1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет15/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Жасуша қабықшасының басты рөлі — жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Жасуша қабықшасы арқылы жасушаға су мен қоректік заттар түсіп, тіршілік әрекетінің өнімдері сыртқа шығарылады.
Цитоплазма — жасушаның ішін толтырып тұратын зат, ол үнемі және баяу қозгалып тұрады. Онда белгілі бір қызмет атқаратын жасушалық құрылымдар — органоидтер болады.
Ядро — жасушаның ең маңызды бөлігі, ол көбеюге жауапты (бөліну).
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылысы бірдей, тіршілік процестері ұқсас болғанына қарамастан, ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болады (1-сурет). Олардың айырмашылықтары қандай? Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан (клетчатка)тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады.
2. Хордалылардың эмбриондарындағы нейрула сатысын сипаттаңыз. Ұрық қабатының дифференциациясы қалай жүзеге асады.
Онтогенез – организмнің жеке дамуы. Жыныс клеткаларының қосылып, зиготаның түзілуінен тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңі организмнің жеке дамуы деп аталады. Өімдіктерде тұқым онтогенездің бастапқы кезеңі болады. Тұқым өніп, әр түрлі қызмет атқаратын ұлпалар, олар өсімдіктің мүшелерін түзеді. Жыныстық көбею мүшесі – гүл жетіліп, қосарланып ұрықтану жүрген соң, түзілген жемісер мен тұқымдар шашылады да, бір жылдық өсімдіктердің тіршілігі тоқтайды. Екі жылдық, көп жылдық өсімдіктер де бар. Жануарларда онтогенез екі кезеңнен: 1) Эмбрионалды – зиготадан туылғанға немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққанға дейін; 2) постэмбрионалды – туылып немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңнен тұрады. Көп клеткалы жануарлардың эмбрионалды дамуы (ұрықтың жетілуі) бір-біріне ұқсас болады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы – ол әрі бір клетка, әрі дамудың бастапқы кезеңіндегі организм. Бұл клетка дамуында бластула, гаструла, нейрула және мүшелер түзу кезеңдерінен өтеді.
Нейрула — организмдердің жеке дамуының бір түрі. Нейрула сатысы кезеңінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Мысалы, эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады. Бұл түтік- ми мен жұлынның бастамасы. Мидың дамуына байланысты іле- шала эктодерма қабатынан бокал тәрізді екі көз, тері жабын мүшесі, есту мүшесі және иіс сезу мүшелері пайда болып, ұрықтың дамуы жеделдей түседі. Энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелердің бастамасы, ас қорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқы безі және т.б. дамиды.
Мезодерма қабатынан желі бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек және болашақ организмнің қан тамырлары жүйесі пайда болады. Эмбриондық даму басталған кезде мүшелердің дамуын қамтамасыз ететін хромосомалардағы әр түрлі гендердің жұмысы күшейе түседі. Осыған байланысты жасушадағы нәруыз синтезінің қарқындылығы да артады. Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары өзара ұқсас болады. Бұл ұқсастық Жер шарындағы тірі организмдердің шығу тегінің бір біріне байланыстылығын көрсетеді.

3. Орындалатын функциялардың ерекшелігімен байланысты түтікшелі пен кірпікшелі эпителийдің қалыптасуы мен құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.



4. Жүйке ұлпаның жалпы сипаттамасы. Нейрондардың құрылысы мен түрлері.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді . Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады , оны ( нейроглия ) , (гр."neuron"- жүйке , "glia"- желім ) дейді . Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны нейроның "серік жасушалары " деп те атайды .
Жүйке жүйесінің қызметі. Жүйке жүйесінің міндеті – жеке бөліктердің өзара әсері барынша тиімді болу үшін жеке мүшелер мен жүйелердің жұмысын ұйымдастыру. Яғни, жүйке жүйесі жеке бөліктердің жұмысын ұйымдастырып, оларды тұтас ағзаға айналдырады. Қарапайым мысал келтірейік. Егер жануар жүгірсе, оның бұлшық еттеріне көп энергия қажет. Демек, тыныс алу және қан тамырлары жүйесі де жа- сушаларды оттекпен қамтамасыз ету үшін белсенді болуы керек. Сонымен қатар органикалық заттар ыдыраған кезде түзілген артық жылу мен шлактан белсенді түрде арылу қажет.
Теріде тамырлардың ұлғаюы, оның қызуы мен тер бөлуі белсенді түрде жүреді. Осы үдерістердің барлығы жүйке жүйесі қатысында жүзеге асырылады. Жүйке жүйесінің қатысынсыз мүшелер жұмысын үйлесімді бақылау мүмкін емес. Жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Жүйкe жүйесінің мүшелері (жұлын, ми, барлық жүйке) жүйке ұлпаларынан тұрады. Жүйкe ұлпаларының подтиптері болмайды. Олардың барлығы жасушалардың екі түрінен: нейрондар мен нейроглиялардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет