1. Пневмония дегеніміз: а өкпе тінінің қабынуы в плевраның қабынуы


Мұрыннан және тамақтан жұғынды алу



бет6/9
Дата27.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#103584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мұрыннан және тамақтан жұғынды алу.
Мақсаты:
- бактериологиялық зерттеуге материал алу;
Әзірле:
- залалсыздандырылған мақта тампоны бар 2 пробирка;
-пробиркаға арналған штатив;
- залалсыздандырылған қалақша;
-жолдама;
- лоток;
- стеклограф;
- маска, қолғап.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. лабораторияға жолдаманы жазып қой.

  3. масканы ки, қолыңды жуып кептір, қолғап ки.

  4. стеклографпен пробирканы «М», «Т» деп белгілеп қой.

  5. баланы көмекшінің алдына жарыққа қаратып отырғыз:көмекші өзінің екі тізесімен баланың аяқтарын қысып, сол қолымен басын, оң қолымен екі қолын ұстасын.

  6. мақта тампонын «М» деген пробиркадан алып, оң қолыңа ұста.

  7. сол қолыңмен баланың мұрнын жоғары көтер.

  8. жайлап мақта тампонын мұрын қабырғасына тигізіп екі мұрнынан жұғынды ал.

  9. алынған материалды мақта тампонымен пробирканың қабырғасына тигізбей сал.

  10. сол қолдың 4 және 5 саусақтарыңмен пробирканы, қалған 3 саусақтарыңмен шпательды қаламша ұста.

  11. баланың тілін шпательмен басып,аузын аш.

  12. «Т» деген пробиркадан залалсыздандырылған тампонмен бадамша бездерінің шырышты қабығынан ұртына, тіліне тигізбей жұғынды алып, пробиркаға сал.

  13. егерде балада дифтерия ауруына күдік болса, жұғындыны сау тканьмен және ауру ткань шекарасынан ал.

  14. қолғабыңды, масканы шеш, дезерітіндіге таста.

  15. қолыңды жуып кептір.

  16. тампон салынған пробирканы бактериологиялық лабораторияға мұздатқышта сақтап 3 сағаттың ішінде жеткіз.



Есіңе сақта! Жұғындыны аш қарынға, дәрі ішпестен, аузын шаймастан бұрын алу керек
Антибиотиктерді еріту
Әзірле: Флакондағы антибиотиктер, 0,5٪ новокайн ерітіндісін, спирт 96º, мақта шариктерін, шприцті, инелерді.
Антибиотиктерді 0,25-0,5٪ новокайн ерітіндісімен ерітіледі. Антибиотиктерді ерітудің 2 әдісі бар.
1-әдіс: 1:1 мл еріткіште 100 000 Б антибиотик алынады.
Мысалы: шыныда 1000 000 Б болса оған 10 мл еріткіш құяды. 500 000 Б- 5 мл.
2- әдіс: 2: 1- 1мл еріткіште 200 000 Б антибиотик алады.
Мысалы: шыныда 1000 000 Б болса оған 5 мл еріткіш құямыз. 500 000 Б- 2,5 мл.
1.Шынының қоғаныш дискісін алып таста.
2.Резинке қақпағын спиртпен сүрт.
3.Шприцке керекті мөлшерде новакайн сорып ал.
4.Резинке қақпағын инесі бар шприцпен тесіп, еріткішті құй.
5.Флаконды шайқап, әбден еріт.
6.Керекті мөлшерде ерітілген антибиотиктерді сорғызып ал.

Мысалы: А/б 1:1 ерітілген болса :


500 000 Б -5 мл
250 000 Б -2,5 мл
80 000 Б – 0,8 мл
Ал, 2:1 ерітіндісі болса .
500 000 Б – 2,5 мл
250 000 Б- 1,25 мл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет