1. Пневмония дегеніміз: а өкпе тінінің қабынуы в плевраның қабынуы



бет5/9
Дата27.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#103584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 тақырып

Баланың пульсын есептеу.
Мақсаты: баланың жүрек – қантамыр жүйесінің жағдайын бағалау.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. қолыңды жуып кептір.

  3. баланы тыныштандыр.

  4. баланы ыңғайлы етіп отырғыз немесе жатқыз.

  5. оң қолыңмен баланың қолын білек алақан буынының сырт жағынан еркін ұста.

  6. 2,3,4,бармақтың ұштарымен a. radiaIis тамырын тап.

  7. оны сәл ғана сүйекке қыс.

  8. пульстің 1 минуттағы жиілігін, ырғағын, толықтығын, күшін анықта.

  9. баланың тамыр соғысының бала жасына сәйкестігін анықта (тамыр соғысының жиілеуі – тахикардия, сирек соғуы- брадикардия )




Бала жасы

1 минуттағы пульс
( пульс
екпіні жиілігі)

Бала жасы

1 минуттағы пульс
(пульс екпіні
жиілігі)

Жетіліп туған нәресте

120-140

6 жас

90-95

0-6 ай

130-135

7 жас

85-90

6-12 ай

120-125

8 жас

80-85

2 жас

110-115

9 жас

80-85

3жас

105-110

10-12 жас

75-85

4 жас

100-105

13 жас және одан жоғары жастарда

70-80

5 жас

100







Ескерту: Ерте жастағы балалардың пульсі ұйқы және самай артерияларынан анықталады.




Баланың тыныс жиілігін есептеу.
Мақсаты: баланың тыныс алу жүйесінің жағдайын бағалау.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. қолыңды жуып кептір.

  3. баланы тыныштандыр.

  4. баланы ыңғайлы етіп отырғыз немесе жатқыз.

  5. баланың қарама – қарсы отыр.

  6. пульс аймағынан баланың қолын ұста.

  7. баланың қолын өзіңнің қолыңмен бірге кеудесіне қой.

  8. осылайша 1 минуттағы тыныс жиілігін есепте.

  9. қалыпты жағдайдағы жас ерекшелігімен салыстыр (тынысының жиілеуі – тахипноэ, сиреуі- брадипноэ, ентігу - диспноэ).

Баланың жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі

Жаңа туған бала

40-60

0-6 ай

35-40

6-12 ай

30-35

1-3 жас

28-32

4-6 жас

25-30

7-11 жас

20-22

12-16 жас

18-20



Қан қысымын анықтау іс әрекеттері
Мақсаты: баланың жүрек – қантамыр жүйесінің жағдайын бағалау.
Әзірле:

  • тонометр;

  • фонендоскоп.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. қолыңды жуып кептір.

  3. баланы тыныштандыр.

  4. баланы ыңғайлы жағдайда отырғыз немесе жатқыз.

  5. баланың қолын жоғары қаратып аш.

  6. баланың иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары, арасына бір саусақ сиятындай етіп манжета байла.

  7. монометрді манжетпен қос.

  8. шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексер.

  9. грушаның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жібер және оның үстіне 30 - 40 мм.с.б. ауаны қос.

  10. манометрдің стрелкасы ’’0’’-ден жоғары көтеріледі, ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді.

  11. грушаның тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығар.

  12. фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстыр-бұл қөрсеткіш -систоликалық жоғары қысым болып саналады.

  13. ауаны онан әрі ақырын шығар, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кездегі көрсеткіш диастоликалық - төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура парағына жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет