1. Пневмония дегеніміз: а өкпе тінінің қабынуы в плевраның қабынуы


Жаңа туған баланың дене қызуын өлшеу



бет2/9
Дата27.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#103584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 тақырып

Жаңа туған баланың дене қызуын өлшеу.
Әзірле:

  • медициналық термометр;

  • мақта;

  • вазелин;

  • температура парағы;

  • қалам;

  • дезерітінді.

Баланың дене қызуын 2 рет өлшейді: таңертең 5с 30мин және кешкісін 18 сағ., қолтық және шап қыртыстарында,ал бұл жерлерде баздану пайда болғанда тік ішекте.


- анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  • қолыңды жуып кептір.

  • баланы тыныштандыр.

  • баланы ыңғайлы етіп отырғыз немесе жатқыз.

- термометрдің бүтіндігін тексер. Термометрді мақтамен сүрт.

  • термометрді қолтыққа немесе шапқа қойып, қолын немесе санын басып, 5 – 10 мин ұстап тұр.

  • тік ішекте өлшегенде – баланы қырынан жатқыз, термометрді вазелинмен майлап, еппен тік ішекке 2 – 3 см тереңдікке енгізіп, құйрығын қысып, 2 – 3 мин ұста.

  • дене қызуын анықтап, температура парағына жаз.

  • дене қызуын өлшегеннен кейін термометрді жылы сумен жуып, залалсыздандыр.


Мұрынға тамшы тамызу.
Мақсаты:
- емдік әсер алу;
Әзірле:
- залалсыздандырылған тамызғышты;
- мақта шариктерін;
- дәрі құйылған флаконды (протаргол, галазолин, нафтизин) ерітінділері;
- электрсорғыш немесе резеңке баллон;
- лоток;
- маска, қолғап.

    1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

    2. масканы ки, қолыңды жуып кептір, қолғап ки.

    3. ересек баланы отырғызып, ерте жастағы баланы жөргектеу үстеліне жатқыз.

    4. мұрын қуысындағы кілегейді электр сорғышпен немесе резеңке баллонмен тазарт. Егер қабыршақтар болса өсімдік майына батырылған таяқшамен тазарт.

    5. тұтқыр бөлініс болса жібіту үшін 1:5000 фурациллин ерітіндісі немесе 2% натрий бикарбонат ерітіндісін қолдан.

    6. баланың басын тамызатын жағына қарай бұр.

    7. тамызғышқа дәрі жинап ал.

    8. сол қолдың 4 саусағын баланың маңдайына қойып, үлкен саусақпен мұрынның ұшын сәл көтеріп.

    9. дәріні мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабығына еппен тамыз.

    10. 1 – 2 мин кейін жаңағы ережелерді сақтап ,дәріні мұрынның екінші жағына тамыз.

11.масканы, қолғабыңды шеш, қолыңды жуып кептір.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет