз бен оның 
кез-келген мағынасына саяды, ал В.П.Москвин болса: “Синонимдердің өзі ішкі форма мен 
тіркесімділік тұтастай сөзге емес, оның жекелеген лексика-семантикалық нұсқасына жатады”- 
деп санайды. Сондай-ақ Э.Сепирдің тұжырымы бойынша, өмірдің әрбір кезеңдерін бір арнаға 
тоғыстырып тұрған ойдың қабығы бұл - концепт . 
Жалпы алғанда, «концепт» ұғымының өзі латын тілінде “ұғым” деген мағынаны береді, 
бірақ бүгінгі күні ұғымның аражігінің өзі сан-салалы қарастырылады. Негізінен, ұғым 
нысандардың маңызды белгілерінің құрылымы деп саналса, ал концепт – менталды ұлттық 
болмысқа сай келетін құрылым, екінші жағынан, оның мазмұндық жағы белгілі бір нысан 


15 
жөніндегі барлық мәліметтер жиынтығының көзі болса, кейде бұл фразеологиялық, лексикалық, 
паремиологиялық тілдік жиынтық ретінде қабылданады.
Белгілі зерттеуші С. Воркачев: «концепт - бұл мәдени белгіленген вербальдық мағына
сөйлеушілердің өзіне тән тілдік қолданыстарын айту үшін жеке концептіні тілдік тұрғыдан түсіну 
үшін, соған сәйкес лексика-семантикалық парадигма жасалады» - деп қарастырса, ал академик 
Д.С.Лихачев: «концепт қатарына кіретін лексемалардың (өмір, махаббат, ес, бақыт, іс-әрекет т.б) 
мағынасы ұлттық тілдік сана мен ұжым тілінің «қарапайым әлем бейнесін» жасайды. Бұндай 
концепттердің жиынтығынан тілде концептілік қабат құралады» - деген пікірді ұстанған. 
Концептінің енді бір анықтамасын беруге тырысқан ғалымдардың бірі В.И.Поставалова 
«концептілік талдау мақсаты - бір ғана таңбаның аясында жинақталатын жалпы концептілерді 
тауып, когнитивті құрылымындағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау» деп болжамдайды. 
Шындығында, отандық тіл білімі саласында концепт теориясы мен оның құрылымдары 
біраз талданды, яғни қазақ тіл білімінде концепт теориясын жан-жақты зерттеген ғалымдар С. 
Жапақов, М. Күштаева, Г.Снасапова, А. Әмірбекова, Ш.Елемесова т.б. болып есептеледі. 
Лингвистиканың танымдық саласы шындық әлемінің адам санасындағы көрінісін зерттей 
бастағаннан-ақ, қазақ тіл білімінде де әлемнің тілдік бейнесі мен ұлттық танымның 
ерекшеліктеріне көркемдік тұрғыдан концептуалдық талдаулар жүргізіле бастады. 
Тұлғалық және ұжымдық санадағы мәліметтер жиынтығы болып саналатын концепт 
когнитивті лингвистиканың іргелі ұғымы. Бүгінгі таңда бұл термин психолингвистика
когнитивті линвистикада және лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттелуде. 
А.В.Маслованың зерттеулеріне сүйенер болсақ, концептінің сан түрлі сипаттамасын 
кездестіре аламыз: " концепт - біздің санамызды ментальдік немесе психикалық ресурстарының 
бірліктерін және адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпаратты құрылымды түсіндіру 
қызметін атқаратын термин; концепт - сақтаудың, ментальдік лексиконның, концептуалдық жүйе 
мен тілдің, ақыл-ойдың, адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық 
бірлігі; концепт - өзінің іске асырылатын бүтін бір тілдік тобымен берілетін, тиісті лексика-
семантикалық парадигма жасайтын, мәдениеттің таңбаланған вербалды мағынасы, сондай-ақ тіл 
арқылы айтылатын этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі". 
Баршамызға белгілі аталмыш ұғымды логикамен және философиямен сабақтастыра 
отырып ұғыну соңғы уақытта жарық көрген лингвистикалық бағыттағы ізденістерде көп 
кездеседі. Дәл осы зерттеулер көрсеткендей концепт сөз деген мағынаға саяды, сөйтіп ол 
адамзаттың менталдық функциясы болып табылады.
Енді, «концепт» терминін лингвомәдени бағытта ұғыну барысында оның этномәдени 
сипатына басымдық беріледі. Сонымен қатар, концептінің тілдік жүйеге енгізілуі лексика-
семантикалық парадигманың белгілі бір мәні, яғни ұжымдық құрылымның тілдегі көрінісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет