Ұрықтыңдамуы, эмбриогенез (грек.embryon — ұрық және грек.genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннанбастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесетуғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.
Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңіболады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым біржұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілеттіжәне әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратынкөп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбіржануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ертекезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлықжануарларда ұрықтың дамуыұрық ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесежұмыртқаның белсенділігінің артуынан(қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенезкезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөлінуарқылы көп жасушалы ұрыққа айналукезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектенунәтижесінде көп жасушалы ұрық— бластула түзіледі. Бластула әр түрліжануарларда түрліше болады. Ол:
сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),
құстарда, бауырыменжорғалаушыларда — дискобластула,
қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.
Гаструляция процесі кезінде ұрықжапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкібөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте— эктодерма, ал ортасында— мезодерма қалыптасады. Жүйке түтігініңтүзілуін нейруляция дейді. Ұрықжапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерініңқалыптасуы — гистогенез, ал тіндерденоргандардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын— системогенез деп атайды. Ұрықтың дамуыныңерте кезеңінде эмбрионалды жасушалар көптегенбағыттарда дамуға қабілетті болады. Бірқатарфакторлардың әсерінен кейін олардетерминияланады, яғни, бағытталған бір жүйедедамуы барысында олардың құрылымы мен қызметі мамандана бастайды. Мысалы, эктодерманың жүйке жүйесі түзілетінбастамасында бас миы жекеленіп, оның бірбөлігінде көздің бастамасында дамиды да, колба және таяқша тәрізді көру жасушаларықалыптасады. Ұрықтың дамуы жасушада тұқымқуалау аппаратымен анықталады. Ядродаболатын хромосомалар бір белоктың құрылымытуралы ақпарат жазылғанкөптеген гендерден құралған. Генде кодталғаната-ана ағзасындағы белгілер ұрықтың дамуыкезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кездегендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әртінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезінқамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтыңдамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуінебайланысты болады. Гендер қызметі өсіп кележатқан жұмыртқа жасушасында сары уыз жәнеРНҚ молекуласының барлық типтеріжинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдыңбарысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуымына бағытта жүреді:
дифференциация факторлары арнайы гендердііске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, ал
белоктар болса, жасушалардыңдифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді.
Бұл процесте көптеген белоктардың қызметтеріанықталған. Мысалы, гемоглобин — эритроциттердің қалыптасуы барысында; миозин — бұлшық еттің пайдаболу кезінде, ферменттер мен гормондар — әртүрлі бездердің даму барысында түзіледі. Ұрықтың дамуы кезіндегі гендердің қосылуы мен ажырауынының механизмі толықтай анықталғанжоқ. Сондықтан жасуша пішінінің өзгерісін, ұрықтың дамуы барысында олардың қозғалысынжәне бағытын анықтайтын белоктар да аз зерттелген. Ұрықтың дамуыныңсоңында ұрықтың қабықшадан шығуы немесетуылуы үшін қабықшаны ерітетін ферменттерсинтезделеді немесе қауызды жарып шығатынарнайы құрылым пайда болады.
3. Көмірсулар кешеніне мембраналар қандайзаттармен енеді? Барлық эукариоттықжасушалардың ядросы бар ма?