Жасуша теориясы (клеточная теория); (гр.teoria cellulae cellula — жасуша және теория) — жасушалар туралы биологиялық жалпықорытынды, ғылымитұжырым. Жасуша теориясының негізін қалағаннеміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.). Жануарларжасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауғаөсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектерібойынша жинақталған деректер мен өздерініңғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлармен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатыныңбіртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың біріболып саналады.Оның негізгі қағидалары:
1. жасуша — тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдықбірлігі;
2. жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы әртұрліұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған;
3. жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;
4. жасушалар біртұтас ағзаның бірбөлігі. Организм ұлпаларында жасушаларданбасқа жасуша туындылары — бейжасушалыққұрылымдар (симпласт, синцитий) және оныңөнімдері — жасушааралық зат болады
Тірі ағзалардың жасушалық құрылымыныңашылуы – күрделі оптикалық аспаптардың(микроскоптардың) ойлап табылуымен тығызбайланысты болды. Өсімдік ұлпасыныңжасушалық құрылымын бірінші болып 1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) ашқан. Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларыныңжасушалық құрылымын Р.Гуктің замандастарыиталиялық ға-лым М.Мальпиги (1628 – 1694), ағылшын ботанигі Н.Грю (1641 – 1712), т.б. өззерттеулерінде дәлелдеген (1671). Клетка теориясысының қалыптасуына чех ғалымы Я.Пуркине (1789 – 1869) үлкен үлес қосты. Ол жасушаның негізгі қызметтік бөлігі жасушақабықшасы емес, оныңішіндегі протоплазма екендігін дәлелдеді.
Өсімдік жасушасы протоплазмасындағы ядроныағылшын ботанигі Р.Броун (1773 – 1858) ашты(1830). Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны жасуша құратын цитобласт деп анықтама бергеннеміс ботанигі М.Шлейден (1804 – 81). Шлейдентеориясын одан әрі талдап, Клетка теориясысынқұруда неміс зоологы Т.Шванның (1810 – 82) еңбегізор болды. Ол жануарлар мен өсімдік жасушасықұрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкенекенін анықтады. Клетка теориясының бұданкейінгі дамуы протоплазма мен жасуша бөлінуіашылуына байланысты болды. 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р.Вирхов (1821 – 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясытұрғысынан қарастырып, жасушадағы ядроныңмаңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну арқылы көбейетіндігіндәлелдеп берді. Тұқым қуалау белгілерініңсақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін жасушаядросы басқаратынын Э.Геккель анықтады (1866). 1970 – 80 ж. барлық жасушалы ағзаларға тәнжасуша бөлінуінің тәсілі митоз ашылды. Қазіргікезде Клетка теориясы көп жасушалы азғаларбірлескен жеке жасушалардан тұрады жәнеолардың өзара байланыстылығынан ағзаныңтұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастыққасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктердежасушалардың цитоплазмалық байланысы арқылыжүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тіріағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі – жасуша екендігін одан әрі дәлелдей ттүсті.
2. Омыртқалы жануарлардың эмбриогенезіпроцесінде эмбрионнан тыс мембраналардыңтүзілуін, олардың құрылысы мен функционалдық маңыздылығын сипаттаңыз.