1 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ, ТАЛАБЫ МЕН ӘДІСІ, ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ӨНДІРІСІНІҢ ӘРТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Дәріс жоспары:
Жерге орналастыру өндірісінің әртүрлі кезеңдеріндегі геодезиялық жұмыстар.
Топографиялық геодезиялық ізденістердің маңызы.
Жерге орналастыру жобасы.
Жерге орналастыру– жерді ұтымды пайдалану бойынша есепке алу бағалау және жақсартудың іс-шаралар жүйесі. Бұл іс-шаралар жерге орналастырудың мамандандырылған жобалаушы ұйымдардың жасаған жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жобасы, тек қана топографиялық геодезиялық іздестірумен ғана жасалған болуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыру, яғни жер бетіне шығару геодезиялық өлшеулерсіз т.б. геодезия жұмыстарынсыз орындалмайды. Аталғандардың барлығы геодезиялық жұмыстардың жерге орналастыру барысында өте маңызды пән екендігін дәлелдейді.
Геодезиялық жұмыстар – зерттеу, геодезиялық өлшемдермен тікелей байланысты. Геодезиялық өлшеулер жер бетінде, теңізде және космоста жүргізіледі. Геодезиялық өлшеудің мақсаты, жер пайдаланудағы, әртүрлі инженерлік құрылыстарды жобалаумен оларды пайдалану барысындағы ізденістерде қажет етілетін жоспарларды, карталарды профильдерді және т.б. құрастыру болып табылады. Геодезиялық өлшеулерге бұрыш өлшегіш және аралық өлшеуші құралдар пайдаланылады.
Геодезия – грек тілінде «жерді бөлу, өлшеу» мағынасын береді. Уақыт ағымына байланысты қазіргі таңда геодезия бірнеше түрге бөлінеді.
Жоғары геодезия – жердің өлшемі мен пішінін, координаталарын анықтау және бірлік жүйесіндегі координаталарда жер бетінің белгілі бір нүктесінің биіктігін анықтаумен айналысады.
Топография – Жер бетін картаға, планға түсіруге және өлшеуге пайдаланылады, сонымен қатар жер беті нүктелерінің салыстырмалы биіктігімен вертикаль кесінділерді бейнелеуді зерттейді.
Картография – картаны құрастыру, басып шығару, пайдалану әдістерін зерттейді.
Инженерлік немесе қолданбалы геодезия – инженерлік құрылыстардың ізденіс жұмыстары барысында құрылысты жобалау мен оларды пайдалануда қолданылады.
Топографиялық карталар әртүрлі шешімдерді толық шешуге мүмкіндік беретін кескін. Карта жергілікті жерді тікелей түсіру нәтижесінен немесе картографиялық материалдардан жасалады.
Картада жергілікті жердегі заттар белгілі бір масштаб бойынша кескінделеді. Масштаб жергілікті жердегі заттың картаға қанша есеге кішірейтіліп салынғанын көрсетеді.
Біздің елімізде топографиялық картаның келесі масштабтары қабылданған:
1: 1 000 000, 1: 500 000, 1: 200 000, 1: 100 000, 1: 50 000, 1: 25 000, 1: 10 000. Бұл масштаб қатары стандартты деп аталады. Бұрындары бұл қатарға 1: 300 000, 1: 5000 және 1: 2000 қосылған.
Масштабы 1: 10 000 ( 1см=100 м), 1: 25 000 (1см=250 м), 1: 50 000 (1см=500 м), 1: 100 000 (1см=1000 м), карталар ірі масштабтар деп аталады.
Сурет 1.1. Карталарғы өзгеріс контурлары
Аздаған аудандағы жергілікті жерді горизонталь жазықтыққа жердің дөңестігі (қисықтығын) ескермей, есепке алмай кішірейтіп түсірген бейнені план деп атайды. Планда жергілікті жердің ситуациясымен рельеф (жер бедері) берілуі мүмкін. Егер планда тек ситуация ғана берілген болса, онда ол ситуациялық немесе контурлық деп аталады. Егер планда ситуациямен қоса жер бедері де берілген болса, онда ондай план топографиялық деп аталады.
Сурет 1.2. Масштабы 1: 3 000 жергілікті жердің планы
План бойынша әртүрлі есептеулерді шешуге болады: мысалы жер бетіндегі кез келген нүктелер арасын өлшеу; берілген бағыттағы бұрыштарды; жер бетіндегі жер бөліктерінің ауданын; нүктенің тік биіктіктер мен еңістіктердің белгісін анықтау және т.б.
Берілген бағыт бойынша жергілікті жердің вертикаль қимасын бейнелеумен құрастырылған кескін профиль деп аталады.
Жер бетінің бейнесін түсіруге көп жағдайда оның дөңестігін, қисықтығын ескеруге тура келеді. Картографиялық проекцияларға сәйкестендіріп, жергілікті жер бөлігінің еңістігін ескере отырып салынған бейнелеуді карта деп атайды. Картаны жасау үшін қағазға меридиандар мен параллельдер торын пайдаланады. Бұл тор картография торы деп аталады. Жергілікті жердегі бағыт бағдарлауға қызмет көрсетеді.
Жерге орналастыруда топографиялық карталар аэрофототүсіріс немесе картографиялық материалдар негізінде ірі масштабта жасалынады. Картографиялық карталардың дәлдігі жергілікті заттың және тегіс, жоталы жерлерде 0,5 мм, таулы биік таулы және иен аумақтарды 0,75 мм картадағы жағдайының орташа квадраттық қателігіне негізделеді.
Картада жазылған биіктіктің орташа квадраттық қателігі жер бедерінің сипатына қарай төмендегі кестедегі көрсетілген мән шегінде (метрмен) өзгереді кесте 1.1.
Кесте 1.1. Карта масштабына сәйкес рұқсат етілген орташа квадраттық қателіктер
Жергілікті жер беті
|
Карта масштабы
|
1: 25 000
|
1: 50 000
|
1: 100 000
|
Тегіс жазық жер
|
0,8
|
2,5
|
5,0
|
Тегіс жоталы жер
|
1,6
|
3,0
|
7,0
|
Таулы
|
2,5
|
5,0
|
10,0
|
Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстардың дәлдігі негізінен таңдалынған түсіріс тәсіліне, жер бедерінің физикалық-географиялық және ауа райының шартына байланысты, сондай-ақ жұмыс орындалатын жер телімінің шаруашылық маңызына байланысты болады (1.2 кесте).
Кесте 1.2. Әртүрлі жер телімдері үшін орташа квадраттық қателігі
№
|
Жер басқыштары
|
МТС межелік түсіріс торлары пункттері жағдайының орташа квадраттық қателігі, (м), көп емес
|
МБ межелік белгі (нүкте, нысан) жағдайының орташа квадраттық қателігі, (м), көп емес
|
1
|
Отырықтану (қала) жерлері
|
0,10
|
0,03
|
2
|
Отырықтану (ауыл, елді мекен пункттері) жеке иеліктегі жерлер
|
0,20
|
|
Кесте 1.2 жалғасы
3
|
Өнеркәсіптік және арнайы тағайындалған жерлер
|
0,50
|
0,15
|
4
|
Ауылшаруашылыққа тағайындалған және ерекше қорғалатын аумақтар
|
2,5
|
0,8
|
5
|
Орман қоры, су қоры және қосымша жерлер
|
5,0
|
1,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |