Жалғасы 5-Бетте



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/7
Дата29.12.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Басы. 

Жалғасы 5-Бетте

Газет 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастады       №22-23 [799], 03-10.06.2016       www.qazaq1913.kz  

1918 жылы жабылып қалған газет 

2006 жылы 22 наурызда қоғабай 

СәрСекеевтің ұйытқы болуымен 

№266 Санынан қайта жарық көрді

ЖЕР ДАУЫ ТІЛ 

ДАУЫНА ҰЛАСТЫ

Жер комиссиясының екінші 

отырысында «Ауыл» 

партиясының экс-төрағасы, 

мемлекет және қоғам 

қайраткері Ғани Қалиев 

отырысқа қатысушыларды 

қазақша емес, орысша 

сөйлеуге шақырған өзінің 

ұсынысымен комиссия 

мүшелерінің төбесіне жәй 

түсіргендей болды.

4-бетте

ҰЛТТЫқ 

иммУНиТЕТ

Кез-келген ұлтты 

тірі организм ретінде 

қарастырсақ, онда қазіргі 

қазақ халқының жамылып 

отырған қорғаныш 

қабатының бүгінгі күйі 

шұрық-тесік. Әр тесіктен 

кірген залалға қарсы 

тұратын иммунитеті де 

қалмаған. Осы тесіктерден 

кіріп, төрге жайғасып 

жатқан қаншама дүниелерді 

еріксіз қабылдап жатырмыз. 

Ал оларды қабылдамау 

үшін мықты ұлттық 

идеология қажет. Ол бізде  

қағаз жүзінде бар, бірақ іс 

жүзінде мүлдем жоқ.

8-бетте


4-бетте

8-бетте

9-бетте

2-бетте

ЖЕР мЕН АУЫЛДЫ 

қАУЫмДЫқ 

ШАРУАШЫЛЫқ 

қҰТқАРАДЫ

«ХАЛЫқТЫ 

АЛАҢДАТЫП ОТЫРҒАН 

мӘСЕЛЕЛЕРДІ 

ШЕШУГЕ мІНДЕТТІмІЗ»

«ТЕРРОРиСТЕРДЕ 

ҰЛТ ТА, ДІНи 

СЕНІм ДЕ бОЛмАҒАН»

«10 СОТЫқ ЖЕР 

КІмГЕ ЖӘНЕ қАЛАЙ 

бЕРІЛУІ ТиІС?»

қоғабай Сәрсекеев:



 

«Халық толқыса – теңіз, 

шалқыса – мұхит»

ЕСКІ 

КӨЛІКТЕРГЕ 

қАНША 

ТӨЛЕНЕДІ?

Алдағы 1-шілдеден бастап 

ескі көліктерге утилизация 

ақысы (ескі заттарды 

тұрмыстық қалдық ретінде 

қайта өңдеу, – ред.) төлене 

бастайды. Бір көлікке 

шамамен 300-350 мың теңге 

беріледі. Қаржылай емес, 

сертификатпен. Оны жаңа 

көлікке бастапқы жарна 

ретінде жұмсауға болады.

3-бетте

                   пта басында әлемнің барлық мұсылмандары асыға күткен 



он  екі  айдың  сұлтаны  саналатын  Рамазан  айы  басталды.  Биыл  Рамазан 

айындағы Ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады. 

Биыл Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ 

Төралқа мәжілісінде өкіл имамдардың бірауыздан келісуімен Рамазан айында 

берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан 

айының бірінші күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады.

Қасиетті  Қадір  түні  шілденің  1-нен  2-сіне  қараған  түні  болады.  Қадір 

түнінде  мешіттерде  таңға  дейін  рухани  бағдарламалар  ұйымдастырылады. 

Уағыз айтылып, Құран оқылып, жамағатпен дұға жасалады.

Құрметті мұсылман қауым, отандастар! 

Сауабы еселеніп жазылатын қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған 

дұға-тілектеріңіз,  құлшылық-ғибадаттарыңыз,  әрбір  қайырлы  амалдарыңыз 

қабыл болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болуды Алла 

нәсіп етсін! Әумин!

РЕДАКЦИЯ

Қостанай қаласында Герцен 

мен  Киевский  көшелерінің 

қиылысында 

халқымыздың 

мәңгілік ерлік өнегесіне айналған 

Қобыланды  батырға  еңселі 

ескерткіш  орнатылды.  Ол 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы 

Халықаралық қайырымдылық 

қорының  қыруар  атқарған 

жұмыстарының арқасында мүмкін 

болды. Баһадүр тас тұғырдың 

үстінде Тайбурылдай арғымағына 

мініп, көк сүңгілі найзасын қолға 

алып, туған жерін қорғауға қашанда 

әзір екенін әйгілеп тұрғандай. 

Қара Қыпшақ Қобыландының 

қола  мүсіні  қаладағы  тоғыз 

жолдың  торабына  қойылып, 

барша жұрттың назарын өзіне 

аударып тұр. Тіпті, Қостанайда 

мұндай ескерткіш бұрын-сонды 

болмаған еді. 

Хас батырдың еңселі ескерткіші 

туған  жердің  әр  сүйем  жерін 

сыртқы  жаудан  қорғаған 

халқымыздың бар батырының 

бейнесі секілді елестейді. Ерліктің 

эпопеясындай болған «Қобыланды 

батыр» жырын оқымаған қазақ 

жоқ шығар. Осы жыр арқылы 

талай ұрпақ батырлыққа елтіп, 

еліктеп өсті. Тәуелсіздігіміздің 

25 жылдығы қарсаңында ұлттық 

рухты  аспандататын  мұндай 

ескерткіштің Арқа төрінен орын 

алуы заңды еді.



бАһАДүР ТАС ТҰҒЫРДЫҢ үСТІНДЕ ТАЙбУРЫЛДАЙ 

АРҒЫмАҒЫНА мІНІП, КӨК СүҢГІЛІ НАЙЗАСЫН 

қОЛҒА АЛЫП, ТУҒАН ЖЕРІН қОРҒАУҒА қАШАНДА 

ӘЗІР ЕКЕНІН ӘЙГІЛЕП ТҰРҒАНДАЙ...

Қобыланды батырдың 

еңселі ескерткіші

22-23 [799], 03-10.06.2016

 www.qazaq1913.kz  

2

Қысқа қайырғанда:

ақпарат


 

тар  ағыны



Бетті  әзірлеген:  Гүлмаржан  ТОРҒАУЫТҚЫЗЫ

Рустам Алпысбаев Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды

 Алматы облысының 

өңірлік «Атамекен» кәсіп-

керлер палатасына 300 

млн теңге инвестициялады. 

Оны қызылша саласында 

жіберуге ниетті.

«Атамекен» ҰКП 

директоры Ләззат Шың-

ғысбаев хабарлағандай, шағын бизнес субъектілеріне 

де облыс әкімдігі 300 млн теңгеден астам қаражат бөлді. 

Өңірде кредиттеу операторы  – Ауыл шаруашылығын 

қаржылай қолдау қоры» АҚ.

* * *


Қостанай облысында 

ауылшаруашылық жерлерде 

егіс науқаны аяқталды. 

Жедел мәліметтер бойынша, 

ауылшаруашылық дақылдары 

жаздық егістің 4,7 млн га 

немесе 100 пайызында 

жүргізілді. 

Дәнді дақылдар 4,2 млн га 

жерге (жоспарланған 4099,3 

мың га жердің 102 пайызы), 

майлы дақылдар – 270 мың 

га жерге (100 пайыз) егілді.

Картоп (барлығы 3,6 мың га), сондай-ақ көкөністерді 

(671 га) егу жұмыстары да аяқталды.

* * *


Жамбыл облысы негізігі 

азық-түлік тауарларына 

бағаны бақылау штабының 

басшысы – облыс әкімінің 

орынбасары Бекболат 

Орынбековтің басшылығымен 

оның өкілдері Таразда сауда 

орындары, дәріхана, жанар-

жағармай станциялары бойынша рейд жүргізді. 

Олар облыс орталығындағы азық-түлік тауарларының 

бағасы қолайлы шағын маркеттерді аралады. Штаб 

басшысы Өзбекстаннан келетін кептірілген жемістерге 

бағаның елеулі көтерілгеніне назар аударды.

«Неге біз жыл сайын Рамазан айы және Ораза айт 

қарсаңында баға  көтерілгенін байқаймыз?» деген сұрақ 

қойды облыс әкімінің орынбасары. Ал,  дүкен әкімшілігі 

сауда алаңын жалға берушілер бағаны көтергендігін   

айтып ақталды.

М

ақала авторы Тілеген Жетеевті біршама 



жақсы білетін едім. Ол Кеңес одағы жылдарында кеңшар көлемінде 

кәделі қызметтер атқарып жүрді, тіпті бірер жыл директор да 

болды. Бірақ түрлі себептермен төменге жылжытылып, ақыры 

90-шы жылдары шаруа қожалығын құрып, жеке кеткен. Осы 

жылдары ол шаруаның алға басуына өкімет тарапынан жағдай 

жасалмайтындығы, бағдарламалар тиімділікпен орындалмайтындығы, 

заң сақталмайтындығы туралы жанайқай мақалаларын жиі 

жазып, әркімге бір тиісіп жүрді. Бірер дүниесіне қолдау білдіріп, 

өзіміз де мақаламызға кіргізген едік...  

Енді оның мына мақаласының нақты мәселелеріне тоқтала 

кетейік. Ең алдымен мені «Егемен Қазақстанның» Солтүстік 

Қазақстан облысындағы екі тілшісінің бірі ретінде кітапханаға 

оны жаздыруды қадағаламайды дегені түбірімен қате. Басылым 

бір облыста бір-ақ тілші ұстайтынын көзі қарақты оқырманның 

бәрі біледі. Менің қызметім – Астанадағы орталық аппараттағы 

шолушылық. Сондықтан автор айтқандай бар уақытым «жергілікті, 

облыстық, аудандық баспасөзге мақала жазуға» кетпейді және 

газеттің жазылымын аудандарда бақылау жасауға да мүмкіндігім 

жоқ. Мұны шаруа адамы біле бермеуі мүмкін, оған сын жоқ. 

Бірақ білмейтін дүниесін оғаш деп айтып, жарты әлемге жар 

салуы – ақсақал басына үлкен сын. 

Автордың қатты сынағаны менің «Егеменнің» бетіне 2014 

жылдың 8 ақпанында шыққан «Отыздықтан орын алу оңай 

емес, ағайын» деген мақалам. Оны сол кездегі «Солтүстік 

Қазақстан» облысының бас редакторы Кәрібай Мұсырман 

ұнатып, менімен келіскен соң өз басылымына көшіріп басқан 

еді. Автор осыны оқып, менің «жергілікті басылымдарға мақала 

жазудан» қолым тимейтінін шенеп жүрген сияқты.

Бұл мақала Президенттің әлемнің барынша дамыған 30 

елінің қатарынан орын алуымыз туралы айтқан Жолдауынан туған 

ойлар болатын. Жолдауды қолдай отырып, кейбір мәселелерге 

күмән келтірген едік. Соның ішінде экономикалық дамуға 

қол жеткізгенімізбен санамыздың да биік сатыға көтерілуі 

керектігін жаза отырып, оқырманға ой тастағанбыз. Деталь 

ретінде біздің арамызда әлі де рушылдық кеселдің қатты екенін 

ескерткенбіз. Мәселен, бір тойда Елбасымен бір рудан екенін 

айтқан «жаман кемпір» оны «менің інім», «менің туысым» деген 

сөздермен жұртты ығыр қылғаны артық болғанын жазғанбыз. 

Сөйтіп, Жетеевше айтқанда «ақ жаулықты анаға» тіл тигізіппіз. 

Жалған сөз Жарға 

Жығады

«ҚАЗАҚ» газетінің жуырдағы нөмірлерінің бірінде «Ұлтсыздану мен рухсыздану» 

(01-15.04.2016 ж.) атты мақала жарияланды. Әркімнің өз ойын айтуға, өзінің білім, 

мәдениет деңгейінде пайым жасауға толық хақы бар, сондықтан мақаланың 

ұстанымын дұрыс, я бұрыс деуден аулақпыз. Тек бар сұғын тікелей маған 

қадағандықтан газеттің ондаған мың оқырмандарының алдында жауап беруді 

өзіме міндет деп санадым.

«қазақ» газеті жазып еді...

ақтөбеде 5 маусым күні болған қарулы қақтығыста 

қаза тапқан бейбіт тұрғындардың аты-жөні белгілі 

болды. олар:

1. максименко андрей владимирович, 1972 

жылғы, «паллада» дүкенінің сатушысы. отбасы 

ақтөбеде тұрады.

2. онищенко николай александрович, 1947 жылғы, 

«паллада» дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан кезде 

өлтірілді, орынбордың Сагарчик ауылының тумасы. 

отбасы ақтөбеде тұрады.

3. тәжібаев мерхан есенбайұлы, 1983 жылғы, 

«күзет» қызметінің қызметкері, артында екі баласы 

қалды. отбасы ақтөбеде тұрады.

4. матросов михаил витальевич, 1981 жылғы, 

«пантера» дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан 

кезде өлтірілген. 13 жастағы ұлы қалды. отбасы 

ақтөбеде тұрады.

5. Сапар дасбол еркімбекұлы, 1997 жылғы, 6655 

әскери бөлімінің жедел қызметінің сарбазы. отбасы 

Шардара ауданының (оқо) көксу ауылында тұрады.

6. майлыбаев даниэль ақарысұлы, 1975 жылғы, 

әскери қызметші, 6655 әскери бөлімінің офицері, 

қызылорда облысының тумасы. отбасы алматы 

облысында тұрады.

7. қалиев берік ерланұлы, 1978 жылғы, әскери 

қызметші, 6655 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша 

жұмыс істеген, артында 4 баласы қалды. отбасы 

оралда тұрады.

8. байқанатов нұрбек Сергеевич. 

бүгінгі күні қарулы қарсылық кезінде 

шабуылшылардың қатарындағы 13 қылмыскер 

өлтірілді, төртеуі жараланып, жетеуі іздестірілуде.

Е

лдің мұсылмандары мен бүкіл ислам 



дүниесі барша айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан 

айында өтетін Оразаға дайындалып жатқанда 

Ақтөбе қаласында жантүршігерлік лаңкестік 

оқиға орын алды.

Сіздер мен біздің бауырларымыз – бейкүнә 

жандар жазықсыз құрбан болып, оққа ұшты.

«Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың 

туыстары мен жақындарына қатты қайғырып, 

көңіл айтады.

Біз әкесінен, бауырынан және баласынан 

қапыда айырылған Сіздердің әрқайсыңыздың 

қайғыларыңызға ортақпыз. Сіздермен бірге біз 

де аза тұтамыз.

Террористерде ешқашан ұлт та, діни сенім де 

болмаған. Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің 

қасапты әрекеттерін жалған діни ұрандармен 

ақтап алғысы келеді.

Мұндай адамгершіліктен мүлде ада іс-әрекеттердің 

мүбәрак дінімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын 

айрықша қайталап айтқым келеді.

Нағыз мұсылман үшін ислам – әрдайым 

бейбітшіліктің, мейірімділіктің, төзімділіктің және 

өзара құрметтің діні болып қала береді.

Біз туған Отанымыздың тағдырын ойлайтын 

бүкіл халықты бірлік пен берекеге шақырамыз.

Барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті 

құндылықтар саналатын тәуелсіздік, саяси 

тұрақтылық пен қоғамдық келісім Елбасымыз 

ұстанған Қазақстанның нығаюы, өсіп-өркендеуі 

мен гүлденуіне бағытталған саясатының берік 

іргетасы екендігін әрқашан ұмытпауымыз керек.

Бүкіл отандастарымызды ағайынның бірлігін, 

еліміздің тыныштығын, халқымыздың татулығын 

көздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайта 

беруге шақырамыз.

[ақтөбе қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік 

оқиғаға қатысты жасаған үндеуінен]

Сөзбе


өз

мұхтар 



құл-мұхаммед,

«Нұр Отан» партиясы 

төрағасының 

бірінші орынбасары:

Егер біреулер бәрімізге ортақ тұлғаны, ұлттың мақтанышын 

жеке дара иеленгісі келіп, өзгелерді кеудеден итергендей 

шеттетіп тұрса – ол ақылсыздық емей немене? Әркім өз 

руын мақтап шалқая берсе біздің басымыз қалай қосылады? 

Ондайды ақылсыздық демей, қарапайым тілмен «жаман кемпір» 

я «жаман шал» десе әрі өткір, әрі жетімді, әрі нақты болмас 

па еді? Автор ретінде олай айтуға қақым бар. Осыны естіген 

басқа да ақылсыз адамдар жалпы ұлттық тұлғаларымызды 

жекеменшіктеуге болмайтынын, өйтсе «жаман» атанып қалатынын 

біліп, сабырға келмес пе еді? Мәселенің тетігі осында ғой. 

Жасы біразға келсе де осыны ұқпаған адамға не айтарсың? 

Әйелдің бәрі ана емес, ананың бәрі дана емес екенін түсіне 

алмайтын осындайлар және өзеуреп, біреуге ақыл айтқыш.

Аталмыш мақаламызда осы «дерттен» арылуға байланысты 

өз ойымызды білдіріп, қоғамдық орындарда ешкім де өз руын 

мақтап, оны басқалардан артық екенін айтуды қойдыру керек 

екенін құлаққағыс етіп, нақты шара ретінде әкімшілік жаза 

белгілеп, көпшілік жерде көп айтқан адамға 100 немесе 200 

АЕК көлемінде айыппұл салынады делінсе, ешкім де ауызға 

алмас еді деп жазғанбыз. 

Жетеевті желпінткен әсіресе осы ойлар екен. Осы қалай, руды 

қалай ұмытамыз деп қатты ширығыпты ол. Өз ойын бекіте түсу 

үшін руды білудің пайдасы туралы біршама белгілі адамдардың 

да пікірлерін келтіріп, мақаласын көлемді ете түсіпті. 

Әрине, Жетеев өмір сүріп жатқан терістікте оның қоғамда 

үлкен кесел екенін көп адам біле бермейді. Өйткені, онда 

қазақтан гөрі басқа атаның балалары көп қоныстанған, 

олармен әңгімелескенде  рушылдықты күлкі қылып, әзілге 

айналдыру да жиі кездеседі. Ал өз ағайындарымыз көп 

қоныстанған жерлерде оның әділетті аяққа басып, туысқа 

бұру тұрғысындағы залалы өте көп екенін бәріміз де көріп 

жүрміз. Және осы кесел жастар арасына да жайылып бара 

жатқаны шошынтады. Кейбір мектептерде оқушы қыздарға 

дейін руларын айтысып, бір бірінен бөлініп, таласып  жүретінін 

білеміз. Әрине, руыңды біл, бірақ өзге жұрттың алдында оны 

айтып, мақтап, асыра бағалау арқылы бір-бірімізге қарсы 

келмейік деген мағынада жазылған дүниені Жетеев ақсақал 

білмегенімен, білімі мен білігі толық талай азамат жоғары 

бағалаған еді.

Сол сияқты біздің қоғамның заңға үстемдік беру 

проблемасында шабандап жүргені, мәселелер көп жағдайда 

Абай заманындағыдай «ісі білмес, кісі білермен» шешіліп 

жататынын сынаған болатынбыз. Ал заң үстемдік етсе ешкім 

де, ештеңеден де жасқанбай, дамыған шетелдердегі сияқты 

іс-әрекет етер деген пікірді де ортаға тастаған едік. Жетеев 

ағамыз осыған да шамданып, біздің дамыған шетелді, соның 

ішінде АҚШ-ты мысал еткенімізге қатты «шаршап» қалыпты. 

Ғасырлар бойы «дамудың даңғыл жолына түскен алпауыт елмен 

тәуелсіздік алғанына небәрі ширек ғасыр болған Қазақстанды 

салыстырудың өзі ыңғайсыз емес пе?» деп «қысылыпты» ол. Бейне 

Қазақстан тәуелсіздік алмағанда заңның не екенін білмеген 

сияқты? Заңның үстемдік етуіне қол жеткізу мемлекеттің ұзақ 

тарихымен байланысты емес. Балтық бойындағы республикалар

Сингапур, Малайзия және т.б. мемлекеттерде ол бірден-ақ 

үстемдік алып кетті емес пе? Сондықтан мұны – сырын білмей 

сын айту деп қана қабылдадық.

Кешелер ғана заңның орындалмайтынын, алынған 

бағдарламалардың орындалуы қадағаланбайтынын айтып, 

шырылдап жүретін Жетеевтің енді заңның мүлтіксіз орындалатынына 

көзі жетіп, жетіліп қалғандай ма деп те қалдық. 

Әрине, біреудің мақаласы туралы пікір білдіруге, сын айтуға  

болады. Бірақ тек қаралауды көздемей, өрең жеткен мәселеге 

өрісті пікір айтып, олқысы болса тауып жатса, ондайға құба құп 

дейміз ғой. Ал мына жерде «Самрат сияқтылар оны оқымайды», 

«бос сандырақ», «халқымыздың абыройына жағылған қара 

дақ» деген секілді қара күйелер жаққаны үшін оны сотқа 

тартса да болар еді, бірақ ой-өрісі жеткен жері осы болып 

тұрған адамдармен алтын уақытыңды сарп етіп жүресің бе? 

Тек ондай сыншыларды Крыловтағы есектің бұлбұлға айтқан 

сынындай қабылдап, «Сөйтсе де мұндай сыншыдан, Құдайым 

бізді сақтасын» дегеннен басқа амал жоқ.

Жақсыбай САМРАТ, 

журналист

ТАСМАғАМбеТов ҚыТАйдың 

ҚоРғАныС ведоМСТвоСының 

бАСшыСыМен кездеСТі

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қытай 

Халық Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы  

Чан Ваньцюаньмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс 

министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Ш

анхай ынтымақтастық ұйымы қорғаныс 



министрлері кеңесінің өткізілуі шеңберінде Астанада Қазақстан 

Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен 

Қытай Халық Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы 

генерал-полковник Чан Ваньцюаньнің екіжақты кездесуі өтті», – 

делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық-қытайлық 

ынтымақтастықтың жағдайы жоғары деңгейде тұрғаны айтылады. 

Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық пен 

ынтымақтастық туралы шартта негізделеді. 

«Екіжақты ынтымақтастық туралы айтқанда әр жыл сайын әскери 

және әскери-техникалық салаларда қазақстандық-қытайлық өзара 

іс-қимыл тұрақты оң серпінге ие екенін атап өтуге болады», – деп 

хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

«ТеРРоРИСТеРде 

ҰЛТ ТА, 

дінИ СеніМ де 

боЛМАғАн»

АҚТөбедегі ТеРАкТ кезінде ҚАзА 

ТАпҚАндАРдың АТы-Жөні беЛгіЛі боЛды

ынтымақтаСтық



22-23 [799], 03-10.06.2016

 qazaq1913@nur.kz  

3

Қысқа қайырғанда:

Бетті  әзірлеген:  Мадияр  ӘЗИЗҰЛЫ

байқоңырға жақын орналасқан Елшібай стансасында туристерге арналған этноқалашық құрылады

м

аман пікірі



«доЛЛАРды көпТеп ЖИнАп 

АЛғАн еЛдеР енді 

өзАРА ЖАРыСҚА көшТі»

қытайлық экономист Сун Хунбин Еуразиялық одақ 

елдеріне ортақ валюта енгізуді ұсынды

«біРыңғАй вАЛюТА 

ЖАҚСы бАЛАМА»

Жаһандық дағдарыс жағдайына 

осыдан екі жылдай бұрын АҚШ-тың 

Федералдық резервтік банктің доллар мен 

құнды қағаздар шығаруды доғаруы себеп 

болды. Осыдан соң дамушы нарықтарда

өсіп келе жатқан экономикаларда 

дағдарыс орын алды. Жағдай алдағы 2-3 

жылда нашарлай береді, бірақ 3-5 жылдан 

соң тұрақталады. Қалай дегенмен де 

Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері 

әлемдік экономика үшін болашағы зор 

елдер.

Бірыңғай валюта жақсы балама 



болады. АҚШ долларының тапшылығы 

әбден қысқанда бірыңғай валютаны 

пайдалану – жақсы таңдау. Адамдар 

қалайда сауда-саттық жасауы керек, міне, 

осы кезде ортақ валютаны пайдалануға 

болады.


Сун Хунбин – 48 жастағы қытайлық экономикалық сарапшы. Оны 

америкалық Business Week журналы Қытайдағы ең ықпалды 40 адамның 

қатарына қосқан. Сарапшының қаламынан шыққан «Валюталар соғысы» 

деп аталатын кітабы қаржы және экономика тақырыбындағы әлемдік 

әдебиеттердің көшбасында тұр. Бұл туынды осы күнге дейін сала 

мамандарының жата жастанып оқитын шығармасына, ал әлемнің 

жетекші жоғары оқу орындары үшін таптырмас әдістемелік құралға 

айналған. Бірнеше сериядан тұратын бұл кітаптарында автор 2007-жылғы 

АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысты және 2008-жылғы әлемдік қаржы 

дағдарысын алдын-ала дөп басып айтқан. Оның бұл болжамы Қытайда, 

кейін бүкіл әлемде өте қызу талқыланды. Әлемдік деңгейдегі әккі 

маман өткен айдың соңында Астана экономикалық форумына да 

қатысты. Артынан әлемдік қаржы тарихының көрнекті өкілі, ғаламдық 

экономиканы зерттеудің тәуелсіз сараптамалық орталығының негізін 

қалаушы әрі жетекшісі Сун Хунбин bnews.kz ақпараттық порталының 

тілшісіне сұхбат беріпті. Сол сұхбаттың ықшамдалған нұсқасын оқырман 

назарына ұсынып отырмыз.

«Теңге үшін ҚАзіР 

СындАРЛы кезең»

Ресей рублі секілді өсіп келе жатқан 

экономикалардың, дамушы нарықтардың 

ұлттық валюталары қазір дағдарысты 

бастан кешіп отыр. Долларды көптеп 

жинап алған елдер енді өзара жарысқа 

көшті. Осыған байланысты доллардың 

құны өсіп, ал тауарлар (мұнай, газ және 

пайдалы қазбалар) бағасы құлдырап 

барады. Осы себепті жағдай тұрақтанбай 

тұрып, әлі 2-3 жыл нашарлайды. Ал теңге 

үшін қазір сындарлы кезең.

Басқа валютаға көшу процесі 

аймақтың барлық елдері үшін ақылға 

қонымды шешім болып табылады. 

Дейтұрғанмен, көптеген қауіптер 

туындайды. Ол үшін ең алдымен 

дамыған инфрақұрылым болу керек. 

Банк секторы, бір жағынан елдер 

арасындағы есептесулерді назарда 

ұстап, екінші жағынан, ресурстар сатып 

алуды қамтамасыз етуі тиіс. Долларды 

тек есептесу үшін ғана емес, сондай-ақ 

инвестиция үшін пайдаланатынын естен 

шығармау керек. 

«Жіө 5-6% өСіМде 

ТҰРАҚТАйды»

2015 жылдан соң Қытайда адамдар 

юаньнің жағдайы ендігі жерде V 

бейнесінде емес, ағылшынның L әрпі 

формасында болатынын түсіне бастады. 

Бұл күрт құлдырау және көлденең 

қозғалыс дегенді білдіреді. Енді Қытайдың 

ЖІӨ 5-6% өсімде тұрақтайды. Екінші 

жағынан, Ресей мен Қытай бірыңғай 

валютаға көшуді ойға алып жатыр. Юань 

бірыңғай валютасы мен Қазақстан, Ресей 

және Орталық Азия елдері қарастырып 

жатқан бірыңғай валютаны біріктіру 

нұсқаларын қарау қажет.

нарық 

пен


 халық

Екі жылдан бері басынан бағы тайған отандық автонарық туралы 

«ҚАЗАҚ» газетінің өткен сандарының бірінде жазған болатынбыз 

(Қараңыз: «тығырыққа тірелген отандық автонарық», №18-19). 

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, өткен 

жылы автокөлік нарығының ресми дилерлері  97 446 жаңа автокөлік 

сатқан. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 40,4 пайызға аз. 

А

л   2014-жылдың  екінші  жартысынан  басталған  көлік  



нарығындағы құлдырау 2015 жылы толық күш алды. Әсіресе, сол жылдың үшінші 

тоқсанында батыс мемлекеттерінің жаппай салған санкциялары мен рубльдің 

құнсыздануының кесірінен солтүстіктегі көршімізде (Ресейде) барлық тауарлармен 

бірге автокөліктің де рубльге шаққандағы құны айтарлықтай арзандады. Оған 

Еуразиялық экономикалық одақ ішінде сатып алынатын көліктерге салынатын 

Қосымша құн салығы (ҚҚС) алынып тасталғанын да қосыңыз. Нәтижесінде, осы 

уақыт аралығында Қазақстанға 150 мыңға жуық автокөлік әкелінді. Яғни, арзан 

көлікке ағылған қазақстандықтардың қыруар қаржысы көрші елге кетті. Бұл – бір. 

Екіншіден, автонарық саласындағы дағдарыстың екінші толқыны – 2015 жылғы 

тамыздағы теңгенің құнсыздануынан кейін келді. Бұл девальвация төлеуге қабілетті 

клиенттердің сұранысының төмендеуіне әкелді. Нәтижесінде, бізде бар 34 брендтің 

27-сінде сатылым құлдырап кетті.

Мемлекет те қарап отыр дей алмаймыз. Автонарық саласында қадамдар жасалып 

та жатыр. Айталық, енді 1-шілдеден бастап ескі көліктерге утилизация ақысы (ескі 

заттарды тұрмыстық қалдық ретінде қайта өңдеу, – ред.) төлене бастайды. Бір көлікке 

шамамен 300-350 мың теңге беріледі. Бірақ қаржылай емес, сертификатпен. Оны 

жаңа көлікке бастапқы жарна ретінде жұмсауға болады. Бұл туралы Қазақстан 

автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев мәлімдеді.

Қаражат көлемі нарықтағы сатылып жатқан ескі көліктердің құнымен өлшенген. 

Қазір тозығы жеткен «темір тұлпар» бағасы мың долларға жетпейді. Бұдан былай, 

олардың қожайындары дилерлік орталықтарға жүгініп, көлігін утилизацияға тапсыра 

алады. Сол жерде оның құны жазылған сертификат беріледі. Ал жаңа көлік сатып 

аларда бастапқы жарна ретінде бір емес, бірнеше сертификаттың басын біріктіруге 

мүмкіндік бар.

«Алғашқы жыл болғандықтан, бұл жобаға отандық қана емес, импорт машиналарды 

сатып алатындар да қатысуын ұсындық. Тек бағасы 30-40 мың доллардан аспайтын. 

Биыл көлік нарығында баға құбылмалы. Ал сертификат саны жеткілікті. Бәрін қамтуды 

ойлап отырмыз», – деді Андрей Лаврентьев.

Айта кетейік, электронды түрде тіркелген барлық мәлімет «Өндірушілердің 

кеңейтілген міндеттемелері» операторына өтеді. Ол жыл басынан бері жұмыс 

істейді. Елімізде сатылған импорт көліктер утилизация ақысын да сол операторға 

төлейді. Үкімет жанынан құрылған Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жиналған 

барлық қаражатты ескі көліктерді бөлшектеп, шикізатын қайта өңдейтін зауытқа 

жұмсамақ. Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысында осындай екі зауыт бой 

көтереді. Келесі жылы елімізде ескі көліктердің 80 пайызы кәдеге жаратылатыны 

жөнінде жоспар бар.

Е

ліміздің «Білім туралы» заңында оқыту 



формасын, әдістерін, технологияларын  таңдауда көп 

нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру 

мекемелеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, 

педагогикалық үрдісті кез-келген үлгімен құра 

беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-

тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық 

дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын 

ұтымды қолдану. 

Білім алу – адамзат әрекетінің ең маңызды 

бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. 

Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің 

дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, 

бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті 

қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі 

болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық 

ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, 

қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға 

тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән 

беріп отыр. Өйткені, әрекет – саналы мақсатқа 

тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы 

білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-

әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі 

жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық 

қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.  

Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен 

міндеттер жүктейді. Себебі, әрбір мемлекеттің 

болашағы оқу орындарында шыңдалады. 

Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын 

айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі 

бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Білім 

беру – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың 

үздіксіз процесі. Бүгінде оқу-тәрбие ісінде білім 

алушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері 

жеткіліксіз деп есептелінеді. Алайда олардың оқу 

проблемасын басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше 

білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-

білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника 

жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, 

зерттеп, өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де 

төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр? Бұл 

проблемаларды шешу үшін білім алушылар білім 

үрдісінде инновациялық технологияларды оқып 

үйреніп, өз іс-әрекеттеріне енгізу қажет деп ойлаймын. 

Олар білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұнын, 

құрлымын, ғылымға және тәжірибеге негізделген 

жаңа идеялары мен жаңа технологияларды игеруі 

қажет. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын 

оқу мазмұны мен білім алушылардың жас және 

психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, 

тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің 

маңызы зор. 

Қазіргі білім беру саласындағы  оқытудың озық 

технологияларын меңгеру мұғалімінің интеллектуалдық, 

кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және 

де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі 

әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін 

тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалімнің 

инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа 

технологияларды енгізу. 

Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың 

сан алуан түрлері бар. Соның бірі – сыни тұрғыдан 

ойлауды дамыту. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын 

тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды 

қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, 

оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, 

салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен 

тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау 

деп түсіндіреді.  Сыни тұрғыдан ойлау – ой-дамытудың  

негізі, ол әрбір тұлғаның терең білімділігі мен 

тәжірибесінде жатыр. Сын тұрғысынан ойлауды 

кейбір мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» 

деген ұғыммен шатастырады. Сол себепті де 

мұнда сыни ойлауға ғалымдардың берген әртүрлі 

анықтамаларына тоқтап кетейік. Олардың ішінде 

психолог В.Г.Крутецкийдің берген анықтамасы 

көңілден шығады. Ол «Ойдың сыншылдығы – бұл 

адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді 

бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен 

қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру» 

дейді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. 

Бірақ, бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға 

тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың  да 

бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз 

даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір 

жетістіктерге жетері сөзсіз. Тиімді сыни ойлауға 

қатысу үшін білім алушылар өздеріне деген сенімдерін 

және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын 

түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, 

басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға 

және құрастыруға дайын болулары керек. 

Біздің колледж ұстаздары мен өндірістік оқыту 

шеберлері кеңінен «Венн диаграммасы» атты 

тәсілді кеңінен қолданады. Бір-бірінен айқасқан 

қос шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін 

объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан 

жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға 

арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып 

білім алушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру 

сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. 

Кең көлемде пайдалануға қолайлы әдіс – 

«Жигос». Бұл стратегия мазмұнды жоғары табыспен 

меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оны 

қолдану барысында білім алушының оқуға деген 

қызығушылығы артады, ұжымда  жақсы қарым-

қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. 

Қорытындылай келе, атақты грек философы 

Сократтың «Білімнің өзінен гөрі, адамдардың білім алуға 

деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру маңызды» 

деген сөздерін келтірген орынды. Бүгінгі таңдағы  

білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы 

мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы 

фактор. Мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев айтқандай, экономиканың 

қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы 

талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана 

алатын шығармашыл адамдар қажет.

зарина бекМҰРАТҚызы, 

жаркент көпсалалы 

колледжінің өндіріс шебері

білім көкжиегі

Нұрсұлтан Назарбаев: 

«ХХІ ғасырда білімді 

дамыта алмаған 

елдің  тығырыққа тірелері анық.  Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және 

ғылыми қамтылған  өндірістері үшін  кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы 

білім беру жүйесіз әрі  алысты барлап,  кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы 

басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз», – деп атап көрсетті.

өндірістік сабақтарда қолданылатын 

жаңа педагогикалық 

технологиялар

еСкі көЛікТеРге 

ҚАншА ТөЛенеді?

әй

, қап!


Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 

мәдениет пен шоу бизнес өкілдері және асабаларды салық 

органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, табыстарынан салық 

төлеп, мүліктерін жариялауға шақыруда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» 

хабарлады.

САЛыҚ ТөЛеуден 

ЖАЛТАРып 

ЖүРген әншіЛеР

«Б

изнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін 



2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық кодексіне бірқатар оңтайлы өзгерістер 

енгізілді. Сондай-ақ, мүлікті жариялау мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына 

дейін ұзартылды. Бірақ, соған қарамастан салық төлеуден, мүлкін жария етуден 

жалтарып жүргендер бар. Бұл, әсіресе, әншіл, тойшыл және ойыншыл қауымның 

ішінде кеңінен өріс алып жатыр. Олар кімдер? Олар – мәдениет пен шоу бизнес 

өкілдері және асабалар», – делінген департаменттің хабарламасында.

«Қымбат үйлер мен қымбат көліктерді, қымбат киімдерді пайдаланып, қымбат 

клиптер түсіріп жүрген белгілі өнер тарландарының салық төлемей, мүлкін 

жарияламай жүргені өкінішті. Мысалы, белгілі әнші Бүркіттің 2015 жылғы табысы 

(доллардың ескі бағамымен алғанда) 1 миллион АҚШ долларын құраған. Алайда 

ол жеке кәсіпкер ретінде салық органында тіркелмеген және өзі жасап жүрген 

шоу бизнесі бойынша мемлекетке бір тиын салық төлемеген. Бұған қоса, белгілі 

әншілер Асхат Тарғын (табысы 172,8 миллион теңге), Алишер Кәрімов (135 миллион 

теңге), Ділназ Ахмадиева (108 миллион теңге), Бақтияр Мамедов (90 миллион 

теңге), Әли Оқапов (54 миллион теңге), Жанар Дұғалова (45 миллион теңге) бар. 

Есімдері аталған өнер жұлдыздары қомақты табыс тапқандарына қарамастан, 

салық төлеуден бойларын аулақ салған», – делінген хабарламада.

Дегенмен, салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген өнер жұлдыздары да бар 

екен. Олар – Луиза Қарынбаева мен Мақпал Исабекова. Алайда, тіркелгендерімен 

олар да салық төлеуден бас тартқан.

Сонымен, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 

хабарлауынша, қазіргі уақытта мәдениет және шоу бизнес өкілдерін салық органында 

тіркеу және салықты мәжбүрлі түрде декларациялау мәселелері қатаң қолға алынып 

жатыр. Алдағы уақытта продюсерлік қызмет, дыбыс жазу, клиптер түсіру сияқты 

қызмет саласы да салықтық бақылауға алынады. Оған қоса, Әкімшілік құқық бұзу 

кодексінің 275 бабына (Салық салу объектілерін және салықтық есептілікке жататын 

өзге де мүлікті жасыру) жаңа өзгерістер енгізілді. Онда жасырылған мүлік әшкере 

болған жағдайда салынатын айыппұл көлемі 250-ден 500 айлық есептік көрсеткішті 

(530 мыңнан 1 миллион 60 мыңға дейін) құрайтыны жазылған.


22-23 [799], 03-10.06.2016

 www.qazaq1913.kz  

4



  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал