Эритроциттер (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктердам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады.Эритропоэз
жамбас сүйектерінің, бас сүйектерінің, қабырғаларының және омыртқаның қызыл сүйек миында, ал балаларда — қол мен аяқтың ұзын сүйектерінің соңында сүйек миында жүреді. Эритроциттің өмір сүру ұзақтығы — 3-4 ай, бұзылуы (гемолиз) бауырда және көкбауырда жүреді.
Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан жасушаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан.
Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар:
дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер;
дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер;
моноциттер.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер еді.
Қан қызметтерi: тасымалдау; қоректiк; сыртқа шығару; реттеу; тұрақтылықты сақтау; қорғаныш. Қанның құрамбөлiктерiне-қызыл қан түйiршiктерi (эритроциттер), лейкоциттер, қан тақташалары (құстарда, төменгi сатыдағы омыртқалыларда тромбоциттер), қан плазмасы жатады
Қан құрамбөлiктерi белгiлi сандық ара қатынаста болатындықтан (шыны түтiкте тұндырып, бiртектi емес заттарды ажырату әдiсiмен анықтайды)-қан формуласы, гемограмма, лейкоциттердiң процентпен көрсетiлген ара қатысын - лейкоциттiк формула деп атайды
Қан құрамбөлiктерi қоюлығын санау микроскопта арнайы есеп камерасы (Горяев) көмегiмен жүргiзiледi. Қазiргi кезде цитометр, автоматты талдағыш бейнелеудi пайдаланып, өте кең таралып келе жатқан автоматтық есеп әдiсiмен алады. Қанда эритроциттер көлемi, формасы өзгерсе, оның бұзыла бастағаны - анизоцитоз
Лейкоциттер санының көбеюi - лейкоцитоз, азаюы-лейкопения.
Безді эпителий. Бездер түрлері және секреция типтері.
Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады.Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.
Бездер ағзада секрет бөлу қызетіы атқарады Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді
Экзокринді бездер секрет түзүші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады.Мысалы бауыр, тері, сілекей және май бездері, бауыр т.б. Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |